«Науқастың тамақтануы және тамақтандыру»

 

Серикова Ф.Б —

Маңғыстау облыстық медициналық колледжі

«Мейірбике ісі негіздері» пәні оқытушысы

Тақырыбы: «Науқастың тамақтануы және тамақтандыру»

Тақырыбы: «Науқастың тамақтануы және тамақтандыру»

Сабақтың түрі:Ауруханаға дейінгі практикалық сабақ.                         Сабақтың ұзақтығы:270 минут                                                                           Студент саны:8                                                                                            Сабақтың әдісі: Аралас әдіс

Пән аралық байланыс: 1.Терапиядағы мейірбике ісі.

2.Хирургиядағы мейірбике ісі.

3.Педиятриядағы мейірбике ісі.

Пән ішілік байланыс: «Зарарсыздандыру әдістері»

Сабақтың көрнекілігі: Проектор, адам, слайд, стандарт, фантом, тамақ түрі, ыдыс, қасық, стакан, зонд, вазелин майы, салфетка, зажим, орамал, бір реттік жүйе, флакон, латок, жгут, лейкопластрь, дезерітінді, перчатка, ақ парақтар, жылжымалы стол.

Сабақтың дамыту мақсаты:1.Студенттердің логикалық ойлау қабілетін, сұраққа тез жауап қайтару арқылы терең дамыту.2. Қатаң жаапкершілікті сезіну.3. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.4. Ойларын жинақтап дұрыс жеткізіп, өздігінен жұмысын ұйымдастыруға іс – әрекетті игеруге дағдыландыру.

Сабақты оқыту мақсаты:1. Асептика ережесін ұстану, қолды гигиеналық деңгейде жууды үйрету.                                                                                                                        2. Студенттерді «Халі ауыр науқастарды тамақтандыру» бойынша сабақты түсіндіру, іс – әрекеттерді меңгерту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: 1. Медициналық этика және деонтология сақтауға тәрбиелеу.                           2. Өз жұмысына жауапкершілікті, ұқыпты болуына, науқастарға деген мейрімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Әдебиеттер:И.М.Тарновская, С.А.Мухина, С.Қ.Муратбекова, Терапиядағы мейірбике ісі кітабы.

 

 

 

САБАҚТЫҢ ХРОНОКАРТАСЫ:

1.Ұйымдастыру кезеңі –5 минут

2.Практикалық іс – әрекеттерді түсіндіру — 70 минут

3.Студенттердің өз бетімен жұмысы -100 минут

4. Білімін бақылау — 90 минут

Тәбет ашатын тәрелкелер– 35 минут

Мені таңда– 20 минут

Бұршақтарды ұстап ал– 10 минут

Рольдік ойын – 20 минут

Тест– 5 минут

5. Қорытындылау – 5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың мазмұны

 

 

Әдістемелік нұсқау

 

Көрнекіліктер

1

Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен сәлемдесу, топшаның түгелдігін тексеру, кабинет және студенттердің тазалығына көңіл бөлу. Жаңа сабаққа кірісу, іс – әрекеттерді жазғызу

Тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды дидактикалық материалдарды дайындау

2

Практикалық іс – әрекеттер бойынша сабақ түсіндіру

Тақырыпты қысқаша тақтадан түсіндіру, іс – әрекеттерді практика жүзінде науқасқа және фантомда көрсетіп түсіндіру қысқа бейнетаспа көрсету

Практикалық сабаққа қатысты құрал – саймандар, фантом, зонд, дәке, зажим, вазелин, ертінді, тамақ түрі, клеенка,орамал,

қасық, тарелка, стакан, су, воронка, ж.т.б

 

3

Студенттермен өз бетімен жұмыс

Стандарт бойынша студенттер дайындалады, іс – әрекеттерді өз бетімен жасап қолдарын жатықтырады. Оқытушы тарапынан бақыланып қатерлерін уақытында түзетеді.

 

фантом, зонд, дәке, зажим, вазелин, ертінді, тамақ түрі, клеенка,орамал,

қасық, тарелка, стакан, су, воронка, ж.т.б

 

4

Стденттердің білімін тексеру

«Тәбет ашатын тәрелкелер»

Пайдаланған
құрал- саймандардыру залалсыздандырур

Пятиугольник: Пайдаланған құрал- саймандардыру залалсыздандырурОқытушы суденттерге бүгінгі өткен тақырыпқа қатысты  сұрақ қояды, жауапқа дайын студент қол көтеріп жауап береді, сол бойда бағаланады

«Мені таңда»

Слайдта ойынның тақырыбы көрсетіледі, студент тақырыпты және ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы жауап береді, сол бойда бағаланады

«Бұршақты ұстап ал» Бұршақта тақырыпқа байланысты көп сөздер шашыраңқы түрде беріледі, сол сөздерден көп сөйлем құрастырған студент бағаланады

«Тестік жұмыс»

Әр студентке тест парақтары таратылады, уақыт беріледі, дұрыс жауапты қателерін өздері тақтадан тексеріп бағалайды.

 «Ролдік ойын»

Студенттер рөльге бөлінеді. Рөлдер: науқас,  дәрігер, кіші қызметткер, палаталық мейірбике, науқастың. Ойынның негізгі мақсаты: әрбір студентті өздігінен жұмысты ұйымдастырып білуге, мамандықтың жауапкершілігін сезіндіру, науқастармен, туысқандарымен тіл табысуға кәсіптік этика, деонтологияны сақтауға тәрбиелеу. 

 

1. Тәбет ашатын тәрелкелер

2. Мені таңда

3.Бұршақты ұстап ал

4.Тест жұмысы

5.Рольдік ойын

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұршақ

 

 

 

 

 

 

 

 

Тестік парақтар

 

 

 

 

 

Кушетка, матрац,

жастық, плед, швабра, ветошь, жылжымалы стол

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Сабақты қорытындылау

Оқытушы сабақты қорытындылай келе, топ оқушылардың бүгінгі сабаққа дайындығы жөнінде жалпы баға береді. Сабаққа белсенді қатысып отырған студенттерді қолдап, мадақтайды және дұрыс жауап немесе қатерлерін түзеп толықтырды, бағалайды.

 

Құрал – саймандар: фантом, зонд, дәке, зажим, вазелин, ертінді, тамақ түрі, клеенка,орамал,

қасық, тарелка, стакан, су, воронка ж.т.б дидактикалық материалдар

6

Үйге тапсырма

Клиникалық сабақтарда, өндірістік практикада тақырыпты терең меңгеру, үнемі сабақты қайталап жүру

 

 

 

 

 

 

 

 

Науқасты тамақтандыру жөнінде түсінік

 

Ауруханада жатқан науқастарды және ауыр халдегі әлсіреген науқастарды кейде қасықпен немесе шүмектегі ыдыспен тамақтандырады.

Бұл тамақтандырудың әдісі табиғи жол. Кейбір жағдайларда, Науқастар өздігінен тамақтана алмаса немесе кей себептердің салдарынан табиғи жолмен мүмкін болмаса жасанды тамақтандыру қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ертіндісін, қасқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.

                Іс-әрекет алгоритмі:

 

1.       Науқасқа және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2.       Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

3.       Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.

4.       Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.

5.       Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

6.       Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

7.       Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.

8.       30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз.

9.       Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.

10.    Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

11.    Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

12.    Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастын бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

13.    Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

14.    Құйғыны немесе Жане шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғынын ауызында тамақ қалмағанша.

15.    Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

16.    Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

17.    Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүнгінін  шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанға дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

18.    Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

 

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді:

          t

-38-400 су моншасында тамақты жылытады;

          егерде

қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

          е

герде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;

          сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.

Халі ауыр науқасты мұрын сүнгісі арқылы тамақтандыру

 

Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған, 8-10 +мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ертіндісін, қасқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.

                Іс-әрекет алгоритмі:

 

1.       Науқасқа және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2.       Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

3.       Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.

4.       Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.

5.       Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

6.       Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

7.       Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.

8.       30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз.

9.       Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.

10.    Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

11.    Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

12.    Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастын бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

13.    Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

14.    Құйғыны немесе Жане шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғынын ауызында тамақ қалмағанша.

15.    Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

16.    Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

17.    Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүнгінін  шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанға дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

18.    Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

 

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді:

          t

-38-400 су моншасында тамақты жылытады;

          егерде

қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

          е

герде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;

          сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.

 

 

НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

 

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйгінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі) ыдысты сұйық тамақпен 35-450С дейін жылытылған, қысқышты, жабысқыш пластырьді.

 

Іс-әрекеталгоритмі:

 

1.      Науқасқаемшарабарысынтүсіндіріп, оныңкелісіміналыңыз.

2.      Науқастыалдаболатынтамақтандыруғадайындаңыз.

3.      35-450С дейінжылытылғанжартылайсұйықтамақтыдаярлаңыз.

4.      НауқасқажоғарғыФаулерқалпынберіңіз.

5.      Қолыңыздыгигиеналықдеңгейдетазартыңыз, қолғаптыкиіңіз.

6.      Резеңкетүтіктенкіретінтесіктіжабатынсалфетканыжәнеқысқыштыалыңыз.

7.      Резеңкетүтіккешынықұйғыныжалғастырыңыз.

8.      Құйғынысәлқырынанауқасқақарайеңкейтеотыра, жоғарыкөтеріңіз.

9.      Даярланғантамақты аз порцияменасқазанғақұйғыарқылыенгізіңіз.

10.  Шайдіішкізіпболғансоңқұйғыныжәнерезеңкетүтіктіжуыңыз.

11.  Құйғыныалып, зарарсыздандыруертіндісі бар ыдысқасалыңыз.

12.  Резеңкетүтіктіншетінезалалсыздандырылғансүрткінісалыңыз, қысқышпенқысыңыз.

13.  Гастростомағакүтімдіжүргізіңіз (гастростоманыкүтустандартынқараңыз).

14.  Қолыңыздыжуып, кептіріңіз.

Қоректік клизма арқылы тамақтандыру

Мақсаты:емдік

Пациентті дайындау: тамшы клизмадан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын жасау керек. Қолданылатын ерітінді белгілі температурада болу керек, 40 -42С.болу керек.

Қолдану көрсетілімдері: қоректік заттарды табиғи жолмен, яғни ауыз арқылы немесе парентеральды жолмен енгізу мүмкін болмаған жағдайда.

Дайындаңыз: халат, алжапқыш, қолғап, жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс, сұйықты тамшылап енгізуге арналған бір реттік система, залалсыздандырылған корнцанг, залалсыздандырылған лоток, лейкопластырь, дәрі құйылған флакон, тамшылы система үшін штатив, су, су термометрі, клеенка, пеленка, вазелин майы, қолданылған заттарды салатын ыдыс, резеңке жылытқыш. 

 

Іс — әрекет алгоритмы:1.Пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оған оның келісімін алыңыз.2. Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызға гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз.

3.Дәрісі бар флаконды ыдысқа орналастырыңыз және жылы судың температурасын 40 «С. дейін жылытыңыз.

4.Системаның орамасын ашыңыз, системадағы қысқышты жауып, дәрісі бар флаконға тамшы системаның қабылдағыш инесін енгізіңіз.

5. Резеңке жылытқышпен оралған флаконды түбін жоғары қаратып төңкере ұстап, штативке іліп қойыңыз.

6. Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып , ұшына вазелин майын жағыңыз.

7. Дәрі жіберетін инені қалпақшасымен алып оған жел шығаратын түтікті жалғаңыз, тамшы системаның ауа өткізгішін ашыңыз, тамшы ағатын бөлігіне дәрі толтырыңыз, системадан ауаны шығарыңыз.

8.Пациенттің жамбасын сол қолдың екі саусағымен ашып , тік ішекке системамен жалғанған жел шығаратын түтікті 20-30см. тереңдікке енгіземіз, алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.

9.Енгізілген дәрі препараттың тамшы жиілігін ретке келтіреміз (60-80 тамшы минутына).

10Қысқышын жабыңыз және жел шығаратын алып тастаңыз.

11. Процедурадан соң пациентке арқасымен немесе сол жақ қырымен 30 – 60 минут уақыт тыныш жатуды ұсыныңыз.

12 Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз, системаны жойыныз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Парентеральді жолмен тамақтану

 

 

Мақсаты: Қанға белокты препараттарды, глюкоза ерітіндісін,витаминдерді, минеральді тұздарды т.б заттарды тамшы күйінде парентеральді енгізу жолдары.

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, халатты, қайшыны, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1.      Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

2.      Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

3.      Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).

4.      Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

5.      Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

6.      Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

7.      Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

8.      Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).

9.      Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекітіңіз.

10.  Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілікерітіндімен толтырыңыз.

11.  Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша жәнеинъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігінерітіндімен ақырын толтырыңыз.

12.  Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақтыкигізіңіз.

13.  Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

 

 

Пайдаланған құрал — жабдықтарды зарарсыздандыру

Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздан-дыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

          арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

          2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

          ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

1-ші ыдыста

          пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

          медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

2-ші ыдыста

          медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

          оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

          ыдыстықакпақпенжабыңыз;

          зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

          зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалғанқұралдарды шығарыңыз;

          № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

          медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

          медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында                 0,5 минут бойы жуыңыз;

          қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

          медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

 

БҰРШАҚТАРДЫ ҰСТАП АЛ

 

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады.  Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

 Тақырыбы: Науқастарды палаталық жағдайда тамақтандыру

Мазмұны: топша екі топқа бөлінеді:

1 топ кардиология бөлімшесі

2 топ урология бөлімшесі

Рөлдерде:

Дәрігер

Медбике

Кіші медбике

Науқас

 Тақырыбы:   «ЕПҰ-да емдік  тамақтандыруды ұйымдастыру»                                                                 1.10 диетаға тән:                                                                                                                                                                                  А көмірсуларды шектеу                                                                                                                                                               Ә сұйықтықты,белоктарды шектеу                                                                                                                                                  Б тұзды сұйықтықтарды шектеу                                                                                                                                                        В майды,тұзды.холестеринге бай тағамдарды шектеу                                                                                             2.Асқазан ауруында тағайындалатын диета  №                                                                                                                  А 1                                                                                                                                                                                                   Ә 5                                                                                                                                                                                                   Б 7                                                                                                                                                                                                     В 9                                                                                                                                                                                                     3.Іш қатқанда тағайындалатын диета :                                                                                                                                            А 10                                                                                                                                                                                                  Ә 3                                                                                                                                                                                                     Б 7                                                                                                                                                                                                  В 5                                                                                                                                                                                          4.Жүрек- қан тамырлар жүйесі ауруларында тағайындалатын диета №                                                                                А 1                                                                                                                                                                                                                       Ә 10                                                                                                                                                                                                 Б 5                                                                                                                                                                                                     В 9                                                                                                                                                                                                   5. Тамақ дайындау бөліміне порционді талап құрастырылады:                                                                                              А күніне 4 рет                                                                                                                                                                               Ә  аптасына 1 рет                                                                                                                                                                           Б  күніне 1 рет                                                                                                                                                                              В пациент ауруханаға түскен кезде                                                                                                                                              6. Арнайы диета тағайындалмаған ауруларға берілетін диета №                                                                         А10                                                                                                                                                                                       Ә 11                                                                                                                                                                                        Б13                                                                                                                                                                                           В15                                                                                                                                                                                      7.Сорбит, ксилит және т.б. қант алмастырушылар тағайындалатын диета№                                                                 А 9                                                                                                                                                                                           Ә 7                                                                                                                                                                                                  Б 5                                                                                                                                                                                                   В 2                                                                                                                                                                                              8. № 5 диета тән;                                                                                                                                                                             А тұзды сұйықтықтарды шектеу                                                                                                                                             Ә сұйықтықтарды шектеу                                                                                                                                                         Б  көмірсуларды шектеу                                                                                                                                                              В Қуырылған тағамдарды,жануар майларын бермеу                                                                                                                 9 Бүйрек ауруында тағайындалатын диета №                                                                                                                               А 7                                                                                                                                                                                                    Ә 1                                                                                                                                                                                                     Б 5                                                                                                                                                                                                      В 10                                                                                                                                                                               10. Бауыр ауруында тағайындалатын диета №                                                                                                           А 7                                                                                                                                                                                                 Ә 5                                                                                                                                                                                                       Б 1                                                                                                                                                                                                     В 2

 

 

ЖАУАПТАРЫ:

1.В

2.А

3.Ә

4.Ә

5.А

6.В

7.Ә

8.В

9.А

10.Ә

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *