Алаш туы астында-күн сөнгенше сөнбейміз!

Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!

Сәуір айының 14 жұлдызында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдасқан профессор Тасилова Назия Айытбайқызының және тарих факультетінің магистранттары Маликова Анар мен Мейрамбекқызы Нұрсұлудың ұйымдастыруымен журналистика факультетінің 1-курс студенттеріне «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөйбейміз»- атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараның қонақтары:

«Қазақстан тарихы» — кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент-Ноянов Еділ Ноянұлы, тәрбие жөніндегі орынбасары- Арынов Жұмақан Мақанұлы сыйлы қонағы болды.

Іс-шараның мақсаты:

Алаш зиялыларының тәуелсіздік жолындағы айқын күресін, қазіргі жастарға (студенттерге) көрсету.

Журналистика факультетінің студенттері өздерінің арнауларымен іс-шараны бастады.

Журналистика факультетінің 1курс студенті Бауыржан Альмираның өлеңі, тек қана Алаш зиялылары туралы ғана емес, Қазақстанның тарихы туралы жазған арнауымен ерекше көзге түсті.

Тұғырлы Қазақстан

Қазақстан — орда-бағы Алаштың,

Қанат қаққан, оятқаны қазақтың.

Қызыл әскер талай ғасыр таптаған

Қанын жуған, шер толқытқан тым ашты.

Қазақстан — мұң тұздалған шертті сыр,

Басып-жаншу, ауырлықпен өтті жыр.

Шырғалаң мен сергелдеңге дес бермес

Қазағымның қаһары мың жасағыр.

Қазақстан — аштықпенен күрескен,

Тоз-тоз қалып, көз сұққанмен тебіскен,

Ұлттық сана, рух болмысы тірескен.

Ұлтшыл болып жазаланды алашым

Сол заманда қомақты үлес беріскен.

Қазақстан — білім жолын етті өрнек,

Мәдениет, әдебиетпен екі өрмек.

Ғылым, ілім, өнер, ақыл тоғысқан

Қатарына өзге елге жол тосқан.

Қазақстан — егемендік өлкесі,

Алтын күні дербесткікке нұр төккен.

Қыраны — билік, қырағылық нүктесі,

Іргетасты мемлекекет боп шарп еткен.

Бауыржан Альмира

Студенттер тек қана арнаумен ғана емес, енді көріністерімен іс-шараны әсемдеді.

Көрініс:1917 жылы болған, Алаш зиялыларының тағдырларын бейнеленді. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай және т.б Алаш зиялыларын патша үкіметі айыптағаны көріністе айқын бейнеледі.

Біз тек қана көріністің ғана емес, сонымен қатар студенттердің домбырамен күй орындағанының куәсі болдық. Кейін іс-шара ойынмен жалғасты. Ойында Алаш қайраткерлерін, олардың өмірбаяны арқылы табу керек болды. Осы жолыда студенттер өздерінің ақылдылығымен басым түсті.

Тарих ғылымдарының докторы, доцент Ноянов Еділ Ноянұлы, Алаш зиялылары туралы және бүгінгі іс-шараға өзінің пікірін білдірді.

1-курс студенті Сабыр Шұғыланың домбырадағы «Шындық» туралы толғауымен іс-шараны аяқтады.

Алаш туы астында-күн сөнгенше сөнбейміз,

Енді ішкімді Алашты,

Қорлығына бермейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Ынтықбаев Рақым

Ғылыми жетекші: «Тарих-география» мамандығының магистранты Мейрамбекқызы Нұрсұлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *