“Буллинг” қалай күресеміз?

Буллинг – бұл қорлау, бір адамға екінші немесе бір топ адамдар тарапынан агрессивті түрде қысым көрсету. Буллинг (bullying) сөзі скандинавия және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде қудалау, кемсіту, моббинг, қорлау деген мағынаны білдіреді. Қатыгездік — халықаралық ұйымдар ресми түрде мойындаған әлемдік қауымдастықтың елеулі проблемасы болып табылады.

  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына сәйкес, мектептегі қорқыту – балалар мен жасөспірімдер арасындағы агрессия мен қатыгездіктің ең көп тараған көрінісі, олардың білім алу құқығына нұқсан келтіреді. Қорқыту немесе қудалау 70-ші жылдардан бері белсенді түрде зерттеліп келе жатқан әлеуметтік құбылыс. Қатыгездік кез келген ұжымда, балаларда да, ересектерде де болатын қарапайым қақтығыстардан ажырата білу маңызды.Оның бірнеше негізгі белгілері бар. Қасақана агрессивті мінез-құлық; әлсіз құрбан, жүйелілік, негативтілік – нақты бір адамға, жәбірленушіге бағытталған.

 Зерттеулер көрсеткендей, буллингтің себептері жетерлік: отбасындағы кикілжіңдер, екі жақты тәрбиенің болмауы, оқудағы проблемалар; жаман әдеттер (темекі, алкоголь), көшбасшылық үшін күрес; өзін-өзі төмендете бағалауы. Физикалық ақаулар немесе психикалық деңгейдегі проблемалар және т.б. Ағылшын ғалымдар Р.Торнберг пен Э.Кнудсен өз зерттеулерінде: «Мектеп атрибутын» қатыгездіктің негізгі көзі деп санайды. Яғни, мектептегі атрибуциялардың екі кіші категориясы бар: «мектептегі зерігу» мен«заңсыз әрекеттердің  алдын алу». Мектептегі зерігу, дәл осы бұзақылыққа әкеледі екен. Сонымен қатар жасөспірімдер қатыгездігінің негізгі формалары мен түрлері бар. 

  Физикалық буллинг қудалаудың ең айқын түрі. Оның басты ерекшелігі – жәбірленушіні қорлау, бағындыру, бақылау үшін дене күшін қолдану. Физикалық қорлаудың мысалдарына соғу, тепкілеу, ұру, итеріп жіберу жатады.

  Сондай-ақ, балалар тек физикалық әсер етумен ғана шектелмейді, не болып жатқаны бейнеге түсіріліп, содан кейін ғаламторға жария етеді.

Психологиялық буллингте агрессор жәбірленушіні тікелей физикалық күшсіз қудалайды. Оның мақсаты – адамды эмоционалды тепе-теңдіктен айыру. Ең күрделі әдістер қолданылады: ауызша – қорлайтын өсек-аяң, түкіру, қорлайтын жазулар, ұятсыз қимылдар мен әрекеттер; бопсалау – агрессорлар азық-түлікті, ақшаны, жеке заттарын тартып алуы, оларды кез келген әрекетке (мысалы, ұрлау) мәжбүрлеуі мүмкін.

  Әлеуметтік буллингтің мақсаты – жәбірленушіні қоғамнан оқшаулау. Статистикаға сәйкес, бойкоттар балалар үшін ең қиын сынаққа айналады, ал тым ұзақ әлеуметтік оқшаулану көбінесе өзін-өзі өлтіру туралы ойларға әкеледі.

  Кибербуллинг жаңа деңгейге көтерілген қатыгездіктің жаңа түрі. Мұндай қудалау мессенджерлердегі, электрондық поштадағы, әлеуметтік желілердегі қорлау хабарламаларында көрсетілуі мүмкін. Шантаж жасау бұл қорлаумен жалғасқан фотосуреттер немесе бейнелер түрінде байқалады.

  Буллинг салдары өте ауыр, әр адамда әртүрлі белгілермен көрініс табады. Оған мазасыздық пен депрессияның жоғарылауы; автоагрессия (обсессивті ойлар, өзін-өзі қорлау, өзіне физикалық зиян келтіру); өз-өзіне қол жұмсау;психикалық бұзылулар; әртүрлі тәуелділік түрлері (нашақорлық, алкоголизм); әлеуметтік бейімделудегі қиындықтар мысал бола алады.

  Арнайы зерттеулер көрсеткіштеріне сәйкес түрлі елдерде буллингтен балалардың 19-30 пайызызардап шегеді. Қазақстандағы жағдай да мәз емес. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы өткізген зерттеулерге сүйенсек, 11-15 жастағы жасөспірімдердің 17%-ы мектепте айына бір немесе бірнеше рет буллинг құрбаны болған. 

  Мәселен, бір кездері «Синий кит», «Розовый сон» сияқты балаларды өлімге итермелеген ойындар қаптады. Осыған орай кибербуллинг мәселесін қатаң қадағалауға алып, заң тұрғысынан оның таралуына шектеу қойылса деген пікірлер сарапшылар мен қоғам белсенділері тарапынан көп айтылып жүр. Бұл жөнінде: «Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық нормаларды қабылдауды тапсырды», — дейді

М. Бектенова.

  Ұлыбританияның жасөспірімдерге арналған сенім телефоны ChildLine 2012/2013 жылдары 270 000-нан астам жасөспірімдер мен жастар буллинг немесе кибербуллинг салдарынан сенім телефонына хабарласқанын хабарлады.

  Осы салада жүрген ғалым А.А.Бочавер, буллинг мектептен тарайтын құбылыс деп айтады.Мәселен, мектеп қабырғасырдағы программалар осы буллинге тікелей қатысты болуы мүмкін. Осы жәйтті ескеру керек.

Әрбір бала жастайынан буллингке ұшырап, психикалық жағынан құлап қалады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін адамзат баласы бірден дабыл қағуы маңызды болып отыр.Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету керек. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *