Ашық сабақ: Қауіпсіздік ережесі. Қазақтың ұлттық ойындары. «Теңге алу», «Қыз қуу»

Пән: Дене шынықтыру
Сынып: 5А
Күні:
Мектеп: «Гимназия №6»
Мұғалімнің аты-жөні: Умирбеков Мадияр Кусаинович
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Қауіпсіздік ережесі.
Қазақтың ұлттық ойындары. «Теңге алу», «Қыз қуу»
Ұзақ мерзімді оқу мақсаты 5.2.3.3. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау.
Сабақтың мақсаттары А) Білімділік. Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
Ә)Дамытушылық. Ұлттық ойындарды дәріптеуде ұлттық тәрбиені бойларына сіңіру.
Б) Тәрбиелік. Оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
Бағалау критерийлері Жаттығу түрлерін көрсетеді;
Қауіпсіздік ережені сақтай отырып, жаттығуларды дұрыс жасайды.
Ойын ережесін сақтайды, жеңіске жетеді.
Сөздік қор Қимыл- қозғалыс, жүгіру, секіру, Жылқы – лошадь – horse
Құндылықтарды дарыту Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Бөлімнің екінші бөлігінде кеңістіктегі қозғалысты, жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ойнатылады
Пәнаралық байланыс Математика, Қазақстан тарихы.
АКТ қолдану дағдысы ноутбук, видеожазба.
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушылар денсаулықты нығайту үшін жаттығулар жасау керектігі туралы біледі. 4-сыныптағы қарапайым жалпы дамыту жаттығуларын орындау, жүгіру, секіру, лақтыру тәжірибиелері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы
10мин

Сапқа тұру. Рапорт. Сәлемдесу!!!Салемдесу – белгілі бір іс-әрекет арқылы(екі қолды жоғары көтеріп, сол жақтағы оқушымен жоғары жақтан алақанға алақан ұрып амандасу),оқушыларды түгендеу. Балалар, биз банкоматтан не аламыз? – ( ақша). Ақша- сөзінің синонимі қалай?(Теңге). Теңге сөзінен басталатын қандай қазақтың ұлттық ойынын білесіңдер? – Теңге алу.Саптық жаттығулар оңға, солға бұрыл кері айнал.
Жалпы дамыту жаттығулары: спорт залды айналып жайлап жүру, жүгіру,тізені биік көтеріп жүгіру, оңға және солға қарай тіркеме адыммен жүгіру, артпен жүгіру, алдымен жүгіру,қаз жүріс, терең жүріп демалу. Сапқа тұру, қатармен саналу 1-2 ке санал.
Бір орыннан және қозғалып жасалатын жаттығулар:
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Ай және күн. Әр топқа жеке-жеке карточка таратылады. Осы карточкада көрсетілген жаттығуларды қайталауымыз керек, рет-ретімен. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып санап тұруы керек. 15 жаттығу көрсетілген,яғни 15ке дейін санау міндетті. Тапсырма соңында өзін бағалайды.Карточкалар әртүрлі.
Қозғалмалы ойын: Ай мен күн!!!
Екі бір сызықтың топ бойына қарама – қарсы тұрады.Бірі – Ай тобы, екіншісі-Күн тобы. Ойын шарты: Мұғалім қай топтың атын айтады сол топ артқа қарай келесі сызыққа дейін жүгіреді, егер сызыққа жетсе өз тобында қалады,жетпесе келесі топтың құрамына өтеді. Мұқият болу керек, мұғалім басқа сөздерді айтуы мүмкін. Мысалы: (Айсұлу, Күнсұлу,жұлдыз,аспан т.с.с.)
Ойын соңында қарама-қарсы тұрған ойыншыны бағалау.
Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, ысқырық

Сабақтың ортасы
25 мин

Дене шынықтыру туралы негізгі білім. Дене шынықтыру сабағы негізгі 4 саладан тұрады, соның ішінде оның ішінде қазақтың ұлттық ойындары бар. Халқымыздың тарихи –мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі- ұлт ойындары. Бүгінде ұлттық ойындарды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаған. Қысқаша мәлімет. Қазақтың ұлттық ойындары туралы сұрақ –жауап. Ал оқушылар, сендер қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер? Бүгінгі сабақта өтетін ұлттық ойындардың түрлері – «Теңге алу» және «Қыз қуу».

Ноутбуктың көмегімен ойындар туралы мәлімет және ережесімен видеоролик арқылы таныстыру.
Бірінші ойналатын эстафеталық ойын – Теңге алу. Міндетті түрде қалай орындалатынын көрсету.
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Эстафеталық жарыс түрінде өткізу.
Бастайтын оқушыларға арнайы тігілген атты кигіземіз, ысқырықтың белгісімен жүгіреді, ортада жатқан орамалда түйілген теңгені алып, шеңбердің ішіне дәл түсіру керек. Қай топ ең көп теңге түсіреді сол топ жеңіске жетеді. Ойыншылар саны алты – алтыдан. Бағалауды ұмытпаймыз. (Өз өзін).

Сабақтың соңы
5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-Оқушалардан бұл жаттығуда қандай қателер бар және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.
-Сабақты қорытындылау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.
-Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.
-Толық сапқа тұруларын қадағалау
-Сабаққа қатысуына байланысты мадақтау.
-Қоштасу.
-Бір саппен спорт залдан шығару.
Дифференциация- оқушыларға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату. Шапалақтау әдісімен бағалаймын. Ауызша мадақтаулар айтып, қажет болған жағдайда ұсыныстар айтамын. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сабақ бойынша рефлекция
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңы. Өз сабағыңыз туралы сол жаұ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/
қиындықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *