Болашақ — білімді жастарда

Бектурғанова Айсана Бектурғанқызы

Біз Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары мен азамташаларымыз. Бүгінде осындай егеменді елдің азаматшасы болғаныма өте қатты қуаныштымын. Еліміз күннен-күнге, жылдан-жылға жаңарып, жақсарып келеді. Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі жас ұрпақ екені айтпаса да белгілі. Жастар үшін елімізде барлық жағдайлар қарастырылған. Білім алудың да жаңартылған түрлері белең алып келеді. Сондықтан да елімізден түлеп ұшқан кез-келген жас ұрпақ ертең халқына қалаулы, еліне еңбегі сіңген азамат боларына еш күмәнім жоқ.

Жастардың болашағы үшін, келешекке ел басымыз біраз жоспарлар жасады. Енді еліміз болашақта үш тілде де еркін сөйлейтін болады. Осы «Үш тілділік» жоспары аясында, әліпиіміз де латын қарпіне көшуге ақырын аяқ басып жатыр. Рухани жаңғыру жоспары аясында мемлекет ішінде де арнайы жастар үшін іс-шаралар өтіп жатыр. Мен де мемлекет ішінде болып жатқан әртүрлі іс-шараларға қатысып, бағымды сынап жатырмын. Өз басым еңбегімді тек қана өз еліме, отаныма сіңіретін ұлтжанды жас ұрпағыңмын деп сеніммен айта аламын.

Менің ойымша ұрпақты тәрбиелеу, сонау бесіктен баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуден басталуы тиіс деп ойлаймын. Себебі ұлтын сүйген бала әрқашан отанын қорғауға дайын болады, ұлты жоғалмас үшін жанын қиюға әзір, тек өз еліне ғана қызмет ететін нағыз патриот болып өседі. Қазақтың ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрттай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деп  ұлт ертеңі жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу керек екендігін атап көрсеткен.

Ел басы халқына жолдауында : Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп жастарға зор сеніммен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету өз қолымызда.

Осындай тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқан әрбір ұрпақтың бағы бар. Бейбіт елде өмір сүріп жатқандығымызға ата-бабаларымыздың қосқан үлесі зор. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған еліміз болашақта талай белестерден асып, шыңдарды да бағындырмақ. Бабамыздан қалған бұл жерді сақтап, алға дамыту ең үлкен міндет. Осынау үлкен міндетті абыроймен атқару кез-келген білімді жас ұрпақтың қолынан келетініне өз басым кәміл сенемін!

Читайте также:

Добавить комментарий