Ашық сабақ: «Түнгі сәуле» Сәкен Жүнісов

Пәні Әдебиеттік оқу
Мұғалімі: Раушанова Құралай Тогаевна.
Сыныбы: 4 «в»
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов. Түнгі сәуле
Сабақтың мақсаты Білімділік. Сәкен Жүнісов. Түнгі сәуле, атты мәтінімен танысады. Мәтіннің өзекті түйінді ойын ашуға үйренеді, өз бетінше шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланып, пікірін айта алады.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттері дамиды. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу мәдениеттері артады.

Күтілетін нәтиже: Мәтін мазмұнын толық түсінеді, Мәтінді ашады , мазмұнын қара сөзбен әңгімелейді.

Сілтеме Оқулық 4 сынып 209 — 212 беттер. Атамұра
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, Суреттер, Интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, флипчарт. маркер.
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу,оқушылардың сабаққа тайындығын тексеру, түгендеу.

Психологиялық дайындық.:

Болашақтың гүліміз

Жарқын біздің үніміз.

Достық,байлық мекені

Біздің туған еліміз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

 

 

1.Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

2.Автордың бұл сөзді жиі қолданудағы мақсаты не?

3.Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастырып айт?

4. 1 масақтан — 75 дән алынады екен, Осындай 10 масақтан неше дән   алынады? 75 х 10 = 750 дән алынады.

5. Есеп не жайлы ? (дән)

6.Дән ненің тұқымы? (бидай)

7. Бидайдан не аламыз? (ұн, нан)

8.Нан туралы қандай шығармалармен таныстық? (қатқан нан, Егінші мен қасқыр, Қаңбақ пен бидай т.б )

Ой қозғау
ІІІ. Жаңа сабақ Сәкен Жүнісов. Түнгі сәуле.
IV.Оқулықпен жұмыс Автор туралы мәлімет:

— Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау облысының

Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында туған.Қазақ мемлекеттік университетін   тәмамдаған. Еңбек жолын «Пионер» ( қәзіргі Ақжелкен»)

Журналында әдеби қызметкер болып бастады. М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің

Меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарған.

 

Оқулықтағы Сәкен Жүнісов. Түнгі сәуле. мәтінін оқып әңгімелеу және мазмұнын айтуға үйрету.

VI.Дәптермен жұмыс Сөздік жұмыс
VII.Сергіту сәті    Қимыл — қозғалыс жаттығулары.

Күркіреді күн — күн

Терезелер шың — шың

Жауды жаңбыр топ — топ

Шелек — шелек көп — көп!

Жон арқаңды тос — тос,

Күнбағыс, тез өс-өс!

VIII.Шығармашылық жұмыс 1. Ата — анасының қобалжуы.

2.Бауыржанның қорқуы.

3.Балалардың адасқан машинаға көмектесуі.

IХ.Қорытынды Балалар сіздер Бауыржан мен Жеңістің орнында болғанда не істер едіңдер? осыған өз ойларыңды дәптерлеріңе қысқаша жазыңдар.
Х.Үй тапсырмасы Түнгі сәуле мәтінін түсініп оқу, мазмұндау. 209 — 212 беттер.
ХІ.Бағалау Сабақ барысында алған білімдеріңді қорытып ,бағалау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *