Абай Құнанбаев

Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

Қорыта келе айтарым, Шәкәрім Құдайбердіұлына қармақты дұрыс ұстатқан Абай атамыз болса, сол қармақпен алтын балық ұстай білген Шәкәрім Құдайбердіұлы екендігіне жоғарыдағы сөздер дәлел бола алады.

 Жазушының лирикалық-философиялық шығармаларында руханият пен адам танымы, оны жетілдіру тақырыбы басты орын алады.

Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты ерекшелігі – оның ойшыл, философ. Шәкәрім қазақ поэзиясында бұрын таныс емес философиялық лирика түрлерін жасады, бұл салада үлкен жаңалықтар ашты. Шәкәрім Құдайбердиев табиғат, қоғам, адамдар туралы көп ой, философиялық тұжырымдар қалдырған.

Шәкәрім жанның ешқашан өшпейтін, бүлінуге көнбейтін, бәрі жақсарған сайын, биікке көтерілетін болмыс екенін алға тартады. Шәкәрім үш ақиқат, яғни материалистік дүниетаным, теологиялық дүниетаным және жеке тұлғаның қадір-қасиеті туралы ойларын ортаға сала отырып, Шәкәрім адам жанын ұждан көрінісімен тығыз байланыстырады. Бұл ой оның бүкіл шығармашылығынан қызыл жіптей өтеді.Шәкәрім ар-ождан көріністерінде адам жанының жетілуін жанның қажеттілігі деп біледі. Ол жанның бар екеніне және адам өлгеннен кейін жойылатынына шын жүректен сенеді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *