А.БАЙТҰРСЫНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (XX ҒАСЫРДЫҢ 20-30ЖЖ)

А.БАЙТҰРСЫНОВ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (XX ҒАСЫРДЫҢ 20-30ЖЖ)

Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың басында қазақтың ағарту өмірінде, тіл білімінде, қазақ жазуында маңызды орынға ие бола отырып, қазақ оқу-ағарту жүйесін қайта құруға ықпал жасады, қазақ тілін жазба тілге айналдыру жолындағы зерттеулерін оқу-ағартушылық саласына бағыттап, мектеп оқушылары үшін әліпби зерттеулерін жүргізген, оқулықтар дайындаған, білім саласы туралы көптеген мақалалар жазып кеткен. Қысқа ғана саналы ғұмырында артына көптеген құнды еңбектер қалдырған Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ғылымындада, түркология ғылымындада алатын орны ерекше болды. Былтырғы жыл Ахмет атамыздың 150 жылдық мерей тойына арналып, түрлі халықаралық ғылыми конференциялар елімізде және басқа мемлекеттерде аталып өтті. XX ғасырдың басын қазақ әдебиеті тарихында алтын ғасырдың басы деп атауға болады. А.Байтұрсынов қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалаған ұлы тұлға бола білді. А.Байтұрсынов еңбектері зерттеулерге көбірек арналды. Бұл зерттеулер қазақтың қоғамдық өмірін дамытуға көбірек бағытталды. Онда әліпби терминдері, тіл уйрету, тіл уйрету әдістемесі, фольклортану, қазақ тілінің граматикасы мен әдебиеті тақырыптары қамтылған. Ол қазақ граматикасы мен әдебиеті терминдерін алғаш енгізіп қолданған болатын.

А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына нақты мүмкіншіліктер тудырған бірден бір ғалым. «Ана тілі» деген терминді өзі ұсынғанын біз естен шығармағанымыз жөн. А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы» тұңғыш әліппеміз болса, оның бірнеше рет қайта басылуы сол кездегі білім беру жүйесінің керекті кітабына айналғанын дәлелдей түседі.

Ол 1985 жылдардан бастап бала оқытуға кіріседі және қазақ балаларының тілін сындырып, сауатын ашуды бұрынғы ескі сүрлеу, тар соқпақпен жүрудің ендігі жерде XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамына, оның тарих көшіне қол еместігін көреді. Қазақ баласы енді сауатын бөгде тілде емес, яғни орыс, татар, араб тілдерінде емес, ана тілінде ашуы керек деп табады. Қысқасы, қазақ мектептерінің болуы, бүкіл оқу тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүруі қажет дегенді ашып айтып, күн тәртібіне қояды.

А.Байтұрсынов түзген әліпбиді оның алғашқы ұсынылған кезінен бастап қазақ жұртшылығы, әсіресе сол кезеңдегі мұғалімдер қауымы еш талассыз бірден қабылдады, оны іс жүзінде қолдана бастады. 1915 жылдың бір өзінде бұл жазумен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондайқ Ахаң ұсынған «жаңа емле» 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастайды. Бұған оңды ықпал еткен жайттардың бірі – А.Байтұрсынов 1910-жылдары жазу таңбаларын түсіндіретін «Баяншы» атты құрал мен кейінірек «Әліпби астары» атты әдістемелік еңбектерді жарыққа шығаруы және 1914-1915-жылдардан бастап қазақ мектептері үшін «Оқу құралы», «Тілқұрал» атты құралдарды қоса ұсынуы болды.

1924 жылы шілдеде Орынборда қазақ-қырғыз зиялыларының бірінші съезі өтті. Ахмет Байтұрсынов жиналыста өзінің әліпби баяндамасын көпшілік алдында ұсынды. Ол ең алдымен, латын әліпбиіне көшеміз деп асықпау керектігін айтып, мұндай ойға келгендер әлі де жеткілікті зерттеу жүргізбегендігін есептейтінін айтады. Оның орнына ол бұрыннан қолданылып жүрген араб әліпбиінің кейбір кемшіліктерін түзету оңай әрі тиімді болатынын көпшілік қауымға түсіндіреді. Байтұрсынов – жақсы әліпбидің ең маңызды тиімділігі, тілдегі дыбыстарды кездестірумен қатар, үйренуге және қолдануға оңай болатынын, тез жазылатын, әріптердің бөлек көрінетінін және баспа жұмыстарына қолайлы болу керегін атап көрсетті. Ол сөзін, қазір біз дайындаған қазақ әліпбиінен артық ештеңе жоқ, латынға көшсек, бұдан артық болмайды. Сондықтан латынға көшудің не қажеті бар?-деп түйіндеді.Сол жиында ол қазақтардың әліпбиін ауыстыру керек екені туралы айтты.

1928 жылы Қызылордада Байтұрсыновтың әдіске қатысты еңбегі басылған «Тіл жұмсар» атты кітабында көрсетілді. Бұл кітаптың сыртқы мұқабасы «Сөйлеу, оқу және жазу тілін жұмыс тәжірибесімен таныстыратын бірінші кітап» деп аталды. А.Байтұрсыновтың «Маса» атты алғашқы поэзиялық кітабы 1911 жылы Орынборда басылып жарық көрді. Байтұрсыновтың интеллектуалдық өмірінің маңызды тұстары оның «Маса» поэмасында көрсетілді. Жалпы поэма мазмұны, Оны ұлтшылдық, ғылым, өнер, рухани байлықтың маңыздылығы, адамгершілік, заман ағымына ілесу, білім, еңбек пен осы мәселелерге халықтың сана-сезімін арттыру керектігі деп айта аламыз. Қазақ халқының түбегейлі өзгеріске мұқтаж екеніне тоқталған Байтұрсынов бұл өзгерістің батыстықтардан айырмашылығы өз мәдени тамырына негізделгенін қалады. Ол үшін поэзияны да құрал ретінде пайдалану керек болды. Кестелік поэзиясында халықтың оянып, алға ұмтылуын ерекше атап көрсеткен. Надан адамдарды шыбын-шіркейге ұқсатып, халықты бұл ұйқыдан ояту керек деп, ақын зиялы қауымды да парызға шақырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тарих факультеті

Жәнібекова Әсел Әнуарбекқызы

                     

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *