Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан

Кусбекова Гульдана

«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан»

Мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық мамандықтың анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер — тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес.

Уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.
Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет.
Қазіргі жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады. Ал қиындықсыз іс болмайды.

Кәсіп таңдау – өте жауапты іс. Алдағы өміріңнің ойдағыдай қалыптасуы да таңдаған мамандығына, оны қалай атқаратынына байланысты. Егер қалаған кәсібің ұнаса, жұмысына жеткенше асығасын, әрбір еңбек күнің саған қуаныш сыйлайды. Ал, егер таңдауын дұрыс болмаса, бойыңды ауыр зіл – батпан басып, алға басқан қадамын кері кете береді. Сондықтан, бір шешімге келу үшін толғанасын, толқисың, мың ойланасын.Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі — өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз — бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:
— Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
— Қызметке бейімділігі
— Кәсіптік білімі мен біліктілігі
— Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім
— Ұйымдастырушылық қабілет
— Заманға сай жаңашылдық
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені — өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *