Эссе: « Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде »

« Боранқұл балабақшасы » МКҚК

« Айгөлек » бөлімшесінің

тәрбиешісі Амирханова Айнұр Рабхатқызы

 

 

« Білім – адам баласының ортақ қазынасы »

                                                                                        Жүсіп Баласағұн.

 

 

Баласағұн атамыз айтқандай менде баланың тәрбиесі мен білімі туралы өз ойымды ортаға салып қозғағым келіп отыр…

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы.Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

Мен балабақшада еңбек еткеніме аз ғана уақыт өтті.Ұжымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады.Бірақ, менің есімде қалғаны – біздің бірінші кездесуіміз.Балабақша есігін ашқанымда – « Бақытты балалық шақ » әлеміне түскенімді түсіндім.

«Бақытты балалық шақ» деген ұғымның өзі отбасы мен балабақшаның тығыз байланыста ұйымдастыра жүргізген жұмысының нәтижесі.

Әр мамандықтың өз қиындығы мен өз қызығы бар.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да.Осы бір «Балалар әлемінің» бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын.Өйткені бала – пәк. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңізші!Балаларды ана тілінда әдемі сөйлету, олардың ой – сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу,танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру,баланы өмір сүруге үйрету-өте қиын шаруа.Оны баламен жұмыс жасап көрген адам ғана  түсінеді.Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара –пар жұмыс жасайды. Мен суретші,әрі әртіс,әрі баланың жан дүниесін түсіне отырып,балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын.

Еліміздің айқын мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген,парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді,біздің бабаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді.

Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі,білімді,өресі биік,денсаулығы мықты өкілдер болады…» деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз.

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесіне,даму бағытына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім мен тәрбие негізі – балабақшадан бастау алады.

Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал.Тағылымы тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын,ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі зор. Жалпы қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының,балабақшаның,барша халықтың міндеті.Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып,өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,

балабақшамен байланыс арқылы адан әрі жалғасады.Яғни, бала тәрбиелене отырып білім алады.

Мен баланы тәрбиелей отыра білім беру кезіндегі проблемалық тақырыбыма тоқтала кетсем: Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.Онда мен балаларға сандық ұғымдардың қалыптасуын ,санауды, қарапайым есептер шығару, дидактикалық ойындар арқылы, өзіндік жұмыстар беру арқылы баланың ойын дамытамын. Сонымен қатар балалардың заттардың көлемі мен пішінін ажырата білуге үйрете отырып, заттың ені, биіктігі, ұзындығын салыстыру мен зерттеу тәсілдерін үйрету.

« Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деп» -деп,Абай атамыз айтқандай балаға үйретуден ешқашан жалықпай жұмыс жасай білуіміз керек деп ойлаймын.

Бала тәрбиесіне тек балабақша, мектеп, оны қоршаған орта ғана емес,сонымен қатар отбасы мүшелерінің тигізер әсері мол.

Тал бесіктен басталатын бала тәрбиесін бүгінгі заман талабына сай жан-жақты жетілдіру,білімді де саналы тұлғаны қалыптастыру өмірге ұрпақ әкелетін ата-анға ғана емес,мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне де жауапты да салмақты міндеттер жүктейді.

Жас ұрпақтың негізі бұрын мектепте қаланады десек, енді оның балабақша қабырғасында қаланатынына көзіміз әлдеқашан жетті.Сондықтан бүгінгі тәрбиешіге қойылатын талап та жоғары болмақ.

Тәрбиешіге қойылатын бүгінгі күннің талабы:

  • Балаға іс-әрекет не үшін керек екендігін сезініу жағдайын жасау.
  • Қызықты түрде білім беруді ұйымдастыру.
  • Содан соң баланың түсінгенін үнемі орындауды талап ету.

Ғылым мен техниканың қарыштап дамығын тұсында еліміздің білім мен тәрбие беру жүйесінде тың ізденістерді негізге алған мемлекеттік бағдарламалар енгізіліп қана қоймай, міне, әлемдік стандартқа көшуге бет түзей бастадық.

Жаңа стандарттың кіріспе бөлімінде – Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартын жасау мен енгізудің обьективті қажеттілігі былай көрсетілген: — Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау мен дамыту қажеттілігі, мектепке дейінгі білім беру қызметіне балаларды отбасы жағдайында тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсетуде қол жетімділікті кеңейту; — жалпы білім беретін мектептерді 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру; — мектепке дейінгі білім беру формасының балалардың даму және педагогтардың шығармашылығын қамтамасыз ету.

Н.Ә.Назарбаев « Ғасыр мақсаты – қоғамның нарықтық қарым –қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер икемделген,жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру » деген тұжырым жасайды.

Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы сәби кезінен басталады.Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы тиіс.Өмірге келген әрбір бала бақытты болуға тиісті.Бұл баланың басты құқығы.Балалар — еліміздің бүгіні мен ертеңі.Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып,өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру біздің мақсатымыз.

Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып,өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні.Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі,тек қана бала, еш нәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып,өз құпияларын айтып,маған сенім артады.Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды,себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін.Осй сенімнің болуы — әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.

Сөз соңын Елбасымыздың «Егемен еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеп жетілдіру басты назарда болуы тиіс» — ұтымды ойдан туған сөзімен аяқтай келе, еліміздің ертеңі балаларымыздың болашағы үшін тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден жалықпайық дегім келеді.

                        Педагогтың шағын тұжырымдамасы

Кіріспе.

Педагогтың басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау,баланың тәрбиелену,білім алу және жан жақты қалыптасу,ана тілін ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау,денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.

 

Мақсат – міндеттер:

  • Тұлға ретінде баланың жеке басының іс әрекетін дамыту теориясы негізінде белсенді әдіс тәсілдерді қолдана отырып,тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жетілдіру.
  • Отбасы қарым –қатынас ындағы үлгі-өнегенің тәрбиелік ықпалын арттыру.
  • Ұлтжандылықпен халқымыздың мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық,мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту.

                                       

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *