Ауылымызға тағы бір қуанышты жаңалық!

 

Ауылымызға тағы бір қуанышты жаңалық.

Денсаулық сақтау саласында және халықтың  өмірінде салауатты өмір адамның өз денсаулығына деген жауапкершілік қағидаты басты мақсаттардың бірі болуы керек.

Халық арасында індеттердің алдын алуда медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем  ұйымдары мен мемлекеттің қарамағындағы санитарлық-эпидемилогиялық қызмет негізгі  рөл атқарады.Медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем денсаулық сақтау жүйесінің басты бөлігі бола отырып,халық денсаулығы көрсеткіштерін  сапа жағынан жақсартуда басты рөл ойнайды.Емдеу-профилактикалық ұйымдардың қызметіне,негізінен, жеке профилактика шаралары,яғни профилактикалық тексерулер  кезінде тұрғындардағы аурулардың ерте сатысын анықтау,диспансеризациялау, иммундау,халыққа ақпарат беруді арттыру кіреді.

Денсаулықты сақтайтын-ақ халатты абзал жан дәрігер болса,олардың халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын -емхана.

Ауылдағы ағайын тағы бір қуанышқа кенелді! Қазақстан Республикасының

Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Токаевтың тапсырмасына сәйкес жергілікті халыктың денсаулығын нығайту мақсатында  арнайы бағдарлама қабылданып , осы бағдарлама  аясында Шет ауданы Босаға  ауылдық округіне 1 фельдшерлік-акушерлік пунктісін салуқұрылысы  жоспарланып, «Жібек жолы» ЖШС және «EuroPlast KZ» ЖШС құрылысты  толықтай  аяқтап шықты .2024 жылдың, 13 ақпан күнгі  фельдшерлік-акушерлік пунктінін ашылу салтанатына аудан әкіміорынбасары Карсембаев Дәурен  Құралұлы  келіп,салынған нысанды халық игілігіне пайдалануға берілетінің айтып, ауыл халқын құттықтады,сонымен катар, аксақалдар  алқасының төрағасы Кукенов Оразхан, медицина саласының зейнеткеріМустафина Рысбике ауыл халқы атынанризашылықтарын білдіріп, алғыс  айтты. Ашылу салтанаты соныңда ауыл ақсақалы  Малшыбаев Қойшыбай батасын берді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *