Ауаның қасиеті

Касенова Жанна Шайхислямовна

Мақсаты:

1.Ауаның қасиеттері туралы білімді кеңейту.

Ауаның серпімді , сығымды екенін дәлелдеу және тәжірибе арқылы оқушыларға ғылыми түсінік беру.

2.Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту.

3.Оқушыларды экологиялық тәрбиеге баулу.

4.Ұсыныс бойынша көру қабілетіндегі кемшіліктерді түзету.

Қажетті құрал-жабдықтар: плакаттар, маркерлер, тәжірибелер жасауға арналған заттар (майшам, стакан, банка, шыны ыдыс, су, қант, доп…), техникалық құралдар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгіме, баяндау, оқулықпен, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психлологиялық дайындық.

-Бізге тамақ не үшін керек?

-Үлкен болып өсу үшін !

-Жарық не үшін қажет?

-Айналаны көру үшін!

-Су не үшін қажет?

-Сусынымыз қану үшін!

-Ауа не үшін қажет?

-Демалуымыз үшін!

Ендеше ауа туралы не білетінімізді еске түсірейік.

-Ауа көріне ме?

-Оның түсі қандай?

-Ауа қай жерде болады?

-затта, топырақта, суда, денеде болады.

-Оның пайдасы бар ма?

-Ауасыз адам, жауар және өсімдік тіршілік ете алмайды.

А) 1 оқушы: 1-тәжірибе: (Ауаны қалай сезінуге болатынына мысал келтір)

     2 оқушы: 2-тәжірибе: (кез –келген заттың бойында ауа бар)

 

3 оқушы: 3-тәжірибе: (Ішіне су құйылған ыдысқа стақанды төңкеріп салу, стақанның ішінде ауа орын алғанын дәлелдеу)

4 оқушы: 4-тәжірибе: (шарды үрлегенде ол торсияды-ішіне ауа толады)

Ә) Тест тапсырмалары: (жеке парақта жүргізіледі)

  1. Адам өміріне не қажет?

а) доп, ән, киім

ә) ауа, су, тамақ

б) кітап, велосипед

  1. Егістікті баптаушы адамды кім деп атаймыз?

А) комбайншы

Ә) наубайшы

Б) диқаншы

  1. Көкжиек дегеніміз не?

А) Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.

Ә)Аспан мен жердің астасқан жері.

Б)Көзің жететін жерге дейін қарау.

  1. Тұсбағар деген не?

А) Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.

Ә)Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.

Б) Дәрігер құралы.

  1. Заттың үстінен қарағандағы көрінісінің сызбасы қалай аталады?

А)Сұлба

Ә)Масштаб

Б)План

6.Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?

А) 5

Ә) 4

Б) 3

                            Сергіту сәті

Электорндық оқулық.

Электрондық оқулықтан ауаның қасиеті туралы тыңдау.

Ауаның ғажайып өзгеру зертханасына саяхат жасаймыз.

Зертханада кімдер жұмыс істейді?

Бүгін біз сендермен нағыз ғалымдар боламыз. Ғалымдар өздерінің зерттеулерінің қорытындысын бақылау күнделігіне жазып отырады.

Біз де жасаған тәжірибелеріміздің қорытындысын бақылау парағына жазып отырайық.

    Кесте толтыру.

Ауаның қасиеті

 

Осы қасиет қандай тәжірибені дәлелдейді
Сығылған ауа

 

 

Автокөлік дөңгелектерінің камералары сығылған ауаға толы
Серпімділік

 

 

Резеңкелі доп жоғары ұшып кетеді және ұзақ секіреді
Жылуды нашар өткізеді

 

 

Терезеге әрқашан екі әйнек қойылады

Жандырады

 

Ашық шам аяғына дейін жанады

Ауаның салмақсыздығы

 

 

Резеңкелі қайықтар үрленген ауамен толтырылған
Нақты бір кеңістікті алады

 

 

Су астында батискафпен жұмыс істеген кезінде пайдаланады

Жаңа тақырып.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Балалар, біз одан әрі айтпаған ауаның жаңа қасиеттерімен танысуды жалғастырамыз.

Тәжірибе:

А) Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ, қайтадан орнына сығылады.

келеді. Яғни ауа сығылады.

Сығылған ауа-автокөлік дөңгелектерің камералары сығылған ауаға толы.

Ә) Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секір іп тұрған не?

Ауа. Олай болса ауа серпімді.

Серпімділік-резеңкелі доп жоғары ұшып кетеді және ұзақ секіреді.

Қорытынды:  Ауа   сығылады.

Ауа серпімді.

2.-Қыста неге екі қабат терезе қойылады?   (сурет)

-Жылуды нашар өткізеді.

-Қыс кезінде тері тон, жүн қолғап неге киесің?  (сурет)

-Ауа жылу өткізбейді.

  1. Ауаның бұдан да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.

А) Оның біреуін стаканмен жабу.

Ә) Май шамның екіншісін банкамен жабу.

Б) Үшіншісін ашық қалдыру.

Байқау: Қай шам сөнер екен? Қорытындыны оқушыларға жасату. Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.

Күнделікті өмірмен байланыстыру.

Егер пештегі ағаштың, көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек.

Мысалы, ақырын жанып жатқан отты үрлесең, ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең, ол сөнеді. (Көрсету)

Ыдыстың үстіне қағазды жағамын, ал қазір мен оның үстін жабамын. Не байқадыңдар? Неге қағаз аяғына дейін жанбады?

Бөлмеде өрт бола қалса, оның үстіне көрпе жаба салу керек, не су құю керек.

  1. Шарды суға салайық.

-Ол неге батпайды? (ауа жеңіл, сондықтан ол су бетіне қалқып шығады)

-Бұл қасиетті қай кезде қолданылады?

-резеңке заттар, мысалы, резеңке қайық, матрас.

Кестеге жазу: Ауа-сығылады (серпіледі) –жылуды сақтайды-отты жанғызады

                      Ауаның қасиеті

Түссіз, мөлдір, жеңіл, иіссіз, көзге көрінбейді, орын алады, жануды қолдайды, сығылады, серпіледі.

                Көзге арналған жаттығулар

Суретпен жұмыс.

-Қай жерде ауа таза болады?

Мына жерлерде ауа таза болады. Ауылдық жерлерде қалаға қарағанда 10 есе таза болады. Ал таулы жерлерде 50 есеге дейін таза болады, орманда таза болады, ал теңіз жағалауында тап-таза болады екен.

-Ауа қалай ластанады?

Үлкен қаланың ішінде орналасқан завод, фабрикалардың түтіні, машиналардың түтіні, шаңтозаңдар ауаны ластайды. Кейде лас ауа улы болады. Улы түтін адам денсаулығына зиян келтіреді. 1952 жылы Англиядағы Лондон қаласында осындай улы тұманнан 4 мың адам өлген. Бірақ біздің елімізде қоршаған ортаны қорғау заңы бар. Ауаны ластаудан сақтау үшін фабрика, зауыттар жұржасына сүзгіштер қояды.

-Ауаны қалай қорғаймыз?

Ауа дұрыс болу үшін аулаға гүл, ағаштар отырғызуымыз қажет, оларды өрттен қорғау керек.

Қорытынды.

Біз тапсырмалар орындап, көптеген қызықты мәліметтер алдық.

Енді саяхатымызды аяқтап , істеген жұмысымыз туралы шығармашылық есептемені берейік.

Алдарыңда бақылау барысында толтырған мәтін мазмұнын сурет арқылы бейнелейік.

Топпен жұмыс.   (Жұмысқа берілген уақыт-5 минут)

Тапсырмалар.   Ойланыңдар, талқылаңдар және суретін салыңдар, адамға өмірде ауаның қандай қасиеттері көмектеседі және қалай.

(Суреттер тақтаға ілінеді, қорғалады)

Рефлексия.

А)  Бүгінгі сабақта не білдік?

-Ауаның қасиеттерін білдік.

Көшеттер отырғызу арқылы ауаның қасиеттерін атайды.

-Адам тыныс алу үшін ауа қажет. Адам үнемі тыныс алады.

-ауаны біз көрмейміз, бірақ үнемі сеземіз.

-Ол мөлдір және түссіз.

-Ауа сығылады және серпіледі.

-От жану үшін ауа қажет.

Таза ауада иіс болмайды.

Ә) –Адам өмір сүруіне не қажет?

-Ауа, жылу, жарық, су, тағам.

-Осының бәрін қайдан аламыз? Табиғаттан.

-Олай болса адам табиғат перзенті. Ал табиғат біздің анамыз. Табиғатты қорғау және аялау керек.

Бағалау.

Үй тапсырмасы: «Ауаны қорғау» шығарма жазу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *