Білім саласындағы жаңару- заман талабы

Утегенова  Венера

Білім беру жүйесі- сабақтастығы  бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей, әр алуан бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,    сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны болып табылады. Білім беру жүйесі қоғамның әлуметтік – экономикалық дамуында жетекші роль атқарады және оны әрі қарай айқындай түседі.  Орыс педагогі К.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп ескі бір дарынды сабақтардан  гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында пайдалануы       сабақтың мәні де, тартымдылығын да келтіреді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай  «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім беру қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне еніп,екпінмен таралуда.    Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті де білімді, зерделі маман дайындау. Мектеп-шәкірт тәрбиелейтін орта, оның жүрегі-мұғалім десек, ізденімпаз  мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп өткізе отырып, шәкірт жүрегіне жол таба білуді болып табылады.Ұстаз атана білу, оны қадірлеп-қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы.     Мұғалім – ол өз пәнін, кәсібін шексіз қадірлейтін барлық шәкіртті, мектебін шексіз сүйетін адам, сондықтан өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға екендігі даусыз. Білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізумен байланысты бүгінгі заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесін ең жоғары талаптарғасай дамыту міндеті тұр.Біріншіден ,оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер   мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде  Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып ,барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.Екіншіден,педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын ,мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет»- делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына 2010 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты » атты жолдауында. Шын мәнінде , қазіргі қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды ,жаңа формациядағы ұстаздар дайындау арқылы еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейіне жеткізуді , нарық экономикасына бейімделген ,бәсекеге қабілетті білімді де, білікті мамандар дайындауды негізгі стратегиялық межеге жатқызады. Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық, технологиялық әдістерді қолдануды игеру, оқытудың жаңа модельдерін іздестіру және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін күн тәртібіне ендірді. екендігі даусыз.   Қазіргі талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін арттыруды, ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Осы мақсатта республикамызда бұрын – соңды болмаған мектеп мұғалімдері біліктілігін арттырудың 1 ші деңгейі бойынша 3айлық курс іске асырылды.

Бұл бағдарлама нендей мақсаттарды көздейді?. Біз неге дәстүрлі оқыту үрдісінен  бас тартуға тиіспіз? . Бағдарламаның мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан – жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Заман  өзгеріп, жаңа  бағытқа бет  бұрдық. Өз арамыздан  қаншама  ғалым, профессорлар шығып  жатыр. Оқу  технология авторлары  қаншама? Оқуға, білімге  деген  қажеттілік  күннен  күнге артуда, алайда  оқытудың қай  түрін алсақ та, біздер  дәстүрлі оқытудан аса алмай  жүр  екенбіз, бізге жетіспейтіні – бұл  оқытуда білімді ала  отырып,  сыни ойлау  және  еркіндік, яғни бала  ойының  еркін  дамуы,  баланың айтайын  деген ойын шектемеу, «сенікі  дұрыс емес» деп  баспау  екен. Осыған  байланысты Қазақстанға биыл (2012) Кембридж  университеті  ғалымдарының  оқыту  тәсілі, яғни  жеті  модуль идеяларынан  тұратын Білім  берумен  білім алудағы  жаңа  бағдарлама  енгізілді. Бұл  бағдарламаның  негізгі  мақсаты – қазақстандық мұғалімдерге  педагогикалық  тәжірибесін  жетілдірумен  бағалауға  көмектесу  яғни  оқушыға  дайын  білім бермей , оны  дамыта  оқытып, -зерттеушілік  әрекетінің  ұйымдастырылуын, игерген  білімін  іс – әрекетте  пайдалана  алуын  көздейді, ал негізгі  мазмұны  —  жеті  модуль. Қазіргі таңда барлық  облыс орталықтарында  Назарбаев  зияткерлік мектептері  мен Педагогикалық шеберлік орталықтары ашылып,  жұмыс істеуде. Ос бағытта жұмыс  істеуге барлық деңгейдегі  мұғалімдердің біліктілігін арттыратын  мекемелер  жұмылдырылған. Аз мерзімде  іске асырылған  осыншалықты қыруар  жұмыстарды «Егеменді елдің, келер  ұрпақтың  болашағы, келешегі білімде  жатыр, ол үшін  білімді, білікті  ұстаздар керек»  деген идеяның  нәтижесі  деуге  болады.Олай болса жаңа бағдарламаға қолдау көрсетіп, жаңалықты үдеріске енгізу мұғалім еншісіндегі ең ауыр жүк екендігін ұмытпауға тиіспіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *