«Бір жәдігердің құпиясы»

 

«Бір жәдігердің құпиясы»

Зебикеден қалған бір ғасырлық келі мен келсап

Қазақ халқы ерте заманнан бері өмірдің көшпелісінтаңдаған халық екені рас. Тарих қабырғаларына көзжүгіртіп, мың толғанып қарасақ я болмаса салт-дәстүрдіңқыр-сырына мән берсек дәстүріміз бен өжеттілігіміз басқакөршілес елдерге қарағанда ерекшеленіп, көздің жауыналып тұрады. Келі- қазақ дастарханының шырайынкелтіретін ақталған тары, қуырылған бидай, жент: тағамдарды әзірлеуге арналған тұрмыстық бұйым.  Біздіңэрамыздан бұрын пайда болған бұл бұйымның тарихы сонауНеолит заманынынан негізін қалаған деген деректеркездеседі. Осы шаққа дейін Ақтөбе, Алматы, ОңтүстікҚазақстанда табылған «келі мен келсап»- экспонаты осы деректің айқын дәлелі. Жыл сайын күн мен түн теңелгеншақта тойланатын мерекеміз- Наурыздың тарихы келі мен келсап бұйымымен тікелей байланысты. Көшпелілікхалқымызды жылқының жүйрігін өсіруді, жердіңқұнарлысын таңдап егін егуді үйретті ,- мұныменкөшпеліліктен тәлім-тәрбие алу өз мәресіне жете қойғанжоқ еді. Халқымыз алуан түрлі астық дақылын да егіпөсірген. Ең танымал дәнді- дақылдардың бірі бәрімізгетаныс- бидай, арпа. Сонымен қатар ата- бабамыз әсіресе, тары дақылын ерекше әспеттеп пайдаланған.

Бір ғасырлық тарихы бар келі мен келсап атадан- балаға қалып отырған әулетіміздің бұйымы, мұрасы. Келімен келсаптың жалпы ұзындығы жетпіс бес сантиметрды, диаметрі он бес сантиметрді  құрайды. Туысқан шебер, ұстаатам Нұрмолданов Нұрбай деген кісінің қолынан шыққанбұл бұйымды өз қолынан Зебике есімді туысқан апамныңқолына тарту еткен. Уақыт өте демекші Зебике әжем келімен келсапты мұра ретінде нағашы әжем Несіпбала мен Бидайбек атамның қолына табыс, тарту еткен. Бүгінгі күнінағашы апам- Өрім аталып кеткен бұйымды ұстап, мұраныпайдасына жаратуда.  Талай дәм датып, әңгіме- дүкенқұрылатын дастарханнын сәні болып тұратын жентті апамәрдайым дайындайды. Нақ осы шақтағы уақытты шамалайкелсем атадан-балаға бұл жәдігер үш рет берілген екен.

Сонау тас дәуірі кезеңінен-ақ тарының денсаулыққапайдасын байқаған ата-бабамыз келі мен келсаптын пайдаболуына себепкер жандар болып табылады. Қазақ- жоңғарарасында болған Орбұлақ шайқасы уақытында Шашқаласынан көмекке шыққан Жолбарыс батырдыңжасауылдары жол бойы шөлін тарыдан жасалған сусынменбасқан екен. Қазақ елінің сол соғыста жеңіске жетуіне әбденбір септігін тигізген тарының құдіреті мен қастерлілігі мол.

Көксу ауданы, Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп- гимназиясының 10 «Ә» сынып оқушысыҚуатқызы Зере.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *