Ашық сабақ «Бауырсаққа көмек»

Білім саласы:Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бауырсаққа көмек»

 Мақсаты: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Жабайы аңдар туралы түсінік бере отырып,балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту,тіл мәдениетін жетілдіру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,аңдарға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап, топтастыру, ақпараттандыру,ойын жаттығулары.

Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суретінің топтамасы, үн таспа, дидактикалық материалдар.

Шаттық шеңбер:

Шеңбер болып тұрайық.

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жүрекке жылу сыйлайық

Сәлеметсіздерме, балалар!

Балалар бүгін бізге қонаққа бауырсақ келіпті.

Бауырсақтың көңіл күйі жоқ, сендерден көмек сұрай келіпті.

Бауырсақ атасымен әжесіне барғысы келеді. Бірақ орманнан өтіп үйіне жету керек, бірақ ормандағы аңдардан қорқады екен. Біз бауырсақты үйіне жеткізуге көмектесемізба?

Олай болса балалар бауырсақпен жолға шығайық.

Міне балалар орманғада келіп қалдық. Қараңдаршы алдымызда кім отыр?

Балалар: қоян.

Қоян: бауырсақ мен сені жеймін.

Балалар: қоян бауырсақты жемеңізші, біз сіздің барлық тілегіңізді орындаймыз.

Қоян: олай болса маған менің ең жақсы көретін тамағымды әкеп беріңіздер.

Тәрбиеші: балалар қоян не жақсы көреді?

Балалар: сәбіз

Тәрбиеші: олай болса қоянның себетіне сәбіз жинап берейік.

Қоян: жарайсыңдар балалар, рахмет сендерге.

Тәрбиеші: балалар біздің алдымыздан кім шықьты?

Балалар: аю

Аю: бауырсақ мен сені жимін.

Тәрбиеші: аю сіз бауырсақты жемеңізші, сіздің барлық қалауыңызды орындайды баллар. Аю: мен бір нәрсені түсінбей отырмын. Мына қардың үстінде іздер жатыр. Мен өзімнің ізімді таба алмай отырмын. Соны ажыратып беріңдерші.

Тәрбиеші: балалар біз аюдың іздерін білемізба? Аюға іздерін жинап берейік.

Аю: жарайсыңдар балалар, рахмет сендерге. Енді мен өз ізімді білетін боламын.

Тәрбиеші: балалар алдымыздан тағы кім шықты?

Балалар: қасқыр.

Қасқыр: бауырсақ мен сені жимін.

Тәрбиеші: қасқыр бауырсақты жемеңізші, біз сіздің барлық қалауыңызды орындаймыз.

Қасқыр: жарайды, онда менің көңілім түсіп отыр, бір ойын ойнағым келіп тұр.

Тәрбиеші: онда қасқыр біз сенімен «қаршықтар жинау» ойынын ойнайық.

Қасқыр: рахмет, балалар. Көңілім көтеріліп қалды. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар алдымызда тағы кім шыға келді?

Балалар: түлкі.

Тәрбиеші: балалар түлкі қандай?

Балалар: түлкі айлакер.

Тәрбиеші: балалар түлкі айлекер, біз оған алданып қалммауымыз керек.

Түлкі: бауырсақ сен бүгін достарыңмен жүрсіңба? Мен сені айламды асырып бәріменде жеп қоямын.

Тәрбиеші: жоқ, жоқ түлкі балалар сенің қалауыңды орындайды сен бауырсақты жемесең болды.

Түлкі: жарайды, маған бауырсақтың өлеңі ұнамайды. Маған би билеп бересіңдер ма?

Тәрбиеші:и жақсы.

Сергіту сәті: (әуенмен)

Түлкі: жарайсыңдар, маған өте ұнады. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, міне атай мен әжейгеде келдік. Енді бауырсақты табыстайық.

Бауырсақ: балалар рахмет сендерге. Маған көмектескендеріңе, маған ойындарыңда ұнады.

Тәрбиеші: балалар онда біз келген ізімізбен тобымызға құайтайық.

Балалар біз бауырсаққа не істедік? Кімдерден құтқардық?

Балалар: жануарлардан.

Тәрбиеші: қандай жануарларды көрдік? Олар қайда мекен етеді екен? Қоян не жегенді жақсы көреді екен? Ал , аю не жақсы көреді?

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, сендерге алғыс ретінде бауырсақ тәттілер берді.

Ойнымыз ұнадыма?

Сау болыңдар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *