Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудің педагогикалық тұрғысы

Құбашева Гүлфайруз Серикбайқызы

«Адамға  ең  бірінші  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім – азаматтың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі», — депті  әл – Фараби  бабамыз.  Мұнан  өз  тағдырын  өзін  шешуге  қолы  жеткен  халқымызға  ұлттық  рухани  болмысты  дұрыс  қалыптастыру  аса  қажет  екенін  байқаймыз.

Отаннына  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыру  мәселесі – бүгінгі  күннің  білім  беру  жүйесі  алдында  тұрған  маңызды  міндеттерінің  бірі.

Отан  дегеніміз – халық.  Халық  дегеніміз – адам.  Адамды  сүю – оған  жақсылық  жасау.  Ендеше  отаншылдық – сонау  ерте  заманнан  қалыптасып  келе  жатқан  қасиетті  сезім.  Халықтық  құндылықтарға  сүйене  отырып,  елдікке,  ерлікке,  азаматтыққа  тәрбиелеудегі  өлең  — жырлар,  мақал – мәтелдердің  әсері  ұтымды  болатындығы  туралы  танымал  педагогтарымыз  айтып  та,  жазып  та  жүр.

Патриотизм  мәселесі  қай  халықтың  болмасын  басты  тәрбие  бағдары  болады.  Патриоттық  сезімді  тәрбиелеуде  түрлі  құралдар  пайдаланылады.  Патриоттық  сезімдер  құралдарына:

  1. Ұлттық құндылықтары – жер,  ел,  тіл  жатады.
  2. Ұлттық нышандары  — Ел  таңба,  Ту,  Әнұран.
  3. Ұлттық мәдениеті – сөз,  бейнелеу,  саз,  дене  тәрбие  және  т.б.
  4. Қазақ зиялыларының  өнегелі  іс — әрекеттері  мен  сөздері.

Халқымыздың  отан  сүйгіштік,  патриоттық  туралы,  ұлттық  мұрасының  даму  тарихына  үгілетін  болсақ, ХҮ – ХҮІІІ  ғасырлардағы  Асан  Қайғы  бастаған,  Ақтамберді,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Бұхар,  Махамбет  т.б.  ақын – жыраулардың  поэзияларындағы  тәлімгерлік  ой  пікірлерінен  көреміз.

Жас  ұрпақтың  оның  ішінде  төменгі  сынып  оқушыларының  төл  мәдениетінен  нәр  алуы  ұлттық  фольклорымен  тығыз  байланысты.  Қазақ  халқының  өте  әрідегі  ата – бабаларының  өмір  сүрген  кезінен  (ҮІ  ғасыр,  Түрік  қағанаты)  бастау  алып,  күні  бүгінге  дейін  кәдесіне  жарап  келе  жатқан  рухани  мұраның  бірі – халықтық  педагогика.

Халық  педагогикасының  басты  мәселелерінің  бірі – ұлттық  үрдістер  тұтастығын  сақтай  отырып  азаматтық,  адамгершілік,  патриотизмге  тәрбиелеу  болды.

Қазақ  халқының  тәлімдік  мәні  зор  ой – толғаныстары  бесік  жырымен  батырлық  эпостарда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс —  термелерде,  жұмбақ  — жаңылтпаштар  мен  мақал – мәтелдерде  көптеп  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні – адамгершілік – имандылық,  ақыл – ой,  еңбек,  эстетика,  дене,  патриоттық  тәрбиесіне  байланысты  мәселелерге  келіп  тіреледі.

Қазақ  халқы  бала  тәрбиесімен  арнайы  айналысатын  қоғамдық  орындар  (балалар  бақшасы  т.б.)  ашпаса  да,  өз  ұрпағын  бесікте  жатқан  кезіннен  бастап  — ақ  өлең – жыр  мен  әңгіме,  ертегі,  тақпақ  тәрізді  мәтіндік  ұлағаттармен  санамақ,  жаңылтпаш  сияқты  ойындар  арқылы  тәрбиелеп  отырған.

Отансүйгіштікке  тәрбиелейтін  мақал – мәтелдердің  алатын  орны  өз  алдына  бір  төбе.  Мақал – мәтел  ойды  қысқа  да  ұтымды  жеткізетін,  өмір  тәжірибесін  қолдана  айтатын  сөздер.  Онда  ел,  жер,  халық,  Отан  жайында  айтылған  өнегелі  сөздер  өте  көп.  Мысалы,  «Өз  елім  өрен  төсегім»,  «Ел – жұрты  бардың  жұтамы  жоқ»,  «Туған  жердің  күні  де,  күлі  де  ыстық»,  «Туған  жер – тұғырың,  туған  ел —  қыдырың»,  т.б.  мән  мағынасына  зер  салатын  болсақ,  ешқандай  дәлелдеуді  қажет  етпейтін,  жас  ұрпақтың  отансүйгіштік,  патриоттық  сезімін  жетілдіру  үшін  қажетті  қағидалар,  бұлардың  тәрбиелік  мәнін  түсіндіре  отырып,  бала  тәрбиесінде  кең  пайдаланылды.

Жұмбақ — өскелең  ұрпаққа  білім  берерлік,  тәрбиелік  мәні  бар  құралдардың  бірі.  Мақал  адамның  логикалық  ойын  дамытса,  жұмбақ,  жаңылтпаш  жас  баланың  тілін  жетілдіріп,  табиғат  өмір  жағдайындағы  түсінігі  мен  қиялдау  қабілетін  дамытады.  Жұмбақ  ең  алдымен  жас  бөбектерге  үйретілген.

Шоқан  Уәлиханов  баға  жетпес  құнды  еңбектерінде  ауызекі  шығармашылық  арқылы  халықтың  (өлең,  мақал – мәтелдер,  эпостар  және  т.б.)  патриоттық  тәрбиеге  қойылған  талап  тілектерін,  ой – пікірлерін  көрсете  білген.

Ол  үшін  бізге  отансүйгіштік,  патриоттық,  ұлттық  сана – сезім  қажет.  Бұл  қасиеттер  ұрпақ  бойына  оқумен,  біліммен,  үйренумен,  талаптанумен  бітеді.  Ұлы  қасиеттерді  ұрпақ  бойына  дарытатын  ұстаз,  ата – ана,  тәрбиеші,  қоршаған  ортасы  екені  дау  туғызбайды.  Патриотизмнің  шынайы  үлгісі – ұстаз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *