Нұрдаулет Ақыш. «Нағыз әже»

Күні: Мектеп
Пәні: қазақ әдебиеті Мұғалімнің аты-жөні: Шоқбарова М.Қ
Сынып: 5-сынып Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі. Қонақта  ҰМЖ бөлімі: 4.Отбасы құндылықтары
Ойлау деңгейі    Түсіну, талдау, бағалау  
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/Ж4. Көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді көркем  оқу, есте сақтау.

Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Сабақтың мақсаттары

 

 Барлық оқушылар орындай алады: шағын көлемдіүзінділерді көркем оқиды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шағын көлемдіүзінділердегі  негізгі кейіпкер бейнесіншынайы өмірмен салыстырады, бағалайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: шағын көлемдіүзінділердегі диалог арқылы кейіпкерлерге  баға               баға береді, болжам жасайды.
Бағалау критерийлері  Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді көркем оқып, есте сақтайды.

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырады, бағалайды.

  Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Әңгімеден үзінді, кейіпкер, бейне, диалог, эпизод, сипаттама

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша…., Маған…………… әсер етті, …………….болғанын қалаймын, Менің болжамым бойынша………. . Меніңше,………..

                              Талқылауға арналған сұрақтар:
·        Әже қандай болу керек?

·        Шығармадағы әже қандай?

·        Өмірде қандай әже көп?

·        Сенің әжең қандай?

 

*      Үзіндідегі диалог кімдердікі?

*       Қай оқиғаға байланысты айтылды?

*       Бұл қай кейіпкердің сөзі?

*       Саған қалай әсер етті?

*       Аликтің анасы болашақта қандай әже

болуы мүмкін?

 

 

Құндылықтарға баулу Отбасылық құндылықтар, ұрпақ болашағы.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, әдебиет, өзін-өзі тану, халықтық педагогика
Осыған дейін меңгерілген білім Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі. «Шіркін, менің әжем» тақырыбы бойынша тарихи құндылықты бағалау.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) Дереккөздер
Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі:/3минут/ тарихи құндылықтарды бағалау негізінде атақты ақын-жазушыларымыздың әжелерінің атымен топқа бөлу.

ТЖ.  1-тапсырма:  /8минут/

   «Адасқан үзінді » әдісі бойынша  сынып қабырғаларында әңгімеден  4 үзінді тұрады. Әр топ мүшелерінен бір адам  үзіндіні көркем оқыңыз. Әңгіме желісі бойынша әңгімелесе отырып үзінділерді тақтадағы ұяшықтарға ретін анықтап қойып, түсіндіріңіз.

1-үзінді

Бұл жолы шақырылған жерге желп етіп жетіп бара салмай , кәдімгідей мән беріп дайындалдық. Тіпті өз отбасымыздағы қуанышты қарсы алатындай-ақ қарадай қарбалас жасап, әбігерге түсіп кеттік… Әсіресе, қыздарымыз алабөтен қуанышты. «Әжеге барамыз, әжені көреміз» деп өздерінше мәз-мейрам…

2-үзінді

-Әже, онда бізге ертек айтып берші,-деді сөздің ретін бағып отырған Ая сабырлы қалпын  сақтаған күйі. Осы кезде Жолдастың жұбайының саңқылдаған өктем үні тағы естілді:

-Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей! Біздің бабушка сендерге, немене, ойыншық па еді сонша…

3-үзінді

Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған –Ая екеуміз. Бір-екі рет өзара жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жаратып сөйлескеніміз де жоқ. Екеумізді мазалаған ойдың ортақтығын  содан-ақ  сездім. Жанымды қинаған жайсыз сезімді ашып айта алмай, қуыстанатын секілдімін. «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау» деген  өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтті…

4-үзінді

Әлгі бір уақыттан бері іштей жақын тартып, өзімше пір тұтып отырған шешей осыны айтуы-ақ мұң екен, біртүрлі жатырқап сала бердім.Әлденеден бойым тітіркенгендей ішіме  салқындық үйірілді.

 

 

 

 

 

Үзінді жазылған       парақшалар

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БС

ЖЖ. 2-тапсырма. /10 минут/

Салыстыру аймағы Сырт келбеті, киім кию мәнері Мінезі Іс-әрекеті
Ая мен Райхан қиялындағы әже бейнесі      
Шығармадағы әже      

Салыстыру аймағы» әдісі арқылы шығармадағы  әже мен әңгіме кейіпкерлері

Ая мен Райханның қиялындағы  әжелердің бейнесін салыстырады.

3-тапсырма/10 минут/

ЖЖ.«Пікірлер желісі»  әдісі арқылы берілген проблемалық сұрақтар бойынша кейіпкер бейнесін шынайы өмірмен байланыстыра отырып, өзойыңызды білдіріңіз, дәлелдеңіз.

·        Әже қандай болу керек?

·        Шығармадағы әже қандай?

·        Өмірде қай әже көп?

·        Сенің әжең қандай?

http://kitap.kz/reader/bota_nagiz

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

ТЖ. 4-тапсырма: /8 минут/

Диалогпен жұмыс /тақтаға кейіпкерлер суреті ілінеді/

Әр топқа үзінді бойынша 4 диалог таратылады. Топ мүшелері үзінділердегі диалогқа байланысты сұрақтар бойынша  кейіпкерлерге  баға береді,болжам /50 сөз жазу/ жасаңыз.

1-диалог

-Жоқ, бұрынғының ертегіші кемпірі ғой деп пе    едіңдер, өтірік шынды қиыстырып соға беретін. Кісінің мазасын алмай, ойнаңдар  ана балалармен.

2-диалог

-Папа, Аликтің әйбат кітабы көп екен. Бірақ бізге көрсеткен жоқ. «Жыртып тастайсыңдар, сосын мұғалім ұрсады» деп бермей қойды.

3-диалог

-Жоқ, папа. Ол әже емес. Ол жай ғана бабушка.Мен білем, әже деген ондай болмайды. Өзің айтқансың.

4-диалог

-«Әже емесің» не, қызым-ау. Енді кім екен, ә? Қой  олай деме, ұят болады.

Сұрақтар легі:

1.  Үзіндідегі диалог кімдердікі?

2.  Қай оқиғаға байланысты айтылды?

3.      Бұл қай кейіпкердің сөзі?

4.      Саған қалай әсер етті?

5.      Аликтің анасы болашақта қандай әже болуы мүмкін?

 

«Шығу билеті» /2 минут/ әдісі арқылысабақтан алған әсерін стикерге жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *