Білекті-бірді жығар, білімді-мыңды жығар

Байсунова Алия Пернебековна

Қатыстырылған сыныптар: 8 «А»; 9 «А»

 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Осы сөздерімнің дәлелі ретінде «Тіл-ұлттың басты негізі» атты видеоролигімізді көрсетуге рұқсат етіңіздер

 

 

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, — демекші, «Білекті-бірді жығар, білімді-мыңды жығар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

 

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

 

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

 

Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.

Бірнеше оқырман тіл туралы жазылған қанатты сөздерді оқи отырып, бір-біріне сұрақтар қою арқылы пікір алысады.

1-бала: — Мен саған “осы тіл не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр.

2-бала: — Досым –ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай “Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?

 

1-бала. — Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

 

3-бала: — Ой, айтқышбегім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

 

4-бала: — Балалар, ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған  өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

 

5-бала: — Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы  мына өлеңін оқып берейін:

 

Ана тілім – бала шағым өркенім,

 

Ана тілім – болашағым, ертеңім,

 

Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

 

Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.

 

6-бала: — Керемет екен. Ал  Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі  естеріңде ме?

 

Туған тілім —  тірлігімнің айғағы,

 

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

 

Өссе тілім – мен де бірге өсемін,

 

Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.

 

7-бала: — Ақын апаларымыз да тіл туралы тамаша өлеңдер шығарған.

 

Тұрсынхан Әбдірахманова деген әрі ғалым, әрі әнші, әрі ақын апамыз былай депті:

 

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,

 

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

 

Тілім барда ғана мынау ғаламның

 

Кілтін табар саналысы сезінем.

 

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

 

Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!

8-бала: — Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін  сыйламайтын, білгісі  келмейтіндер де  кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?

 

9-бала: — Әрине, адамның  бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз  кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:

 

Ана тілін білмеген –

 

Ақылы жоқ желік бас.

 

Ана тілін сүймеген –

 

Халқын сүйіп жарытпас.

 

10-бала: — Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:

 

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

 

11-бала: — Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.

 

12-бала: — Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған  жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал  1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.

 

13-бала: — Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер  мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.

  

Жүргізуші: Ал құрметті білім, өнер сүйер қауым сайысымызды бастамас бұрын, оқушылардың білімі мен өнерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болайық:

  1. 11 «А» сыныбының оқу озаты жәнеде қазақ тілі пәнінің майталманы ____________________________ .
  2. 11 «А» сыныбының үздік оқушысы, өз ана тілімен қатар қазақ тілінде жетік меңгерген ______________________________
  3. 10 «А» сыныбының оқү озаты, мектептің алғыр оқушысы Маматова Айгерім таныс болыңыздар.

Енді осы сайысқа қатысушы топтармен таныссақ. Әр топ басшысы өздерінің атауын айтып, оқушыларды таныстырады

 

Жүргізуші: Біздің сайысымыз 6 айналымнан  тұрады.

  1. «Бәйге»
  2. «Полиглот»
  3. «Ана тілімізді ардақтайық»
  4. «Салт-дәстүрді білесің бе?»
  5. «Фильмді» тап.
  6. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле»

 

Жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
— деп сайысымыздың 1 — бөлімін бастаймыз.                                                                                                 Ал, дайын болсаңдар, бәйге айналымын  бастайық! Екі топқа сұрақтар беріледі. Сұрақтар оңай, сондықтан неғұрлым тез, әрі дұрыс жауап беруге тырысуларың керек.                                    Бәйге сұрақтары:

1-топқа Атамекен:

  1. Өнер алды не? (қызыл тіл)
  2. Ең бірінші бақытым … (халқым)
  3. Үш биді ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
  4. Тілдің ең негізгі қызметі? (сөйлесу, қарым-қатынас жасау үшін)
  5. «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? (сын есім)
  6. Ашу дұшпан — … (ақыл дос)
  7. Қазақта топ аттылар жарысы қалай аталады? (бәйге)
  8. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы? (құран)

2-топқа Ана тілі:

  1. Сөз анасы — … (құлақ)
  2. Құрғақ сөзінің антонимі (ылғал)
  3. Бір топ аттылар тартыспағы қалай аталады? (көкпар)
  4. Мұсылмандардың қасиетті үйі? (мешіт)
  5. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл)
  6. Абайдың туған жылы (1845)
  7. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш)
  8. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілген жыл (1989)

 

Жүргізуші: Өте жақсы! Сайысымызды жалғастырсақ. Келесі «Полиглот» айналымында мен әрбір топқа жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуін тауып, шешуін орыс және ағылшын тілдеріне аударулары қажет. Сөздерді үш тілде атау қажет. Сөздерді үш тілде бірдей атай алмаса, жауап есептелмейді. Келесі топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі, жауабын дұрыс айтса ұпай осы топқа беріледі.

1.Көз қорқақ, не батыр? (қол – рука – hand)

  1. Аяғы жоқ, қолы жоқ.

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді (қалам – ручка – pen)

  1. От басында құмған, екі көзін жұмған. (мысық – кот – cat)
  2. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз – глаза – eye)
  3. Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (сүт – молоко – milk)

  1. Асқар тауда қара орман (шаш – волосы – hair)
  2. Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен (су – вода – water)

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама (кітап – книга – book)

 

Жүргізуші: Келесі 3 айналым «Ана тілімізді ардақтайық» деп аталады.  Әр топқа қазақ тілінде сөз оқылады, сол сөзді тақтаға қазақ тілінің емлесі бойынша дұрыс жазуың қажет. Дұрыс жазылмасы ұпай есептелмейді.

 

Атамекен тобына:

  1. мүсінші
  2. Боркемік.
  3. Бетбұрыс

 

 

Ана-тілі  тобына:

  1. өнеркәсіп
  2. Қағілез
  3. қауесет

 

Жүргізуші:

Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.

Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,

Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.

Тіл деген қасиетті ұғым екен,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан.-

деп, сахнаға 7«Б» сынып әншісі  Исмаева Елизаветаны шақырамыз, қол соғып құрметтейік ағайын.

 

 

 

Жүргізуші: Ал енді «Салт-дәстүрді білесің бе?» айналымына кезек берейік. Экраннан суреттер мен видеороликтер көрсетіледі, осы бойынша бұл қандай салт-дәстүр екенін анықтап айтасыздар.

Жүргізуші: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.

 

Бала мен әйел кіреді. Әйел баланы жұлқылап болмайды.

Әйел: -Ата,қараңызшы мынаған. Мені тындамайды.
Немере: -Ата , мен өсіп қалдым. Сіздерге болашақта тірек болу үшін маған мамандыққа оқып алу керек. Оған қалай қарайсыз?
Атасы: — Құлыным, сені ешқайда жібергім келмейді, бірақ жолды кесуге болмайды. Жортқанда жолын болсын,жолдасын қыдыр болсын! Жолын болсын деп тілесен үлкен кісінің батасын ала ғой.

Бата:
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Көп елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.

Өзіне өзін кәміл бол!
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол. Ауминь!
(кетеді)

 

 

Жүргізуші:         Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

 

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

 

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

 

Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.

-деп, келесі айналымға кезек берейік. Фильмді тап. Экраннан көрсетілген фильмнің үзінділерінен фильмнің немесе мультфильмнің атын айтуларың қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Гректің ұлы ақыны Демосфеннің: «Құр сөздің ғұмыры қысқа» дегеніндей, тілімізді барынша байытып, көркем сөйлеуге тырысуымыз керек, ол үшін мақал – мәтелдерді өмірде жиі қолданған жөн деп соңғы айналымға кезек берейік.

Жүргізуші: «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле». Мен әр топқа 4 әзіл сұрақтан қоямын. Осы сұрақтарға сендер мақалмен жауап берулерің керек.

1-Атамекен:

  1. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
  2. Қар жана ма? (Қалауың тапсаң қар жанар)
  3. Түкіріктен көл құрала ма? (Көп түкірсе – көл)
  4. Кімнің құлағы елу? (Ел құлағы елу)

 

 

2-Ана тілі:

  1. Ер неше рет өледі? (Ер бір рет өледі)
  2. Ердің қанаты бар ма? (Ер қанаты – ат)
  3. Сөз көмірге, алтынға айнала ма? (Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын)
  4. Адамның қай дене мүшесі батыр, қай дене мүшесі қорқақ? (Көз – қорқақ, қол – батыр).

 

 Жүргізуші: Ал, балалар «Білекті-бірді жығар, білімді-мыңды жығар» атты сайысымызды аяқтаймыз, көп рахмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние. Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!  Әбдеш Ерұланнның әніне құлақ салып тыңдайық.

Жүргізуші: Өте жақсы! Сайыскерлеріміз сайысқа жақсы дайындалып келіпті. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *