Қоғамның экономикалық өмірі

Тлеубаева Қанафия  Умиржановна

Сабақтың мақсаты: Экономика саласының қоғамда алатын орнын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Экономикалық процесте қоғамдық өмірдің маңыздылығын көрсету.

Дамытушылық:    Оқушылардың логикалық ой-қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Экономикалық жағдайда іскерлікке, шаруашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі:  оқулық, суреттер, кесте ,интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: география,экономика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:

1.Әлеуметтік институттар ұғымы

2.Әлеуеметтік институттардың негізгі құрылымы

ІІІ.  Жаңа білімді меңгеру

1.Қажеттілік – қоғамның қозғаушы күші

2.Қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – өндіріс

3.Ресурстар

 

  1. Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар— бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі — шектеулі (мұнай, көмір, т. с. с). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

Қажеттердің түрлері

Қажеттерді бөлу белгілері Қажеттердің түрлері
Тарихи орнына қарай 1)Бұрынғы; 2)Қазіргі; 3)Болашақ
Қанағаттандыру деңгейіне сәйкес 1)Түгел; 2)Жартылай; 3)Қанағаттандырылмаған
Қалыптасу қарқынына қарай 1)Сирек; 2)Тұрақты; 3)Өте жиі кездесетін
Қажетті қанағаттандыру жолына қарай 1)Күрделі; 2)Оңай
Қалыптасу түріне қарай 1)Ашық; 2)Бүркемелі

А.Маслоудың қажеттіліктер

пирамидасы

 

 

 

 

.

 

 

  1. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Олар:

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

Материалдық ресурстар — дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.

Өндіргіш күштер — бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қоғам қажеттіліксіз экономикалық салада дамымаушы еді – тұжырымдамасына келісесіңдер ме?
  2. А.Маслоу қажеттілік пирамидасын түсіндіріп бер.
  3. Қоғамдық өндіріс процесінің маңыздылығын айтып бер.
  4. Ресурстардың қандай түрлері бар?
  1. Үй тапсырмасын беру:Қоғамның экономикалық өмірі
  2. Бағалау.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий