«Ең сұлу адам- ол менің анам» логопедтің

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің логопед маманы Кадырова Диана Ахметжановна

Сабақтың тақырыбы: «Ең сұлу адам – ол менің анам!»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырыппен таныстырып, ана туралы түсінік беру. Аналар мейрамы туралы түсінігін қалыптастыру. Анаға деген бала махаббатын ояту.
Дамытушылық: Артикуляциялық аппаратының қимыл- қозғалысын, дұрыс тыныс алуын, қолының ұсақ ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, гүл.
Жаңа сөздер: «ең сұлу», «сыпайы», «сабырлы» т.б.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Психолого- педагогикалық дайындық.
ІІ. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз!
Бас бармағым — атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортақ терек – әкем,
Шылдыр шүмек анам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

ІІІ.Артикуляциялық жаттығу орындау.
1.« Сырғанақ» артикуляциялық жаттығуын орындау
Орындау тәсілі: аузымызды ашамыз, тілдің ұшын астыңғы тістердің іш жағынан тіреп, итереміз.

2.« Жылан»
Орындау тәсілі: Ауызды кең ашамыз, тілді жіңішкертіп ұстап, сыртқа қарай, содан кейн ішке қарай тартамыз. Жыланнын дауысын келтіріп «ссссс» деп айтамыз.

5-7 рет қайталау.
ІV. Дыбыспен жұмыс. (дыбысты дұрыс айтып, созып, қысқа оқу)
V. Тыныспен жұмыс. Гүлдің үстінен араны үрлеп ұшыру.

Негізгі бөлім.
1. Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ең сұлу адам – ол менің анам!» Ана – бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Ана – әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Ал бізде көктемде қандай мейрам жақындап келе жатыр? 8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы. Бұл мейрам біздің аналарымызға, әжелерімізге арналған. Осы мерекемен біздің қонақтарды қалай құттықтар едің?

VІ. Ойын: «Ана – жарық пен жылу беретін — Күн.»
Шарты: Анасының «С» дыбысына басталатын жақсы қасиеттерін атап күн құрастыру.
VІІ. Сергіту сәті.
Алма баққа барайық ,
Алма теріп алайық .
Ең үлкенін алманың ,
Анамызға сылайық .

VIІІ. Сабақты бекіту.
Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту.

Читайте также:

Добавить комментарий