Арайлы алтын күз

Саметова Мариям Ермековна

«Арайлы алтын күз»

Мақсаты:Балаларға күз мерекесінің ерекшеліктерін ұғындыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамыуына ықпал ету. Балаларды ән салып,би билеуге,түрлі іс-әрекеттерге баулып,бейімділіктерін арттыру.

(Әдемі безендірілген залға қолдарыны сары түсті жапырық ұстап, әсем әуенмен балалар кіреді)

Жүргізуші: Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын жүз.

Сары алтынға оранған,

Келді міне алтын күз.

Армысыздар қонақтар, әріптестер, ата-аналар! «Балдырған» тобының «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Балалар айналамызға қарайықшы қандай әсем безендірілген зал. Біз қандай мерекені тойлауға келдік бұл жерге? Олай болса күз мерекесіне арналған әнімізді айтып берейік.

Ән: «Күз жомарт»

Жүргізуші:

Көбейді құт береке

Астық толы қамбаға

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді қарсы аламыз!

Алтын күз:

Береке бақ, дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз.

Сары алтынға малынған,

Мен боламын Алтын күз!

Жомартпын мен бәріне.

Сыйлығым көп әрине.

Тақпақтар

Би: Жапырақтар

Алтын күз: Қандай әсем жапырақтар, қандай әдемісіңдер. Маған сендердің өнелерің ұнады. Көңілденіп кеттім. Балалар менің сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?Дұрыс айтасыңдар.

Ойын:«Дауысынан тап»

Шарты: Қазір күз мезгілінде болатын ауа-райы құбылыстарының дауысын естисіңдер,  сендер қанадай ауа-райы құбылысы екенін дұрыс табуларың керек.

Жүргізуші: Рақымет саған күз ханшайымы сенде біздің балалардың көңіл күйлерін көтеріп тастадыңыз.

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдер ме балалар, мені таныдыңдар ма?

Мен осы ормандағы ең үлкен саңырау құлақпын. Сендердің әсем дауыстарыңды естіп осы жерге келдім. Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?

-Маған күз мезгілі сондай ұнайды. Айнала сары алтынға боялады. Әсіресе жаңбыр жауғаны ұнайды. Жаңбыр жауғанда мен одан сайын үлкен болып өсемін.

Алтын күз:Сілеметсің бе саңырауқұлақ досым. Біздің мерекеге қош келдің. Бізбен бірге мерекені тойла.

Жүргізуші: Саңырауқұлақ балалардың арасынан өзіңнің кішкентай достарыңды көріп тұрған шығарсың.Олай болсакішкентай сүйкімді достарың би билеп бергілері келіп тұр.

Би: Саңырауқұлақтар.

Жүргізуші:

Онда біздің балалардың әсем әнін тыңдап көр.

Ән: «Күз жомарт»

Алтын күз: Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске енеді?Дұрыс айтасыңдар.

Ойын:«Түрлі-түсті жапырақтар»

Шарты: Ортада түрлі-түсті жапырақтар шашылып жатыр, қазір өздеріңе ұнаған жапырақты аласыңдар. Музыка әуені басталғанда билейсіңдер, музыка тоқтағанда жапырақтарыңның түсіне сәйкес шеңберді тауып тұрасыңдар.

Саңырауқұлақ: Қандай қызықты ойын маған өте қатты ұнады.

Жүргізуші:  Жарайсыңдар балалар, саңыцрауқұлақта керемет ойнадың. Енді бізің балалардың ән айтып бергілері келіп тұр.

Ән: «Листик желтый»

Алтын күз: Балалар қандай өнерлісіңдер менің сендерге деген алғысым шексіз. Менде сендерге құр қол келген жоқпын, өзімен бірге күзгі сыйымды ала келдім, апайларыңа табыстап кетемін. Топқа барғанда бөлісіп жейсіңдер. Енді қоштасатын кез келді қош сау болыңдар.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер ата-аналар «Балдырған» тобының «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілігі осымен аяқталды.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *