Бусоград мақала

Саметова Мариям Ермековна

Бусоград мақала.

Моншақ – бұл тек қана әшекей бұйым емес, кез келген киіммен үйлестіріп тағатын, моншақты өзіңіздің фантазияңыз бойынша әр түрлі қолдануға болады. Ал балалар үшін моншақтарды қолдануға болады, эстетикалық тұрғыдан баланы қызықтыра алатын дидактикалық материял. Моншақтармен жұмыс жасау барысында балалар кеңістікті бағдарлай алады, балалар топпен қалай жұмыс жасап отырғандарын байқамайды, ұсақ қол моторикасын және шығармашылығын дамытады. Осы методиканы қалаған Мая Ивановна Родина атақты педагог,музыкант,құрметті РФ білім беру саласының маманы. Әдітеменің аты «Бусоград» немесе «Волшебные игры феи Бусенки». Бұл әдістеме 2-7 жастағы балалардың шығармашылығы мен ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған. Мен осы әдістемені өз тобымдағы балалармен жұмыс жасап қолдануға алдым. Біз тек осы қызықты да ерекше әдістеменің бірінші кезеңіндеміз.

Бұл технологияның мақсаты:Инновациялық техниканы қолдана отырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • Баланың сөздігін байыту және жандандыру
  • Ұсақ моториканы дамыту
  • Психикалық процестердің дамуы( ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін)
  • Шығармашылықты дамыту( қиялын дамыту)
  • Баланың жеке қасиеттерін дамыту( ұжымда жұмыс істей алу қабілетін)

Iкезең: Дайындық кезеңі:Балалар моншақтармен танысады. Түсін ажыратып,бақылайды. Моншақтардың көлемдерін салыстырады.

II-кезең:Конструктивті кезең:Іс-әрекет жеке объектілерді салуға негізделген, өлеңдермен және сөйлеу жаттығуларымен сүйемелденеді.

III-кезең: Шығармашылық кезең

Жеке(немесе топпен) еркін сурет салу және соған сәйкес шағын әңгімелер мен ертегілер ойлап табу

“Бусоград технологиясының” тиімділігі:

— Шығармашылық процесте заттарды салыстырып(көлеміне,түсіне)ерекшелігіне сай ажыратып үйренеді

— Шығармашылыққа деген қызығушылық пайда болады.Білімі мен қызығушылығын көркемдік-шығармашылық қызметте пайдалануға ұмтылыс  пайда болады

— Өз қиялдарын материалдардың көмегімен  бейнелеп көрсетуді үйренеді.

— Ұжымда жұмыс істеп үйренеді.

— Есте сақтау қабілетімен бейнені жатқа салып үйренеді

— Бейнелерді түстері бойынша ажыратып  үйренеді

— Көңіл-күйлерін түстермен сипаттайды

-Нәтижесінде жасаған бейнелерін сипаттап үйренеді. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге септігін тигізеді.

Бусоград технологиясын балалармен жұмыс жасамастан бұрын материялдар жинақтап алу керек. Моншақтар бір жіпте тізбектелген орындары қозғалмайтын болуы қажет. Ол моншақтар арқылы балалар түрлі заттарды бейнелей алады. Бұл технологияда тек қана моншақтарды ғана емес түрлі заттарды түрлендіріп пайдалануға болады. (макарон, қағаз,ермексаз т.б) Кіші топтарда моншақтармен таныстыру, оларды ұстап, сипап көрсету, түстерін ажырату, көлемдерін салыстырады. Осы алғашқы кезеңде түрлі ойындар ойнатуға болады. «Сылдырмақ» ойыны моншақты алақан арасына салып музыка әуенімен сылдырлатады. Музыка әуенімен моншақтың сылдыры естіген балалалар шығармашылыққа деген қызығушылықтары артады.  «Досыңды тап» музыка әуенімен ортадағы музыка тоқтағанда бір баланың

 

мойынына салу керек. Көп ойын сабақтарға Моншақ қыз келеді. Оның көйлегі өте әдемі моншақтармен безендірілгенен кейін балалар оған қарап таңқалады. Осы кезде көбінде «Моншақ қызға әдемі моншақтар» дайын көлемі үлкен моншақтарды дайын жіпке балалар түстеріне қарай тізбектеп береді. Осы кезде балалар түстерді ажыратуды үйренеді. Екінші кезеңде балаларға моншақтарда түрлі бейнелер жасатуға болады. Мысалы көбелек, түрлі пішіндер үшбұрыш, шаршы, шеңбер,қоян тағы басқа көптеген затттар жасатуға болады. Түрлі бейнелерді жасай отыра балалардың есте сақтау қабілеттер, кеңістікті бағдарлау, ұсақ қол моторикасы дамыйды. Бұл кезеңдегң балалармен «Сыйқырлы пішіндер» сызба арқылы пішіндерді тізбектеу ойынын ойнатуға болады. Балалар біріншіден пішіндерді, екіншіден түстерді ажырата алады. Осы кезеңнің ортасында балалар күрделі бейнелер жасай бастайды. Мысалы: күн, екі немесе ұш пішінен жасалған үй тағы басқа заттарды бейнелей бастайды. Балалар күрделі заттарды бейнелеген сайын оларды ойлау, есте сақтау қабілеттері, шығармашылығы дамый бастайды. Үшінші кезеңде балалар сюжеттік әңгімелер желісінде бейнелер жасай бастайды немесе ертегіні айта отыра кейіпкерлерін рет ретімен бейнелей бастайды.

 

 

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Нургуль:

    Саламатсизба. Бусоград методикасын калай алуға болады. Орыс тіліндегі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *