Болашақ графикалық дизайн мамандарды даярлаудағы оқу үрдісіндегі жаңа технологияны құрастыру

Әбдірайымова Фариза Асанқызы

Дизайн саласында қызмет ететін заман талабына сай қалыптасқан кәсіби деңгейі бар, компьютерлік технологияларды жетік меңгерген мамандарды даярлау осы күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сол себептен жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде осы мәселені шешу жолдарын жетілдіру қарастырылуда. Бұл мәселе төңірегіндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстарды саралау барысында жасаған тұжырымымыз — кәсіби деңгейі жоғары маманды даярлау үрдісінде әлі де шешімін табуды қажет ететін тың салалар жеткілікті. Солардың бірі — графикалық дизайн саласында қызмет ететін болашақ маманнның кәсіби деңгейді қалыптастыруға негізделген арнайы пәндерді оқу барысында компьютерлік технологияларды қажетті көлемде қолдану мәселесі. Осы мәселенің дұрыс шешімін табу жолында ізденіс жұмыстарын қорытындылай келе түсінгеніміз — жоғары оқу орындарында компьютерлік технологияларды оқу үрдісінде қажетті көлемде қолдану әлі күнге дейін дұрыс шешімін тапқан жоқ. Оның басты себептерінің бірі — орта буыннан жоғары жастағы мамандардың кәсіби компьютерлік білімдері мен дағдыларының жоқтығы. Кеңес үкіметі тұсында дизайн саласынан маман даярлау ісі дамыған шет елдермен салыстырғанда өте тар ауқымда болғандықтың салдарынан біздің елімізде бұл сала дамуы жағынан артта қалғандардың бірі болып табылады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы қоғам мен экономиканың дағдарысын бастан кештік. Дамыған елдердегі озық компьютерлік технологиялардың өнер мен дизайнда қолдану кең етек алған шағында біз нарықтық экономикаға енді ауысып жаттық. Сондықтан, тапшылық заманында құны жағынан өте жоғары компьютерлік техника мен технологияларды елдегі экономика салаларына енгізу көш кейін қалды. Осы объективті себептердің салдарынан өнер мен білім беру салаларына қажетті көлемдегі қаражат та бөлінбеді. Еліміздің қарқынды даму кезеңі 2000-шы жылдардан басталғанына бәріміз де куәгерміз. Осы кезеңнен бастап, ел басымыздың басшылығымен 5 бәсекелестікке қарсы тұра алатын мамандар даярлау қажеттігіне бағытталған жоғары білім беру саласында озық технологияларды кеңінен қолдану мәселесіне көңіл бөліне бастады. Бүгінгі күнде нарық сұранысын сай озық компьютерлік технологияларды жетік меңгерген мамандар даярлау өзекті мәселеге айналды. Дамыған елдерге барып білім алу мүмкіншілігі пайда болды. [1] Жаңа технологияларды меңгерген мамандардың дизайн саласында елге қайта оралып, алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін осы саланы дамытуға үлестерін қосуда. Дегенмен, бұндай кадрлар еліміздегі сұранысты толық қамтамассыз ете алмай отыр. Сондықтан жоғары оқу орындарындағы білім беретін оқытушыларды шет елдерге «Болашақ» бағдарламасы арқылы жолдау қолға алынуда. Заман талабына сай озық технологияларды менгерген оқытушылардың елге қайтқан соң өз кезегінде көптеген маман даярлайтыны айтпасақ та қаржылық тұрғыдан қарағанда тиімдірек болатыны түсінікті. Әрине, тек қана шет елде біліктілікті көтеру арқылы бұл мәселені қажетті көлемде шешумен шектеліп қана қоймай, өз елімізде де бар мүмкіншілікті пайдаланып, өз тараптарымыздан ізденіп, біліміз бен біліктілігімізді жетілдіруіміз керек. Сонда ғана елдегі сұранысты толық қанағаттандыруға болады.[2,3] Ол үшін жоғары білім ордаларында қызмет істейтін мамандар жаппай компьютерлік технологияларды меңгерулері тиіс. Осы күнде оқытушылармен салыстырғанда студенттердің компьютерлік біліктіліктері анағұрлым жоғары болатын жайттар жиі кездеседі. Бұндай жағдай студенттер тарапынан наразылық білдіруіне әкеп соқтырады. Әсіресе, нарықта сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылатын «Дизайн» мамандығына даярлау үрдісінде бұндай жайтқа жол бермеуіміз керек. Осы мәселені шешуге қажет басты шарттардың ендігісінің бірі — оқу үрдісінде арнайы пәндерде компьютерлік технологияларды қажетті көлемде және әдістемелік тұрғыдан тиімді қолдана білу екендігіне тоқтала кетуіміз керек. Осы күнде компьютерлік техниканы мамандық бойынша білім беруге қажетті деңгейде қолдану барысын зерделеу жұмыстарының қорытындысына назар аударсақ, мынадай мәселелерді көреміз: компьютерлік техникалардың жетіспеушілігі; қолданыста бар компьютерлік техниканың сапасы мен қуаттылығының талапқа сай болмауы; арнайы компьютерлік бағдарламалардың соңғы үлгілерінің болмауы; озық жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіншіліктің шектеулігі; арнайы пәндерді беруде компьютерлік әдістемелердің қажетті деңгейде қолданылмауы; интернет желісінің компьютерлік класстарда кеңінен қолданылмауы; өндіріспен тығыз байланыстың болмауы. 100 100 100 Осы мәселелерді ойдағыдай шешуге әрине қаржы мәселесі кедергі жасайды. Дегенмен, қолдағы бар мүмкіншіліктерді барынша қолдануымыз керек. Ол үшін жоғарыда айтқандай, біріншіден — оқытушылардың компьютерлік біліктіліктерін көтерулерін талап ету; екіншіден — компьютерлік техниканы арнайы пәндерде қажетті деңгейде қолдану; үшіншіден — студенттердің кәсіби компьютерлік деңгейлерін қалыптастыратын арнайы әдістемелерді қолдануды жүзеге асыру қажет. Барлық материалдық жағдай жасалған кезде де, оны тиімді қолдана білуді қалыптастырмай, қажетті мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан, оқу барысында оқытушы өзіндік ізденіс жасау арқылы меңгерген озық әдістемелерді барынша тиімді қолдануы керек. [4,5]Осы мәселе төңірегінде жасалған ізденіс жұмыстары мен көпжылдық тәжірибе жинақтау барысында жеткен жетістіктерге сүйене отырып, компьютерлік технологияларды маман даярлау үрдісінде қолдануға болатын біршама әдістемелер пайда болды. Атап айтқанда, дизайн мамандығынының арнайы кәсіби пәндері – «Кәсіби компьютерлік бағдарламалары», «Компьютерлік жобалау», «Компьютерлік және баспа графикасы» және «Компьютерлік моделдеу» сияқты қалыптасқан пәндерді оқыту барысында студенттердің бастапқы компьютерлік білімдері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемелері осы Ал, болашақ дизайнерлердің кәсіби деңгейлерін қажетті деңгейде қалыптастыруға қажет әдістеме осы мамандықтың басқа да арнайы кәсіби пәндерінде қолданумен ұштастырғанда ғана өз деңгейінде болады. Атап айтсақ: «Фирмалық стиль», «Графикалық дизайн нысандарын жобалау», «Жарнаманың арнайы түрлері», «Графикалық дизайн бөліктері мен үрдістері» және т.т. сияқты арнайы пәндерде дәстүрлі қолмен орындау тәсілдерін меңгергеннен кейін компьютерлік тәсілдерді қолдануды үйрету керек. Болашақ дизайнерлердің кәсіби деңгейлерін қалыптастыруда елеулі орын алатын оқу формасының бір түрі болып саналатын кәсіби өндірістік практикалардың да маңызы зор. [6,7] Практиканы өту барысында студенттер шынайы нарықтағы дизайн салаларының өндіріс құрылымы мен жұмыс ортасынмен танысуға, шамасына қарай тапсырыстар орындап, тұтынушылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Кәсіби өндіріс орнында оқу орнында жоқ компьютерлік техникалардың түрлерімен, атап айтқанда: озық дизайнерлік компьютерлік бағдарламалармен; кәсіби принтерлер мен плоттерлемен; кітап және ақпарат баспа құрылымдарымен; жарнаманың арнайы түрлерінде қолданылатын баспа қондырғыларымен; дизайн саласында қолданылатын жаңа материалдар 101 101 101 мен технолгиялармен танысуға және олармен жұмыс істеу тәжірибесін меңгеруге мүмкіншілік алады. Дегенмен, студенттердің компьютерлік кәсіби дағдыларды қалыптастыру үрдісінің қомақты ауқымы білім беру ағымындағы арнайы және кәсіби пәндерді оқыту барысына тиесілі. Сондықтан, оқу пәндерін оқыту үрдісінде студенттердің дизайн саласына қатысты теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларын күнделікті дәріс оқу барысында қалыптастыруымыз керек. Ол үшін дәріс беруші оқытушы осы салада шығармашылық жұмыстар істейтін тәжірибелі маман болғаны жөн. Ондай маманның студентке тек академиялық тұрғыдан білім беріп қана қоймай, заманауи дизайн саласындағы өзінің күнделікті тәжірибесімен ұштастыра отырып, кәсіби шығармашылық шеберлікке үйрететін мүмкіндігі болады. Сонда ғана білім мен тәжірибе ұштасады. Осы мәселе төңірегінде шешімін таптай келе жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілінің дизайн саласында өз деңгейінде қолданыста болмауы. Көптеген жарнамалық және баспа бұйымдарында, қала ішіндегі сыртқы дизайн құрылымдарында, әртүрлі маңдайшалар мен хабарламаларда қазақ тілінің граматикалық нұсқасын өрескел бұзушылық үйреншікті нәрсеге айналды. Бұндай жайттардың жиі кездесуінің басты себептерінің бірі — осы дизайн бұйымдарын жасаушы мамандар мен фирмаларға тиесілі үкімет тарапынан және жергілікті әкімшілік ұйымдардың бақылауды дұрыс атқармайтындығы болса, екінші себебі — қазақ тілін жетік білетін дизайн мамандарының әлі де жетіспеушілігінде. Жұртшылықтың көзіне көрінетін дизайн нысандарын әрдайым тексеріп, рұқсат беру және бекіту шараларын жасайтын арнайы мемлекеттік ұйымдардың құзырында болса, осы олқылықты жоюдың екінші бір амалы — дизайн саласына маман дайындайтын оқу орындарындағы білім беру үрдісінде мемлекттік тілді өз деңгейінде оқытуды қажетті деңгейге қою. Бұл мәселеге түпқазық болып отырған жағдай — дизайн мамандығын дайындайтын оқу орындарының қазақ бөлімдеріндегі оқу үрдісіне қажетті оқу құралдарының жоқтығы.[8] Бүгінгі күнде үкімет пен білім және ғылым министрлігі осы ауқымды мәселенің шешімін табудың жолдарын анықтап, оқу орындарының алдына қойып отырған басты бағыттардың бірі болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында университет тарапынан қажетті іс-шаралар жасалып жатыр. Солардың бір бөлігі ретінде, дизайн кафедрасының профессор-оқытушыларының мамандыққа қажетті оқу құралдарын дайындау жұмыстарын жасап жатқандығын айта кеткен жөн. Соңғы он жылда ғылыми-әдістемелік жұмыстарды қазақ тілінде жазу кең өріс алып келеді. Бірақ та, ойландыратын бір жағдай — 2010 жылы 102 102 102 кандидаттық және докторлық диссертацияларды еліміздегі бұрынғы ереже бойынша қорғау тоқтатылу жоспарланып, халықаралық талапқа сай еліміздегі білім жүйесінің оқытудың кредиттік технологиясына өтуді іске асыру мақсатында PhD жүйесіне көшу жұмыстары атқарылуда. Осы орайда ойландыратыныны аталмыш ғылыми дәреже тек ағылшын тілінде қорғалатындықтан, қазақ тілінде ғылыми жұмыс істеудің келешегі қалай болмақ? Оқулықтар мен оқу құралдарын мемлекеттік тілде жазу жоғарыда айтылғандай, бүгінгі күндегі жауапты мәселе болып отыр. Дизайн мамандығына дайындаудағы қазақ бөлімдеріндегі кәсіби пәндердің барлығы ана тілінде оқытылғанымен мемлекеттік тілде құрастырылған оқулықтар аз. Жалпыға міндетті білім стандартына енгізілген базалық кәсіби пәндерден мемлекеттік тапсырыс бойынша тендер жарияланып, оқу орындары оқу құралдарын орындауға мүмкіншілік алғанымен жұмыс нәтижесін көре алмай отырмыз. Біріншіден оқулық жазу, екіншіден оны қажетті саралаулардан өткізу өте ұзақ уақытты қамтиды. Оқу үрдісіне келіп жеткенше, оқулықтың мазмұны мен сапасы моральдық тұрғыдан алғанда ескіріп, жарамсыз болып қалады. Қазақ тілінде компьютерлік технологияларды сипаттайтын оқу құралдары түгіл, жай түсініктемелердің өзі жоқ. Тіл мамандарының қатысуымен қазақ тіліне аударылып, жүйелендірілген дизайн салаларында қолданылатын компьютерлік терминология мен сөздіктің қалыптасқан, құзырлы ұйымдардың бекітуінен өткен үлгілерінің жоқтығы оқу құралдарын өз деңгейінде жазуға елеулі қиыншылық туғызады. Компьютерлік кәсіби бағдармалардың бәрі бірдей ағылшын тілінде құрастырылған. Одан орыс тіліне аударылған. Тілден тілге аудару кезінде тіл бұрмаланып, көптеген түсініктердің мазмұны өзгеріп, тұтынушыға жеткенше күлкілі болып жетеді. Одан енді қазақ тіліне аударғанымызда бұл ұғымдардың тілімізде қалыптасқан баламаларының жоқтығы тілді шұбарлауға әкеп соқтырады емесе тұрпайы естіледі. Осы мәселені жеке дара оқытушылар ғана емес қазақ тілі қоғамдарының арнайы мамандары бірігіп отырып шешсе болар еді. Компьютерлік технологияға негізделген қазақ ті лінде жазылған электронды оқулық шығарудың да осы мәелеге байланысты кенде қалып отырған жайы бар. Мақалада қарастырылған мәселелерді шешу мақсатында іс-шаралар жасалуда. Келешекте бірнеше оқулық шығару жоспарланып отыр[9].

Инновация сөзін қазақтың «тапқырлық», «жаңалық» сөздерімен тең мағынада қолдануға болады. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашу дегенді білдіреді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділігі арқылы әуелде болмаған жаңажоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.  Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күні бұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесебелгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуметтендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт әзірлейді. Ол ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтаркездейсоқ пайда болғаны белгілі.Негізгі бөлім Замануй инновациялық технологиялар графикалық дизайнда да нағыз шығармашылықты дүр сілкіндірді және жаңа мүмкіндіктер, тәсілді даңғылдар, тиімді әдістемелер мен түрлі шешімдер қабылдады. Графикалық дизайн мынадай негізгі өнімдерді қамтиды:

– корпоративтік стиль;

–фирмалық белгілер, буклеттер, брошюралар, және басқа жарнамалық полиграфиялықпродукциялар;

– орауыштар, плакатты өнімдер, сувенирлік өнімдер;

– кітап макеттері мен иллюстрациялар,

– визуальды коммуникациялар,

– жарнамалық өнімдер және веб- өнімдер интернет –сайтына арналған және т.б.

Графикалық дизайнның даму саласында инновациялық үрдістердің маңызды ерекшелігі жобалау қызметінің жаңа бағыттарының пайда болуы – компьютерлік дизайн, яғни қолданбалы салаға көшіп, дизайнерлік жобалау қызметкөрсету түрлерін, өзіндік шығармашылық түрлер, бағыт беруші, интернетке веб-өнімдерін дайындап байланыстырушы. Веб-дизайн бұл графикалық дизайнның жаңа бағыттарының бірі сайттың макетін құраушы, жаңаны дамытушы, барлық графикалық сайттардың элементін құраушы. Дәстүрлі визуальды графикалық әдістер графикалық дизайн жобалауда инновациялық технологиялармен компьютерлік графикалық редактор системаларымен (AdobePhotoshop, CorelDraw, Аdobe Acrobat, PageMaker, Adobe Illustrator, Corel PHOTO-PAINT, Quark XPress, Colorimpact, AАА Logo, т.б.) тікелей байланыста болады. Замануй графикалық дизайнның даму инновациялық тенденцияларын шығармашылық процесінің ағымдары ретінде қарастыруға соның негізінде қорытынды жасауға, үйлесімді және тиімді көрнекі байланысты ақпарат құралдарын құру сапалық жаңа революциялықөзгерістер енгізуге болады, және әлеуметтік-экономикалық мәдени салалардағы, біздің заманымыздың көрнекі ландшафтын қалыптастыруға ықпал етеді. Біз графикалық дизайнның пайда болу тарихы туралы айтатын болсақ, онда ол адамзат өркениетінің тарихымен тығыз байланысын атап өтуіміз қажет. Ежелгі адамдардың алғашқы картиналары графикалық дизайнның бірінші нұсқалары болды десек те болады[10].

 

 

Пaйдaлaнғaн әдeбиeттep тізімі

 

  1. Мұхамбетжанова С. Т. Компьютерлік дизайн. – Алматы, 2007.
  2. Балафанов Н., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. – Алматы, 2003.
  3. Смирнова И. Е., Веб-дизайн бастамасы. – Санкт-Петербург, 2003.
  4. Гончаров А. Самоучитель HTML. – Москва, 2002.
  5. Информатика негіздері журналы, № 5-6 2006 жыл. – Алматы.
  6. Информатика и образование №2 2001 жыл. – Москва.
  7. Левковец, Л. Уроки компьютерной графики. Photoshop CS/, СПб.: Питер, 2005
  8. Миронов Д. «Corel DRAW 12»: Учебный курс. –СПб.: Питер, 2004,
  9. Миронов Д. Компьютерная графика в дизайне. –СПб.: Питер, 2004,
  10. Мюррей Д.Д., Райпер У. Энциклопедия форматов графических файлов. Пер. С анг. Киев: ВНҮ, 1997,

 

Читайте также:

Добавить комментарий