Ата-аналармен жұмыс жүргізу

Эрданаева Гаухар Саутбековна

«Ұяда  не   көрсең,   ұшқанда   соны  ілесің»   деген   даналық   сөздердің

мағынасы   өте   терең.   Себебі,   есейіп   кеткен   соң   баланың  теріс мінезін,   қалыптасқан   қате   көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде

«Балаңыздың   тәрбиесін   бастамас   бұрын,   өзіңіздің   мінез  — құлқыңызды,  өмірге  көзқарасыңызды   ой   елегінен   өткізіп,

бақыладыңыз ба ? »   деген   сауал   туады.

Ұлы  педагог А.С.Макаренко: «Балалардың   алдында   беделді   болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ  қалай,  қай   бағытта   өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанынойламастан,   бала   санасын   рухани   өктемдік   жасап  тәрбиелейтін  ата – ана   баршылық.   Бұл   беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен келген   адал   баланың   санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады»  деген.

Ата —  аналар   бала   бақытының   шынайы  бағбаны   болуы   тиіс .

Бала  бақыты    білімде.   «Білім   бір  құрал.  Білімі  көп   адам  құралы   сай  ұста   сықылды,   не   жасаса да   келістіріп   жасайды »

Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде   отбасының   басым   ролін   мойындайотырып  бірлесе   жұмыс   жасау   керек.   Әрбір   ұстаз    ата аналармен   қарым  қатынас   жасауда   түрлі   тәсілдерді,  қазіргі   жаңа

технологияларды  пайдалана   отырып,   ата —ананың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   жасаса,   ата —ананың   балабақшаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер   еді.

 

 

 

 

Ата —  аналармен   жұмысты   ұйымдастырудың  негізгі   мақсаты:

* Ата —  ананың   өмірге   деген  көзқарасын  өзгерту;

*Баланың  бүгінгі  жасаған   қадамы   ертеңгі   тұлға   қалыптасуына  үлкен   әсер  ететінін   атап  өту;

* Ата  — аналармен   жұмыс  жасаған   кезде   бірізділік   қағидасын  басшылыққа   алу

Ал  міндеттері:

* Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді.

* Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата —  ананың  өміріндегі  тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін  нығайтады.

Қазіргі   уақытта  жұртшылықтың   балаларды   тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе  түсіп,  тәрбие   жұмысы   еңбек  ұжымының   күнделікті   ісіне   айналуда

тәрбиешілердің   практикасында  ата —аналармен  және   көпшілікпен   бірігіп   жұмыс   істеудің   әр  түрлі

формалары   қалыптасып,   жемісті   түрде   қолданылуда.   Олар   ата —аналармен   жекелеп   және  ұжымдық  жұмыстар   жүргізді.

Отбасы   тәрбиесіндегі   кездесетін  сәтсіздіктер   ата —аналардың   пеадгогикалық   сауатсыздығынан   және   оларда   тәрбие

жұмысын  жүргізуге   қажетті  тәржірибенің   жоқтығынан   болады.

Балаларды   тәрбиелеудің   дұрыс   жолын   табу  үшін   ата —  аналарға   көмектесу  тәрбиешілердің    міндеті .

Отбасы  мен   балабақша   арасындағы   байланысты    күшейтіп,   бағытты   жұмыс   жүргізу,   ұйымдастырылатын  мерекелік   іс —  шараларға,  ата — аналар  және   топ    жиналыстарына   ата —аналарды  тартудың   қажеттілігі:

* Балаларда  іс  —  әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі  болады;

* Балалар   маңызды   жетістіктерге  жете  алады;

* Ұнайды;

* Балалар   еліктеудің   жаңа   үлгісін   алады;

* Ата – аналар   және   басқа да оқу   жоспарларымен   танысады;

* Ата –    аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   бала   тәрбиелеуге,   оқытуға

қатысы  бар   екендігін   сезінеді,

Тәрбиешілер   ата —  аналарға   ақыл  —кеңес  беріп,   ұсынылатын   тыңдау   барысында   төмендегідей  қарым-қатынас   ережелерін   есте   сақтауы   керек;

 

 

 

  • Бір – біріне  көңіл  бөлу
  • Тыңдау
  • Сыйлау
  • Көзбе – көз  қарау
  • Тиімді   орынды  таңдау
  • әзілді  сезіну
  • ұрыс – керістен  сақтану  сияқты

Сонымен   қатар   ата-аналарға     тәрбиеші   сөзі   әсерлі,   отбасы  қажеттіліктеріне   байланысты  екендігін   түсіндіріп   толық  тыңдату  үшін;

  • Сиқырлы  сөздер   айту;
  • Баласының   жетістігін   айту
  • Сенімді   болу
  • Көңіл  —  күйіне   қарау
  • Намысына   тимеу
  • Қарапайымдылық
  • Пікірін  сыйлау

Ата —  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы   шарттары

* Әрбір   отбасының   мықты   жақтары   болады,   әр   адам   жақсы   ата  —  ана  болғысы   келеді;

*Барлық   отбасы   көмекті   қажет   етеді,  көмек  түрі   отбасының   нақты

қажеттіліктеріне   байланысты   болады;

* Ата – анамен   жұмысты   ұйымдастыру   барысында  ата —  ананы,   яғни   отбасын   тәуелді   ету   емес,   оның   қиыншылықтарды

жеңу   мүмкіндігін   нығайтуды   көздеу;

* Баланың   дамуы  туралы   ақпарат  ата —   аналарға   бала  тәрбиелеуде  өз   ролін   жүзеге   асыруға    ықпал  етеді;

*Әрбір   отбасы   көрсетілген   көмектің   тиімділігіне   көзі   жеткенде  ғана,   қоғамдық   жұмыстарға   белсене   араласады;

*Тәрбиешімен   баланың   оқуға   деген   қызығушылығын   арттыру   жолдарын   түсіндіреді;

* Ата —  анамен  баланың   ортақ  қарым —  қатынастары   жөнінде   кеңес   беру;

 Топқа  ата – аналарды   тартудың  қажеттілігі

*  Балаларда   іс  — әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі   болады

* балаларға   маңызды   жетістіктерге  жете  алады

* балаларға   отбасы мен   балабақша   байланысын   сезіну   ұнайды

*тәрбиешіге   балаларға   жетекшілік   жасау   жеңілірек  болады  жекелеп

оқыту   мүмкіндігі   туады

* ата – аналар   балабақшадағы   оқыту  —   тәрбие   жоспарларымен   танысады

Ата – анамен   жүргізілетін  жұмыс

Жұмыс түрлері :

  • Топ ішілік  ата —  аналар  жиналысы
  • Балабақша ішілік  ата – аналар   жиналысы
  • ата – аналармен  жеке  кездесу
  • ата – аналар  үшін  ашық  есік күн
  • мерекелік  кештерге  шақыру
  • ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру
  • отбасылық  жарыстарға  қатыстыру

Қазіргі   таңда    баланы    тәрбиелеуде   ата — ананыңда,   тәрбиеші,   ұстаздың да   атқаратын   ролі   зор.   Жас   күнінде   бала   қандай   тәрбие   алса   сол

ізбен   алға   қарай   өседі.   Тәрбие   кезінде   отбасының,    балабақшаның  да алатын   орны   бар.

Ата – ана   баласына   өз   отбасын   қадір   тұтудан   бастап,   туған   —туыс,  Отан,  Қазақстан   деген   ұғымдарды   терең   түсінгені,   құрметтеп қарауға  тәрбиелеу   керек   екенін   ұғындыру.

Ата —  ана   жауапкершілігі  бәрінен   биік   болмақ.   Сондықтан   ата —ана   басты   талапты   өздеріне   қойғандары   жөн.   баланың   тәрбие

алуына   қоғамнан  өз  орнын   табуына   жағдай   жасауына   әрбір  ата – ана   педагогикалық   әдіс —  тәсілдерге   сүйенгені   дұрыс.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *