Ұлы мақсатты жүзеге асыру аясында жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері

Өскенбаева Гүлнара Құрманбайқызы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты халыққа Жолдауы білім мен ғылым саланың өкілдеріне өзгеше жігер беріп отыр.Білім беруді дамыту арқылы мемлекеттің өсіп-өркендеуіне жол ашылады. «Алтыншы. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?»/1.5/

Тәуелсіз еліміздің керегесі кең,шаңырағы биік болып дүние жүзінің алдыңғы қатарлы озық елдерінің қатарына қосылуы үшін білімді, ғылымды меңгерген ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде өзге елдермен терезесі тең,бәсекелестік дәрежеге жетуі керек.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мен білім беру жүйесіндегі іс жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын»; «Ұлттық бәсекелестікке қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады»; «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», — деп атап көрсетті Қазақстан халқына Жолдауында.

Әлемде болып жатқан өзгерістердің кез келгенін алып қарайтын болсақ,өте аз уақыт аралығында үлкен жетістіктерге жетіп отырғандығын байқауға болады.Атап айтқанда Ресей  ғылымы мен АҚШ ғылымының екі мемлекетте космос корабльдерін өз жетістік деңгейінде жасап шығарып, космоста біріктіруін ғылымның ең шыңына шыққан классикалық үлгісі ретінде тануға болады, ХХ ғасырдың бірінші жартысында адам ойының өнімі ретінде қаралатын соңғы жаңалықтар т.с.с дәл осы қарқынмен дамып жатқан білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы айтуға болады. Жоғары қарқынмен дамып жатқан әлемдік білім саласының маңызды екі мәселесі болып отырған «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»

Менің ойымша «Білім беру процесінің басты тұлғасы – үйренуші» деген ұстаным бүгінгі күннің ең маңызды мағынасы іспеттес.Бұл идея Болонья процесінің негізгі қағидаларына сәйкес келеді.Бүгінгі әлем дамуының жаңа бағыты күн сайынғы өзгеріске ұшырап жатқан экономикалық,әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді.

Қазіргі заман тәсілінің негізгі ерекшелігі, оқушылардың алған білімдерін игеріп қана қоймай,оларды орынды жерде дұрыс қолдана білуіне басты назар аударып отыр. ХХІ ғасыр талабының көздеген дағдысының мәні осында.ЭЫДҰ-ның алдына қойған кең ауқымды дағдылардың моделі болып табылады.Бұл жоба терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан түйінді құзіреттер   жүйесін сипаттайды.Пән мұғалімдері өздеріне тапсырылған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарап, оқушының білім сапасы мен дағдысын дамытуға ғана көңіл аударып қоюмен шектелмей,білімін барынша жетілдіріп,баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыру арқылы , оны жеке тұлға ретінде дамытуға икемділік танытулары тиіс.

Осы жоғарыда келтірілген мысалдар мен тұжырымдамалардан келіп шығатын ой-пікірлерді іске асыру мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Англия мемлекетіне сапары барысында қол жеткізген  «Қазақстан мектептеріне Кембридж әдіс-тәсілдерін тарату» келісімінің маңызын ерекше қуанышпен айтуға болады.Үкіметіміздің білім саласына жасап жатқан қамқорлығына тоқталатын болсақ,алдағы өткен кеңестік кезеңде  салынған мектептердің жалпы санынан соңғы уақыттағы ,яғни, тәуелсіздік алғаннан бері 22 жыл ішінде салынған мектептердің санының көптігі,материалдық-техникалық базасының нығайтылуы,ең соңғы әлемдік стандарт талаптарына жауап бере алатын «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» салынуы,ең негізгісі,мұғалімдердің соңғы педагогикалық әдіс-тәсілдерді әлемдік деңгейдегі мамандардан алулары деп айтсақ болады.Қазіргі уақыттағы білім беру саласының алдына қойылған міндет «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».Осы екі бағыттың екіншісін,яғни,   «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» тақырыбында жұмыстар атқару керектігін білдім.Бұл жерде негізгі мақсат оқушыны оқыту процесі арқылы емес,қалай оқып үйрену керектігіне көбірек мән беруіміз керек.Осы уақытқа дейінгі беріліп келген дәстүрлі білім тек қана «түсіндіру» арқылы беріліп келді,яғни «жаттанды білім» оқушыны іздендіруді көп қажет етпейді.Барлық талап етілетін тапсырмаларын мұғалім әр сабақта түсіндіріп береді,ал шын мәнінде оның іздену жағдаяттары туралы ойлануына ешқандай мүмкіндік берілмейді.Осындай қиын жағдайдан шығу жолдарын қарастырып жатқан әлемдік педагогиканың алдына қойған мақсаты алған білімді  білім алушы өмірде қолдана алуы.Ұстаздың тек оқулық материалдарымен ғана шектелуі оқушыны да,өзін де сауатсыздыққа ұшыратады.Өйткені,оқулық білім емес,әрбір ғылым саласын қамтыған ақпарат ғана. Осы «түсіндіру» әдістемесі балаларды білімсіздікке ұшыратып,өз бетінше ойлау қабілетінен айырып,миларына жүк түсірмей,мұғалімнің айтқанын қайталаумен ғана шектелетін жаңа оқушыларды өмірге әкелуде.Демек,жаңа формацияның мұғалімі өз білімінің жоғарылығымен ғана шектеліп қана қоймай,үнемі ізденісте болуды талап етіледі. Оқушылардың «мен тақырыпты қалай оқып үйренемін?» бағытында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша,өздігінен ізденіп алған білімдері ұзақ уақыт бойында сақталып қана қоймай,өмірде қолдануға бейімділігі артады.

Әлемдік педагогиканың даму бағытын зерттей отырып еліміздің білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізу қажеттігі заман талабы ретінде туындайды.Кембридж оқу әдіс-тәсілдерінің алдына қойған мақсаты Қазақстан мектептерінде жан-жақты зерттелген,өзіндік бай нәтижелерге ие болған әдіс-тәсілдер тарату.Оқушылардың білім сапасы деңгейін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық әрекеттердің бір бағытқа қарай бағытталуы керек сияқты.Оқушы алған білімін өмірде қолдана білуі,яғни сол арқылы өмірге бейімделуі керек.

Сабақты тартымды,қызықты етіп өткізу – мұғалімнің шеберлігі,білімділігі,таланты.Егер,мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға,ізденуге,тәжірибе жасап,істеген жұмысын қорытындылай білуге,сөйлеу мәдениетін дамытуға,ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса,келесі бір сабақтың тұрмыс,салт-сана көрінісіне,қазіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса,сол арқылы танымдық мақсат қояды.Сөйте отырып,ұлттық дәстүрді қадірлей білуге ,адамгершілікке,ізгілікке ұлттық тәрбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне-өзі баға беруге,әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға,өзінің жетістігіне жете білуге,өз бетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады.Оқушылар арасында ынтымақтастық,сенім ахуалы қалыптасып,өзара сыйластық орнайды.

ХХІ ғасырдың ұстаздары жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең,жан-дүниесі бай,ұлттық мемлекетшілдігі жоғары,оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін,кез келген жағдайдан  шығудың жолын таба білетін,теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыратын, жауапкершілік сезімі зор,қоғамда белгілі рөл атқаратын,қайталанбас дара тұлға болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы білім беру саласының негізгі саясаты болып, «Білім туралы»Заңында орын алатын еліміздің білім беру кеңістігінде біркелкілікті сақтау,ұлттық,аймақтық және мәдени дәстүрлерді дамыту,білім беру стандарттарын мемлекеттік білім талаптары ретінде білім беру мекемелерінің барлық түрлері үшін  сақтау болып табылады.

Бұл білімді басқарудың бір жағынан жаңа механизмдерін жасауға,білім кеңістігіне біркелкілікті сақтау,екінші жағынан,білім сапасын мемлекеттік бақылау формалары  мен әдістерін өзгертуге алып келді.

Білім беру жүйесіндегі серпіліс оқыту мазмұнында ,оқыту барысында қазіргі заманымыздың тірек боларлық үш жасампаздық әрекеті – талант,жоғары кәсібилік,интеллектуалдық күшті дамыту,тәрбиелеу арқылы ғана жүзеге асатынын алға тартады.

Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соңғы 21 жыли көлемінде білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан қарқынды,үздіксіз реформалау өзінің жемісті нәтижелерін беруде.Олардың бірқатары:Үздіксіз білім берудің көп сатылы жүйесіндегі негізіндегі ұлттық білім берудің моделі түзілді,өзінің мазмұндық құрылымында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін басшылыққа алатын,кредиттік оқу жүйесіне негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарды дайындалып білім беру жүйелеріне ендірілді.

Бүгінгі заманымыздың алдымыздағы қойып отырған нақты талаптарына жауап бере алатын жаңа тұрпаттағы болашақ мұғалімдерді кәсіби педагогикалық дайындау үдерісінің моделі төмендегідей бес бағытта түзілгені белгілі.

Оның бірінші талабы тұлғаның кәсіби бағыттылығы,жаңа тұрпатты  мұғалімге қойылатын бұл талап негізгі үш құраушы компоненттерімен сипатталады.Олар болашақ педагогтың тұлғалық,мазмұндық және процессуалдық дайындық деңгейлерін анықтайды.Дайындық деңгейіне қойылатын екінші талаптұлғаның адамгершілік идеялық ұстанымымен байланысты,яғни мұғалімнің гуманистік және танымдық көзқарастарын заманауи талаптарға сәйкес қалыптастыру.Жаңа тұрпаттағы мұғалімнің кәсіби педагогикалық деңгейіне қойылатын үшінші талап,тұлғаның кәсіби қызмет жағдайына боейімделуімен сипатталады,ол оқытушының психологиялық,технологиялық және кәсіби  әдістемелік дайындық бағыттарын  көздейді.Төртінші талап мұғалім тұлғасының инновациялық және шығармашылық іс-әрекетін дамытуды көздейді.Ол мұғалімнің интегралдық үрдісіндегі бағдарлық,интеллектуалдық қызмет және өз мүмкіндігін бағалау бағыттары бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.Сонымен қатар мұғалімнің  кәсіби педагогикалық деңгейіне қойылатын бесінші талап жеке тұлғаның құзырлық,яғни оның мәдениеттік әдіснамалық және өз пәніне бағдарлылық  қабілеттерін дамытумен байланысты.

Білім – «ертеңгі» менталитетті, «бүгінгі» мәдениетті қалыптастыратын,балаға рух ақыл-ой,сезім беруші әлемнен ажырамас тұтас үрдіс.Ал осы білімді тиімді жолдар арқылы оқушыларға үйрете алу бұл педагогтың шеберлігіне саяды. Кәсіби-педагогикалық  деңгейде оқытуда:жаңа технология,дидактикалық,ғылымилық,жүйелілік,өмірмен байланыс т.б.ұстанымдарға сүйене отырып жүргізілген сабақтар жатады.Педагогтың кәсіби біліктілігі кәсіби құзырлықта көрініс табады.Педагогтердің кәсіби құзырлылығы – оның мақсат,мән,құрылым,құрал,тәсілдер жөніндегі ақпарттануын,кәсіби қызметін,осы қызмет технологиясын меңгеруін,педагог қызметінің маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ететін педагогтың  жеке психологиялық сапаларын жетілдіру және стандартты емес тасымалдарды орындауға қабілеттілігі

Құзырлылық оқытушының мамандықпен ғана шектеліп қана қалмай,ауқымды сұрақтар төңірегінде бағытталуын,кәсіби мобильділік,өзгерістерге ашықтығын,өз білімін дамытуға дайындығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, мұғалім тұлғасы  іскер,шығармашлы, мәдениетті,мейірімді,энтузиаст т.с.с. ақыл-мінездерді бойында жинап топтастырған кәсіби білікті маман ретінде танлуға тиісті. Кәсіби бағыттылықтың процессуалдық компоненті педагогикалық қызметтің конструктивтік,коммуникативтік және ұйымдастырушылық бағыттарын қамтитын әдіс-тәсілдер мен дидактикалық жүйелілікке негізделген сипатпен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
  2. «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат,бір мүдде,бір болашық»Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жыл17 .01.
  3. «12 жылдық білім беру» журналы. Астана, №7 2009 жыл.
  4. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы, 2010жыл.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *