Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі «ДІНТАНУ» болғанын білесіз бе?

Атақты Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан Кембридж қаласында құрылған. XIII ғасырдың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. XVII ғ-да Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669 – 1702 ж. И.Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 ж. Кембридж университетінде Ч.Дарвин магистр атағын алған. Кембридж университетінің өзіндік ерекшелігі – күні бүгінге дейін өзінің ортағасырлық құрылымын сақтаған.  Университетті жоғары білікті қызметкерлерден тағайындалатын канцлер басқарады.

Әлемдік QS World University Rankings рейтінгісі аталған университетті  жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды.

Елімізде  дінтанушы  мамандар  1999  жылдан  бері  дайындалып  келеді. Алғашқы  кезде  тек  жоғарғы  оқу  орындарының  еншісінде  болған  дінтану  ғылымы, бүгінде  орта  мектептердің  бағдарламасына  енді. 2011 жылдан  бастап  бұл  пән  міндетті  факультативтік  курс  ретінде  оқытылды.

Дінтанулық білім тарихы 1992 жылы алғаш рет Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Дін және еркін ойлау» мамандығының ашылуынан бастау алады. Қазақстанда «дінтану» және «теология» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), Л.­­­­Н. Гумилев атындағы Еуразия үлттық университеті (Астана қ.), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.), , Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.), «Нұр» Египет Ислам мәдениеті университеті (Алматы қ.) ғана мамандар даярлауда.

Қазіргі таңда Республика бойынша білімі жоғарғы дәрежелі университеттердің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Дінтану мамандарын даярлау бойынша «дінтану пәнінің оқытушысы», «ислам теологиясы бойынша сарапшы», «христиан теологиясы бойынша сарапшы», «жаңа діни ағымдар бойынша сарапшы», «мемлекеттік дін қатынастары бойынша сарапшы» секілді бейіндік бағыттары қалыптасқан.

Аталған мамандану бейіндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде толығымен қамтылған. ҚазҰУ-де сонымен қатар дінтану магистранттары болашақта өндіріске жіберілетін бейіндік бағыт, ғылыми қызмет пен жоғарғы оқу орындарына оқытушылыққа жіберілетін ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша да даярланады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

Философия және саясаттану факультеті,

Дінтану мамандығының 4 курс студенті

 Болатханова Ақбөпе,

доцент Мұқан Нұрзат

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *