Балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалардың ұлттық ақпараттық жастар саясатын қалыптастыруға қатысуы

Баймағанбетова Гүлнара Зұлпыхарқызы

Жоспар

І. Кіріспе.

1.1   Бүгінгі жастар –ерекше ұрпақ.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Жастар саясатының тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері.

2.2 Балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалардың ұлттық ақпараттық жастар саясатын қалыптаструдағы мақсаттар.

 

ІІІ. Қорытынды

  1. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

І. Кіріспе

1.1   Бүгінгі жастар –ерекше ұрпақ.

Бүгінгі күні біз — әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір — Жаңа ғасыр – жаңа мың жылдыққа аяқ басып отырмыз.
Жасөспірім тәрбиесіндегі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің тамаша үлгілерінің жиынтығынан туындайды.

         Бүгінгі жастар – ерекше ұрпақ. «Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмірге келіп, жас Қазақстанмен бірге өсіп-дамып келесіңдер. Сендердің жастық шақтарын – біздің еліміздің қарқынды дамуы мен гүлдену кезеңі. Сендердің бүгінгі күндерің  Біздің мемлекетіміздің болашағы», — деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөздері жастардың біздің қоғамда алатын орны зор екенін ерекше айқындайды.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихта да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де осы кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі-осы кітаптар. Рухани тарихын, ата бабаларымыздың салт дәстүрлерін, әдет ғұрпын тануда кітаптың берер, көмегі ұшан теңіз.
Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты.
Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап. Әр кітап өзінше бір құпия. Қолға алып парақтай бастасаң, ғасырлар қойнауының тұңғиық тереңінен таңғажайып талай талай сыр шертеді. Ол әрбір жеке тұлғаның ой өрісін дамытып, рухани қазынасына айналды. Қазіргі қоғамымыздың қайнар көзі осы кітапханадан бастау алады. Осы қасиетті қазынамыз кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайтын, оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтардың бірі кітапхана. Ұстаздардың ұстазы Ы.Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» — деп алдағыны көргендікпен болжаған. Мұндағы «шамы» — терең білім, ғылым болса керек.Осынау білім, деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері – кітапхананың қашан да тұғыры биік болуы тиіс. Кітапхананың басты байлығы-кітап.
Балалар кітапханаларында қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері баланың психологиялық интелектуалды мәдени дамуы. Яғни баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.  Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне тәрбиелеу, барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру


ІІ.Негізгі бөлім

2.1   Жастар саясатының тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері
  Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр.   Ұлттық рухта жаңаша оқыту мен тәрбиелеу халықтық педагогикаға сай құрылса ұтарымыз көп. Бұл әр баланың ойлауын жеделдетеді, толық адам болып қалыптасуына әсер етеді, елін, ұлтын сүюге баулиды. Бірақ осы халықтық педагогикаға негізделген ұлттық үрдіс, салт-дәстүрмен күнбе-күн етене таныспайды.Ауылдағы шілдехана, тұсау кесер, тоқым қағар, сүндет той, беташар, сыңсу, қоштасу, естірту т.б. салт-дәстүрлеріміз өз нақышында,өз деңгейінде өтпейді. Бала өз көзімен көріп, етене араласып,жүрегімен қабылдап,іштей сезінбегеннен кейін, ұстаздардың ауызша насихаттағаны нағыз тәрбие бола алмайды. Осындай істерге ұйытқы боларлық, жанашыр адам кім.
Атадан балаға ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме желісінен, іс-қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу үрдісінің мәні зор. Ақынжанды, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері,рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ол ұлттық, өнегелік мәдениетті игерген,иманжүзді, инабатты, жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге ие болады.
Білім беру мекемелері балаға тек мектеп бағдарламасы аясында жүретін түзу, жүйелі білім береді. кітапхана басымдылығы сол — шексіз танымның қайнар көзі болып табылады.Соның өзінде, балалар кітапханасына 2 түрлі типтегі функцияларды орындауға тура келеді: өзінің тікелей міндеттері және оқыту есебінде адымдау. Осы жағдайға икемделу қажет (мектеп кітапханалары күшейгенге дейін), оқыту мақсатына қажетті кітап қорын қалыптастыру керек, бағдарламалық шығармаларды көп таралым санымен толықтырған жөн.
 Негізгі функциялар арқылы балалар оқуын ұйымдастыру. Осы көкейтесті мәселелерді шешудің жолдарын ашып көрсету.Дегенмен қазіргі таңда заман талабына сай балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері дұрыс жолға қойылған дей тұғын мен де балаларды кітапханаға тарту, олармен бұқаралық жұмыстың түрлерін ұйымдастыру, балалардың оқырман болып қалыптасу мәселелері әлі де өз дәрежесінде шешілмей келеді. Балалар кітапханасында балалардың оқу мәдениетін дамыту, кітапханашы мен жас оқырман арасындағы қарым-қатынас психологиясын, оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілерін қалыптастыру жұмысы жүйесіне жасаған талдау, олардың ақпараттық және педагогикалық мәдениетін, оқу мәдениетін дамыту деңгейі көбінесе талаптарға сәйкес болмай отырғандығы байқалады.    Осыған байланысты балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің аспектілерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасындағы қайшылық байқалады.
   «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы кітапхана ісін ақпараттық, білім беру және мәдени — ағарту қызметінің негізгі болып саналатын мәдениет саласы екенін айқындайды. Сондай — ақ осы заңда мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың кейбір принциптері жарияланған: Оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне, ұлттық және әлемдік мәдениеттің байлығын бойға сіңіруге ықпал ететін білім мен тәрбие жүйесін дамыту.
«Қазақстан Республикасындағы кітапханалар ісі туралы ережесі» (29 наурыз 1996 жылы Мәдениет Министрлігінің жарлығымен бекітілген) кітапхананы ақпараттық, мәдени және білім беретін мекеме ретінде айқындап береді.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында басты мақсаты ретінде мыналар көзделген: білім алу үшін қажетті жағдай жасау, ұлттық және жалпы адамгершілік бағалылық негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуын, дамуын қадағалау. Осы Заңның 19 бабында мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылатын балалармен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламалары атап көрсетілген. Бұл ұйымдардағы білім қызметінің еркін қолданылуын мемлекет қамтамасыз етеді. Мұндай ұйымдар жеке тұлғаның, шығармашылық еңбектің дамуына, жалпы мәдениеттің, салауатты өмір салтының, қоғам өміріне мазмұнды бейімделуінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.Өкінішке орай, мектептен тыс ұйымдардың қатарында кітапханалар жоқ. Кітапханалар барлық уақытта өздерін қосымша білім беретін мекемелерге жатқызады және ақпараттық — библиографиялық қызмет көрсету жүйесінің сапасын ақпарат пен білім алудың көмегімен жақсартуды қамтамасыз етеді.
Білім тек қана оқу орындарында ғана емес, сондай — ақ кітапханаларда да қалыптасады. Сондықтан әлеуметтік жағдайларына бейімделуге тырысады. Бұл жерде бейімделу процесін басқару ғана маңызды емес, сонымен қатар білім беру мен кітапханалық қызметтің бірлігін де сақтау керек. Әзірге кітапхана функциясы өзіне сәйкес келетін білім мақсаттарына жатады.
Кітапханалар біздің білімімізге не береді және білім оқу сұранысын қалай дамытады? Бұл жерде балалар мен жасөспірімдердің баспа сөзге деген қызығушылығының төмендеуі, бос уақыт құрылымындағы оқу уақытының қысқаруы, оқу сипатының өзгеруі, аудивизуальды мәдениеттің үлесі артуы секілді артықшылықтарды айту аз, сонымен қатар көңіл қойып оқу сипатын ие жоғары сауаттылықты табуға жағдай жасау қажет. Сондықтан білім концепциясы бағдарламасына өзіміздің «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсету концепциясын» өңдеп, білім концепциясының бір бөлімі ретінде ұсыну керек.
Ақпараттық, білім орталықтарының, құқық орталықтарының әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жоспарын құру қажет. Білім мекемелерінің кітапханашылары мен көпшілік кітапханаларының кітапханашыларының арасындағы байланыс даму мен жетістіктердің мүмкіндігіне қарай.
Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас адамды тәрбиелейтін жүйе енгізілетін болады.  Жастардың патриотизмін дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру Білім және ғылым, мәдениет және ақпарат, әділет, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технология, шетел тілдері, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы министрлігі, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспары шеңберінде  жүргізілетін болады.
Оларды жүзеге асырудың ішінде табысты жас қазақстандықтың бейнесін, патриоттылық құндылықтар, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттайтын көлемді жобалар жүзеге асырылады.
Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:
     Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;
Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;
Еңбекке құрмет;
      Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;
      Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;
      Қиындықтан қорықпай табысқа жету;
      Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.
Осылайша жас қазақстандықтардың санасында құндылықтарды толықтыру келесідей идеологемалармен анықталады:
       Адалдық адамдықтың белгісі;
        Қарапайымдылық адамның көркі, еңбек ерлікке жеткізер;
       Батыр айқаста танылар;
       Отан отбасынан басталады, шаңырақ бірлік пен берекенің белгісі;
       Достық – басты байлық, жұмыла көтерген жүк жеңіл;
Бейнет түбі зейнет;
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Ақпараттық қызметті — бұл балаларға ең қажетті ақпараттарға -энциклопедия, ғылыми-танымдық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, жеткізу мүмкіндігіне ие болу. Бұл жерде қордың да атқарар ролі үлкен.Ақпарат көздерін кеңінен дамыту оқырмандардың ақпараттық іздену әдістері маңызды саналатыны сөзсіз. Іс — тәжірибеде байқағанымыздай бүгінгі күні кітапханашыларға күнделікті мәселе саналып отырған балардың баяндама, реферат, шығарма т.б. дайындаудағы өз мүмкіндіктерін аша алмауы кітапханашыларға міндеттерді жүктейді. Бұл дегенім оқырмандардың кітаптардағы ақпарат жүйелерін, соңғы технологияларда қолдануының маңыздылығын атаған жөн, бұл жерде кітапхананың да ролі үлкен.
Білім-беру қызметін іске асыруда балалардың көркем әдебиетке қызығу белсенділігін арттыру өте маңызды. Бұл оқырман есейген сайын күрделене түсетіні белгілі. Бұл жерде кітапхананың басты көмекшісі әрине – кәсіби әдебиетшілер, жазушылар, көркем-сөз шеберлері, өнер саңлақтары.
Жасөспірім оқырмандардың және балалардың кітап оқуын ұйымдастыруда кітапхана мүмкіндіктерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені, соңғы жылдары балалар кітапханасының оқырман аудиториясы кеңейтіліп отыр. Тіпті кітапханаға 1,5-2 жастағы балалар да келетін болады. және 10-11 сыныптың оқушылары да балалар кітапханасынан пайдаланады. Бала-бақша жасындағы балалардың психикасының дамуына әдеттегіден тыс айқын әсерлер, фактілер қатты әсер ететіні белгілі. Осыған орай, қазіргі баспалар балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін кітапханашыларға мол мүмкіндіктер беруде. Қазіргі шығып жатқан балаларға арналған танымдық әдістемелік «аяқты кітаптар», «көз бар кітаптар», «жастықша кітаптар», «театр кітаптар», «алып кітапшалар» балаларды қызықтырмауы мүмкін емес.Ең бастысы осындай кітаптар кітапхана қорынан орын алып балаларға ашық пайдалануға берілгені дұрыс. Балабақша жасындағы оқырмандардың ой — танымын дамыту маңызды болғандықтан кітапханашылар олармен белсенді және сезімтал жүрекпен жұмыс істейді. Балалардың осы кезеңде алған білімдері мектеп қабырғасындағы алғашқы жылдардағы сыртқы дүниені қабылдауға және есте сақтау қабілетін арттыруға, ой — танымын дамытуға негіз бола алады.
Бастауыш класс оқшыларымен жұмыс істеуде олардың әдебиет жанрларына қызығушылығын қолдау да маңызды. Мұны ашық кітап сөрелеріндегі көрнекіліктер және түрлі — түсті кітап көрмелерінің көмегімен іске асыруға болады. Бастауыш класс оқушыларының кітапқа құмарлығын ояту олардың алдағы өмірде жақсы дамуына жол ашады.Сондықтан, бастауыш класстардан бастап балаларды түрлі ақпарат көздерін пайдалануға үйрету өте маңызды. Мектеп жасындағы балалардың ой-танымын қалыптастыру үрдісі олардың болашақ өмірінде үлкен роль атқарады. Сондықтан да, кітапханада жасөспірімдердің кітап оқуын ұйымдастыруда өзі оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерге баға беру, пікір айту, оларға үлкен әсер етеді. Жүйелі ықпал етуді қолдану жоғарыда қарастырылған әдістемелерге, формаларға және жұмыс бағыттарына қайта назар салуды мойынға жүктейтінін айта кету керек.Әдістемелерді қайталау жүйенің тікелей ерекшеліктеріне және олардың өзара тығыз байланысына тікелей қатысты.

2.2   Балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалардың ұлттық ақпараттық жастар саясатын қалыптаструдағы мақсаттар

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасында: «Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрапақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым — қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру»,-деп көрсетеді. Мүндағы мақсат — тәжірибеде шыңдалған тәрбие түрлерін, әдістерін келесі ұрпаққа жеткізу болып табылады.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең ұрпақтардың талабын қанағаттандыру, рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, таратуда сипат беретін мәдени орыннның бірі балалар кітапханасының орны ерекше. Оқырман балалардың рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда балалар кітапханасының маңызы зор.
Кітапхананың алдында өз оқырмандарына кітаппен, ақпаратпен жұмыс істеуге көмектесу, іс-шараларды өткізудің жаңаша түрлерін қолдану, оқу мәдениетін тәрбиелеу міндеті тұр. Жоғары оқу орындарының “кітапханалық сабақтар” пәнімен ғана шектеліп қоймай, кітапхана өзінің күн саІІйынғы жұмысында оқырмандармен жұмыс істеудің әртүрлі әдістерін пайдалана отырып, оқу мәдениетіне, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеуге міндетті. Қызмет барысында жаңа технологияларды белсенді түрде қолданып, іс-шаралар өткізу қажет.

Біз балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалардың ұлттық ақпараттық жастар саясатын қалыптаструдағы мақсаттар қоюымыз керек.
– халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жасөспірімдердің бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру;
— жас ұрпаққа халқымыздың асыл дәстүрі мен салтынан мағлұмат бере отырып, дені сау,ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар ожданы мол,еңбекқор адамды тәрбиелеу;
-ұлттық мәдени байлығымызды танып-білуге тәрбиелеу. Өз Отанын және халқының мәдени мұраларын игеру;
-өзін-өзі баға беру,өзін-өзі басқара білуге үйрету.Қоғам заңдарын,ұжымдық өмір нормаларын,азаматтық-әлеуметтік жауапкершілікті орындауға тәрбиелеу;
— еңбек ету,кітап оқу, ең жоғарғы байлық екенін айта отырып,адал өмір сүруге жасөспірімдерді тәрбиелеу.   Біздің міндетіміз  жасөспірімді жаңашылдыққа жетелей отырып,өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, болашаққа сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу.

ІІІ. Қорытынды

Бала біздің болашағымыз. Қазақстанның бүгінгі мен болашағы жастардың еншісінде. Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш те -бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Ендеше бүгінгі жас буын мемлекетіміздің мағым тірегі болсын десек — XXI ғасыр жастарын жан-жақты терең білімді, сауатты болуға баулу қажет. Бұл тұрғыда жүйелі жәрдем беретін шаңырақтың бірі — кітапхана.

Баланы бастан десек кітапхана саласында әсіресе, балалар кітапханасына көбірек көңіл бөліну қажет. өйткені жастайынан кітап оқуға ынталанған бала — ертең жасөспірім оқырман.
Қорыта айтқанда, мектеп кітапханашысының рөлі жылдан –жылға артып келеді. Олай болса,жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізіп,рухани керегімізге айналдыра білейік. Кітап оқып,өмірді,тарихты білу-әр адамзаттың білімді болуы.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Әділбекова, М. Жастардың қазақ тілінде кітап оқуының жағдайы //

Мектептегі кітапхана. — 2004 №2. Б. 11-14.

  1. Ғисанов, Т. Жастар игілігі үшін еңбек етеміз. // Кітапхана элемі. —
  2. — №2-34-35 Б
  3. Бақытқызы, Р.Ұлағат — ұлттық тәрбиеде. // Ұлағат —2003. №2. Б. 50-51.
  4. Садырова, Ғ. Білім кілті кітапхана // Мектептегі кітапхана — 2004. №1.

Б. 22-23.

 

Читайте также:

Добавить комментарий