«Ана тілім — қазынам»

«Ана тілім – қазынам»

БҚО Орал қаласы
МКҚК №24 «Солнышко» бөбекжайының тәрбиешісі:
Тналиева Индира Болатовна.

«Ана тілім – қазынам» тіл мерекесіне арналған сайыс сценариі

Мақсаты: Тіл мерекесі туралы түсінік беру, балаларға тілді құрметтеу, тіл біздің ертеңіміз екенін ұғындыру.Өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар,буклеттер.

Тәрбиеші: Қайырлы күн құрметті қонақтар,сіздердің алдарыңызда кішкентай ұлдарымыз «Қазақ тілі – қазынам» атты байқауға қатысып, өз өнерлерін көрсетпек.

Қуат алған өзіңнен,

Мен қазақтың ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін. (Балалар тәрбиешімен қайталайды )

  • Сен кімнің баласысың?
  • Аты-жөнің кім?
  • Қайда тудың?
  • Қай елдің азаматысың?
  • Сен қай тілде сөйлеп тұрсың (Балалар жауап береді )

Ата – баба дәстүрін,

Көкрегіне түйгендер.

Өрге жүзсін өнерлі,

Ана тілін өрендер.

Енді ортамыздағы «Қыран», «Жұлдыз» тобының өнеріне қошеметтеп қол соғайық.

Сайыскелердің білімін, шеберліктерін бағалайтын әділ қазылар алқасын таныстырайық.

  1. Қарасаева А. А,- тәрбиеші
  2. Жұмабекова Ж.А — тәрбиеші

Байқау 5 бөлімнен тұрады.

Байқау бөлімдері:

  1. «Тіл » тақырыбындағы тақпақтар.
  2. «Тіл – өнері » мақал – мәтелдер.
  3. «Кім көп біледі» (сұрақ – жауап)
  4. «Жеті жұмбақ»
  5. «Көрінс » (ертегілер бойынша )

 

  1. «Қыран» тобы: Қыран тобының ұраны:

Қырандай самғаймыз

Ана тілін қорғаймыз.

Аянат: Жанбасамда жансамда,

Туған тілде сайраймын

Мылқау болып қалсамда,

Туған тілде ойлаймын.

 

Ерасыл: Ана тілім ұраным,

Ана тілім құраным.

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

 

Айгерім: Ана тілім елім,

Қажыр қайрат күшім.

Ана тілім менің,

Баста бақыт құсым

 

Амиль: Ана тілім – жарық күніміз

Тіліміз жарқын үніміз.

 

Азиза: Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден терең теңіз жоқ.

 

«Жұлдыз » тобы ұраны:

Біз балдырған баламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

 

Амина: Менің тілім біреу – ақ,

Жазатын да сөйлейтін.

Тауып қойған тілеу – ақ,

Қазақ деген өз атым.

 

Айлин: Кіндік кескен жер қымбат

Туып өскен ел қымбат.

Тілдесетін тіл қымбат,

Бәрінен де ар қымбат.

 

Мариям: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

 

 

 

Аружан: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға елдің тілі деп,

Туған елдің тілі деп

Туған жердің үні деп,

Ана тілін сүйеміз.

 

Алихан: Мен балдырған баламын,

Оттай лаулап жанамын.

Мәртебесі тілімнің,

Биік болсын ағайын.

Тіл туралы ой қозғап,

Кәне ортаға салайық.

Тілің менен қазағым,

Тілің өткір қазағым.

Тілін ұмыт қалдырған,

Басқа тілге құр болар.

 

Нурали: Атым айтып тұрғандай,

Өзім аймын, еркемін.

Өлеңді де айтамын,

Жұмбақты да шешемін.

Надан болмай өмірден,

Адам болып өтемін.

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желінбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

 

Екеуі: Қазақ тілін сұйеміз

Отан үшін күйеміз

 

  1. Ендеше «Тіл өнері».

Тілімізде мақал мәтелдің орны ерекше. Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастырамыз.

  1. Сөздің көркі……………
  2. Тіл тас жарады ……….
  3. Өзге тілдің бәрін біл ……….
  4. Ақыл басқа бітеді…………….
  5. Отан оттан да ………..
  6. Көп сөз ………..
  7. Біреудің сөзі әдемі……….
  8. Сөз тапқанға …………..
  9. Жақсы сөз ……………

 

  1. « Кім көп біледі?» (Сұрақ қою)

 

  1. Мемлекеттік тіліміз қалай аталады?
  2. Елбасымыз кім?

3 .Елордамыз қай қала?

  1. Ауылымыз қалай аталады?
  2. Туда не бейнеленген
  3. Бір аптада неше күн бар?
  4. Шілдехана қай кезде жасалады?
  5. Біздің ақшамыз қалай аталады?

9 Ұлтымыз кім?

  1. Бағдаршамның көзі нешеу?
  2. мысықтың неше аяғы бар?
  3. Қолғапта неше саусақ бар?
  4. Дөңгелектің бұрышы бар ма?

 

Жарысты әрі қарай жалғастырайық, келесі,

  1. «Жеті жұмбақ » жарысы:

 

  1. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл сүті тәтті. (қарбыз)

  1. Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (жуа)

  1. Мөлдіреген жұзімді

Қозғап едім ұзілді. (Моншақ)

  1. Тілдерімен жүреді,

Уақытты біледі (Сағат)

  1. Кіруге адам батпайды

Суға салса жатпайды

Ішіне кірген заттарды,

Аман – есен сақтайды (сандық)

  1. Ұқсайтын шеңберге

Жиылып керіледі,

Жиһазы мол кең бөлме

Төбесінен жұлдыздар көрінеді (Киіз үй )

  1. Сылдырлай ағып жол табар,

Баға жетпес қазына

Тіршіліктің нәрі, тірегі,

Ол не? Шешуін кім біледі? (Су)

 

  1. «Көрініс»

«Жұлдыз »тобы: «Бауырсақ » ертегісін көрсетті

«Қыран »тобы: «Мақта қыз бен мысық »ертегісін көрсетті

 

Бәрі ортаға шығып қол ұстасып :

Желеп – жебеп піріміз,

Таза болсын дініміз.

Жауқазындай жалындап,

Өркендесін тіліміз.

Сайыстың қорытындысын білу үшін қазылар алқасынан сөз берілді.

Жеңімпаздар марапатталады.

Назарларыңызға рақмет!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *