А.Байтұрсынов – қазақ тілі әдістемесінің негізін салушы

           Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасап құрастыруы, араб жазуына кіргізген реформасы,қазақ тіл біліміне, қазақ жазуына қосқан еңбегі, тар заманның өзінде ақ қазақ мектебін қалап кеткені, еліміздің педогогикасына қосқан үлкен үлесі екенін көруімізге болады.

Әрбір ұлы тұлғаның тұғырлы бейнесі ол өмір сүрген ортаға, тарихи кезеңге тереңірек көз жібергенде ғанна шинайы аңғарыла бастайды. Ахмет Байтұрсынов – заманына сай туып, дәуірдің жарығы мен қараңғысын бірдей бағдарлап, жамандығынан жерініп, жақсылығынан үйрене білген жан. Ахмет Байтұрсынұлының оның өмірі мен қызметі, рухани мұралары ұрпаққа баға жетпес үлгі.

Қазақ қоғамының рухани әлеміне қатысты тұста еске түсетін бірнеше тұлғалар бар. Ұлт ұстазы атанып, «рухани көсем» деген құрметке ие болған Ахмет Байтұрсынұлының келесі бір еңбектерінің қатарын әдістеме толықтырады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі мен әдебиеттану саласының көптеген мәселелерін көтеріп, оқулықтар жазған. Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасыр басындағы ұлт руханиятындағы жаңғыру кезеңінің ірі тұлғасы. Ұлттың еркін дамуы мен өркендеуіне саяси өзгерістер, ғылым мен білім, оқу- ағарту саласы, қоғамдық-әлеуметтік қызмет, баспа ісі керек екені анық. Қоғам қайраткері, ақын, Алаш көсемдерінің бірі А. Байтұрсынұлы ұлттың өркендеуіне қажет тұтас кешенді қызметтердің негізгі идеяларын жүйелеп қана қоймай, бар ғұмырын теңсіздік, еркіндік жолындағы күреске арнады. «Ел — бүгіншіл, менікі ертең үшін», — деген А. Байтұрсынұлының күрескерлік идеясы бір күндік, бір мезгілдік емес, тұтас ұлттың бар ғұмырын толық қамтитындай. Ахмет Байтұрсынұлының жұрт бостандығы жолындағы күрескер бейнесі өзгеге ұқсамас бөлек бітімімен ерекше. Ақынның ұлт бостандығы үшін күрескер азаматының бейнесі терең ақылымен, биік тұлғасымен, өзгеге үлгі болар парасатымен артық. Рухани бостандық пен азаттық үшін ұлттың өз әліпбиі, дамыған ғылымы, тәуелсіз еркін ойын айғақтайтын баспасы мен әдебиеті, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ана тіліндегі мектебі болуы керек деген қағиданы ұстанған А. Байтұрсынұлы осы салаларда еңбек етті. Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиіне ыңғайлай отырып, жаңаша қазақ жазуының әліппесін жасайды. 1912 жылы ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы 24 әріптен тұратын жаңа әліпбиді «қазақ жазуы» деп атады. Халық арасында «Байтұрсыновтың әліпбиі», «төте жазу» деген атпен танылды. Араб әріптеріне негізделіп жасалған және заман талабын ескере отырып жетілдірілген қазақ жазуы Қазақстан өміріндегі ірі мәдени құбылыс болды. «Әліппе деген асылына адам ақылы жетпейтін нәрсе емес. Әліппеде бірден мәдениет түрінің төбе басына шығарып жіберетін адам білместей айрықша қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиіс». А. Байтұрсыновты ұлт тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы, негізін салушы. Ғалымның қазақ тілін оқыту, оның әдіс-тәсілдерін меңгеру, оқу жүйесінде әдістеменің алатын орны туралы жазған мақалалары , өз тәжірибесі арқылы нақты көрсеткен оқулықтары да мол. А. Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл құрал» еңбектері ұлт ұстазының оқытудың шебері екенін көрсетеді. «Қай әдіс жақсы», «Нұсқаушы», «Баяншы», «Әліппе астары» тәрізді еңбектер қалай оқыту 9 қажеттігін, әдістемелері мен тәсілдерін баяндайды. Ғалым ұсынған әліпби мен оны үйрету әдіс-тәсілдері өз мәнін жоғалтқан жоқ. «Үйрену һәм үйрету басында қиын» деп бастаған ғалым оқытудағы баланы қызықтыру әдістерін де еске алады, оны баланың тауының шағылмауы, көңілінің мұқалмауы, берілетін матерниалдың қызықтылығы мен қажеттілігі ықыласын оятуын еске салады. «…Оқу басында қиын болса, балалар миға(ұйыққа) түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады» дей келіп, оқушының ықыласының болмауы ұстаздың да қызметін ауырлата түсетінін талдайды деген пікірлері бала ерекшеліктерін тұтас педагогикалық қағидаларды қамтиды. «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқұ үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап берумен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру», деген пікірлері бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының оқушы игеруі қажет дағдыларынеске түсіреді. «Әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген тұжырымды баса айтады. Ғалым баланы оқытудың сапалы ісі – іздену дейді. Сонымен бірге тиімді әдістерді таба алуда деген ойды айтады. Ғалымның әдістемелік еңбектерін келесі топтарға жіктеуге болады. 1. Оқулықыпен қатар жазылған, оқытудың әдістемесін көрсететін еңбектер. 2. Қазақша әліпбидің, дыбыстың негізінде сауат ашу әдісі іске асыратын еңбектер. 3. Қазақ тілін, ана тілді оқыту әдістерін баяндайтын еңбектер. 4. Тіл ұстартуды көрнекілік әдіс арқылы баяндайтын еңбектер. 5. Қазақша сауатты сөйлеудің, оқудың, жазудың әдістерін қарастыратын еңбектер. 6. Әдістің түрлерін жіктеп көрсететін еңбектер. А. Байтұрсынов 1912 ж. мектеп балаларына арнап қазақша «Оқу кұралын», осы оқулықты қалай оқытудың әдістемесін көрсететін «Баяншы» атты әдістемелік еңбегін жарыққа шығарды. Оқулықтарға қосымша әдістемелік құрал болып табылатын «Нұсқаушы» атты кітабы да осындай мақсаты көздеген еңбек. Ғалым мүмкіндігінше өзі жазған оқулықтармен бірге, әдістемені қатар жазып, шығарып отыруды мақсат еткен. Оқу құралдары болғанымен, енді сол оқу құралдарын пайдалануды көрсететін әдістемелік еңбектер болмаса, бұл оқу құралдарының тигізер пайдасы шамалы деп есептеген. «Оқу құралы» мен «Баяншы» мектеп оқушыларына қазақша әліппені үйреткен қажетті басылымдар болды.

Байтұрсынов тілге деген, білімге деген, жазуға деген көзқарасының арқасында қазақ тіл біліміне, ағартушылығына, педагогикасына жаңаша үдеріс алып келді. Ақын қазақ жазуының негізін қалаған, алғашқы болып қазақтарға арнап оқулықтар жазған, қазақ емлесін түзген, қазақтардың бейбіт өмір сүруін армандаған өз ғасырының озық тілтанушысы ретінде өшпестей із қалдырған ғалым болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тарих факультеті

Жәнібекова Әсел Әнуарбекқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *