«Бала-біздің болашағымыз»

Бала-біздің болашағымыз, өзім мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу арқылы балаларға көп ізденістілікті, ыждағаттылықты талап ететін ортаны таңдағаныма еш өкінбеймін. Таңмен ертемен ата-анадан баланы жылы шыраймен қабылдап, жылы шыраймен шығарып тастау- менің күнделікті ісіме айналғандай. Жексенбі, сенбі күндері де тез өтсе деп, тынымсыздана күтемін. Себебі, мен олардың екінші анасындаймын, мені іздеп, күтіп тұратындай. Мен осы мамандықты таңдау арқылы, өз өмірімнен тәжірибе жинақтағандаймын, себебі, өзім де анамын, өзімнің де ұлым осы өзім жұмыс жасап жатқан балабақшадан түлеп ұшты. Балалардың ертегі, тақпақ,ән,би үйренулері арқылы оларды өнерге деген ұмтылыстарын байқайсың,танымдық қабілеттерін ұштастыра түсеміз.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің дегендей» баланың болашағына, тәрбиесіне алдымен ата-ана, екінші қоршаған ортасы және де балабақша жауапты.
Әр бала әртүрлі, олардың әртүрлі мінездері бар, біреу тез ренжиді, біреу тез ашуынан қайтады, енді бірі тіпті әрдайым көңілді. Олардың спортқа деген қабілеттерін және әрдайым олардың белсенділігін, тапқырлығын,біз ең бірінші орынға қоюымыз керек.
«Спорт-адамның досы» осы қағиданы ұстау арқылы балаларға әрдайым спортпен айналысу қажет екенін айтуымыз керек.
Қол моторикасын дамыту арқылы балаларды жылдамдыққа баулимыз. Әр баланың өз қабілетін байқап білеміз. Ата-ана және балабақша тәрбиешісі де баланың болашағына жауапты, әрдайым олардың жеткен жетістіктеріне қуана білуіміз қажет.
Баланың ұшқыр,қиялы орасан зор, олар өздерінің сурет салу қабілеттері арқылы нені армандайды, нені ұнататынын білуге болады.
Сананамақтарды үйретіп , сан ұғымын суретте көрсетілген мында неше жеміс бейнеленген, неше
көкөніс бар түсіндіре аламыз.
Әр бала, жайқалып өсіп келе жатқан терек сияқты, әрдайым оған қалай күтім жасасаң, солай қарау қажет.
Балаларымыздың болашағы тек жақсылыққа толы болсын! Әр бала бақытты өмір сүруге тиіс!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *