«Ананың аялы алақаны!»

Тақырыбы: «Ананың аялы алақаны!»

Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар,асыл әжелер,қызғалдақ қыздар!Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.Өйткені аналарға ыстық сезім ,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Себебі : Ана өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Інжу.

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымент ,

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Нұрдәулет.

Армысың ақ жаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім.

Ардақты аналардың мейрамында,

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.

Жүргізуші:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған өмірімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен би,өлеңмен күй,

Сіздер үшін  мереке шашулары.

Олай болса асыл аналар,ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!

Күн,күн сен неге күркірейсің?

Көктем келді!

Жаңбыр,жаңбыр сен неге сіркірейсің?

Көктем келді!

Бұлақ,бұлақ неге сылдырлайсың?

Көктем келді!

Құстар неге сайрайсыңдар ?

Көктем келді!

Гүлдер неге жайнайсыңдар ?

Көктем келді!

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып.

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы,

Көрікті көктем келді.

Көктем кіреді.

-Мен көңілді көктеммін.

Былтыр да келіп кеткенмін.

Құшағым гүлге толсын деп,

Нөсерімді төгемін.

Жүргізуші:

Ару көктем ,қош келдің ,төрге шық! Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді,кең байтақ  даламыз гүлге бөленді.Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

Көктем:

Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін.

Сол гүлдерді өсіріп,

Аялаумен келемін.

Бәйшешек шығады:

Көктем гүлі бәйшешек,

Мен боламын қараңдар.

Наурыз,сәуір айында,

Мен шығамын жайқала.

Қызғалдақ шығады:

Қырқалардың төрінде,

Қаулап көзге ұрамын.

Құлпыра жайнап өңірде,

Қып-қызыл болып тұрамын.

Жауқазын шығады:

Жауқазынмын жайқалған,

Сұлу гүлмін жайнаған.

Көктемде мен гүлдесем,

Құлпыра кетер айналам.

Раушан гүл шығады.

Әдемімін ,сұлумын,

Менен қай гүл аса алған,

Мен боламын раушан гүл,

Гүл патшасы атанған.

Көктем:

Кең даламды хош иісімен жайнатқан,менің әсем гүлдерім аналарымызға би билеп берсін.

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші:

Ардақты аналар мінекей күлімдеген көктем келіп,айналамыз құлпырып кетті.Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында,біздің бүлдіршіндер сазды сәлем бағдарламасында қонақта болған еді.Енді кезекті сол бағдарламаға берейік.

Эфирде тележүргізуші отырады.

Тележүргізуші:

-Армысыздар,құрметті теле көрермендер.Эфирде сіздермен бірге сазды сәлем бағдарламасы.

Бүгін біздің студиямызда Қызылорда қаласының,№ 3 «Қарлығаш » балабақшасының бүлдіршіндері қонақта.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры.Ақ сүтін беріп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.Ендеше бүгінгі хабарымыз аналар сіздерге арналады.Сондықтан барша аналарды сазды сәлем хабары арқылы  мейрамымен құттықтаймын.

Олай болса,аяулы аналар сіздерді құттықтауға келген бүлдіршіндеріміздің ыстық ықыласын тыңдайық.

Тақпақтар:

Айсұлтан

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің  саған тілегім

Қартаймашы анашым

Абзал

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Руслан

Бәріңізде  анасын

Біз үшін күн боп жанасын

Құтты болсын  мейрамың

Құттықтаймын   анашым

Нұрғазиз

Еркелеттің асырадың

Мойныңа асыламын

Аман болшы ардакты  анам

М ен  әрқашан  қасындамын

Исмайыл

Аспандағы айымсын

Бақытыма балаған

Құтты болсын  мерекен

Айналайын жан анам

Нұрдаулет

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне  теңедім

Мейрімің таусылмас

Күн нұрына теңедім

Абдулла

Ана  біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан  тарайды

Біздің ана тіліміз

Әлинұр

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды  оған иемін

Нұрислам

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп демалам,

Құшағыңда қысылмай.

Мұстафа

Мейірімді жүрекпен

Бөлісетін бақытты.

Ақ ниет пен шын тілек,

Ізгі істерді жақұтты.

Абдурахман

Бесіктерін әнімен,

Тербетеді аналар.

Жасай берсін сәнімен ,

Жер бетінде аналар.

Озодбек

Мама сольнишка цветочик,

Мама воздух,глаточик.

Мама радость,мама смех,

Наши мама лучще всех.

Арслан.

Сегония день весение,

Давайте вместе с нами.

Спасибо скажем бабушкам,

Спасибо скажем мамам.

Асия

Май диа,диа мамми,

Ай лавю вери мач.

Ай онт ту би хаппи,

Он зе эите о мач!

Тележүргізуші:

Құрметті телекөрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып,құттықтау жолдай аласыздар.Біздің байланыс телефонымыз  277152  жақын жандарыңызды құттықтауға асғыңыздар.

(Қоңырау соғылады.)

-Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен.Тыңдайық.

-Алло сәлеметсіз бе? Менің атым- Арслан.Мен әжемді мерекесімен құттықтаймын.

-Әжеңе қандай тілек айтасың?

Әжеме тақпақ айтып беремін.

Арслан

Менің әжем гүл әжем

Алтын  әжем күн әжем

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем

Енді менің әжеме арнап әдемі әже туралы ән айтып берсеңіздер екен.

Ән : «Бабушка»

Тележүргізуші:

Осы бір тамаша әннен кейін біз хабарымызды одан әрі жалғастырамыз.

Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымын әлемді тербетеді.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар.Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.

«Құрметті сазды сәлем бағдарламасы » деп басталған  бұл хаты,біздің тұрақты көрерменіміз Болат есімді жігіт жіберген екен.Сіздерге хат жолдап отырған себебім сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы аяулы анамды және әжемді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын!Мен оларға зор денсаулық ,мол бақыт,ұзақ өмір тілеймін! -дей отырып тамаша бір би тарту етуімізді сұраған екен.

Ендеше сол көрерменіміздің сұрауы бойынша.

Бір топ жігіттеріміздің «ковбой» биін қабыл алыңыздар.

ЖҮРГІЗУШІ:Құрметті көрермендер,хабарымызға қоңырау шалған тағы бір көрерменіміз бар екен.Тыңдап көрейік.

Алло,  біз  сізді  тыңдап отырмыз,  кімді  құттықтаймын деп едіңіз?

Сәлеметсіз бе менің атым  Самал менің балам Қарлығаш балабақшасында тәрбиеленушісі осы бағдарлама арқылы  балабақша ұжымын және барша аналарды 8 наурыз халықаралық  аналар мерекесімен құттықтағым келеді Біздің балаларымызға тәлім тәрбие берумен қатар олардың  саналы білімді  өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасан еңбек жасап жүрген апайлардың денсаулық бастарына бақ қонсын ұстаздық деген ұлы жолда талмай еңбек ете беріңіздер апайлардың кұрметіне  бір ән тарту етулеріңізді  сұраймын

Ендеше құрметті аналар сіздерге арналған тамаша ән шашуымызды қабыл алыңыздар.

Ән:  Інжу Нұрдаулет

Жүргізуші:Расыменде балабақшадағы апайлардың арқасында көптеген бүлдіршіндер болашаққа самғап,биіктерден көрінуде.Ендеше ардақты ұстаздарымыздың құрметіне тамаша биді тарту етеміз.

Ортада «жігіттер » биі.

Қабыл алыңыздар.

Асыл аналар Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болшақта осындай  беделді азаматтар болатынына біз сенеміз . Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз .Мәпелеп отырған балапандарыңыз  сіздерге деген шексіз алғысын әнмен жеткізгісі келеді.

Ән: « Мама»

Жүргізуші:

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір  даналар

Ана деген  тіршіліктің  тірегі

Мерекенмен  қасиетті  аналар

Құрметті телекөрермендер  осымен  Сазды  сәлем  хабарымыз аяқталуға жақындап  қалды .Аяулы да ,ардақты аналар!Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер  тек сіздерге арналды.Хабарымыздың соңында бүлдіршендердің өздеріңізге арнаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғастырады.Келесі Эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!

Ән: «Анашым ,анажаным»

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *