ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БҮГІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БҮГІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Маемырова Мейрамкуль

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Өнер бөлімінің оқытушысы

 

        Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы бүгінгі білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын аға-апалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Бүгінгі жастар ерекше ұрпақ, себебі олар тәуелсіз мемлекетімізде дүниеге келіп, ержетіп, білім алып, еліміздің өткеніне көз жүгіртіп,бүгінгісіне қызмет етіп, болашақта еліміздің көтерілу және гүлденуіне, жетістіктерге жету үшін талмай ұмтылыс жасайтынына сенім мол.Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез — келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, заманауи технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары кез-келген сынақтардан сүрінбей өте алмады. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Статистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар, ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап мемлекетімізге ылайықты тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойында рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойының да, бойының да түзу өсіруіне ел болып ықпал жасау парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры екенін бойларына сіңіру қажет.Бала бақшадан бастап, мектеп, колледж немесе жоғарғы оқу орындарында жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәрбиелік мәні үлкен іс-шаралар ұйымдастырумен қатар өткеніне де көз жүгіртіп, оң-солын тануына ықпал ететін қоғам болуымыз керек. Еліміздегі әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

 

      Қорыта келе айтарым, еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпеу үшін  ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, тәрбиелейік.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *