Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 100 оқылым

Шымкент қаласы

ШҚ ББ " Қосалқымектеп-интернаты" КММ

Дефектолог- тәрбиеші

Тукичева Лаззат Смадияровна

Тақырыбы: «Жұмбақтар әлеміне саяхат»

Мақсаты: Оқушыларға жұмбақтар туралы түсінік беру.

1.Танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.

2.Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, баулу.

3.Туған жерін, елін , Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бейнероликтер.

Сабақтың түрі: аралас.

Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар біз бүгінгі сабақта: «Жұмбақтар әлеміне саяхат» жасаймыз.

Кіріспе бөлім: Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Жұмбақтар әртүрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар әлеміне саяхатқа шақырамын. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны ойлап не туралы айтылғанын табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін, ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сипаты айтылады. І аялдама: Ойын «Жыл мезгілін тап». Күн ұзарып, Қар еріп, Су сайларға толады. Бұл қай кезде болады? /Көктем/ Күнде ысып, Жеміс - жидек пісіп, Ел пішенін орады. Бұл қай кезде болады? /Жаз/ Жауып жаңбыр, Жер сабыр, Шөп, жапырақ солады. Бұл қай кезде болады? /Күз/ Суда мұз бар, Жерде қар бар. Боран борап соғады, Бұл қай кезде болады? /Қыс/ Жыл мезгілінің ерекшеліктері, қазір қай мезгіл, қай ай екені жөнінде әңгіме.

ІІ аялдама: Ойын «Мекенін тап». Бір шетте орман тұр, қандай жабайы жануар екенін анықтап орманға жіберу. Өзі айлакер қу, Жүрген жері айқай - шу. /Түлкі/ Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. /Қоян/ Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. / Аю/ Бір шетте үй тұр, үй жануарларын тауып үйге жіберу. Биіктеу бір жануар, Үстінде екі тауы бар. /Түйе/ Тонын киіп туған, Жалап бетін жуған. /Мысық/ Басында мүйізі бар, Үстінде киізі бар. / Сиыр/ Адамға серік, Күзетке берік. /Ит/ Сергіту сәті: Ормандағы аюдың... ІІІ аялдама: «Төртінші артық». Көкөністер мен жемістерге арналады. Әр желінің асты толған көк қоян, Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. /Қияр/ Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. /Пияз/ Жер бетінде шашы бар, Жер астында басы бар. /Сәбіз/ Сырты тәтті, іші тәтті, Ортасында сүйек қатты. /Өрік/ Қияр, пияз, сәбіз - көкөністер, өрік - жеміс, сондықтан өрік артық. Көкпеңбек еді көктемде, Қызарды күзге жеткенде. / Алма/ Моншақтай тізілген, Бір - бірлеп үзілген. /Жүзім/ Электр шамға ұқсаймын, Дәмімді татшы ағайын. /Алмұрт/ Доптар жатыр желісі бар, Қабат - қабат терісі бар. /Орамжапырақ/ Алма, жүзім, алмұрт - жемістер, орамжапырақ - көкөніс, көкөніс артық. ІV аялдама. Ойын: «Сипаттама бойынша тап». Шіркіннің өзіне обал - ақ, Жүреді аяқта домалап. /Доп/ Үрлесең жеп - жеңіл, Елпілдеп кетеді. Жарылып қалмаса,

Бұлтқа да жетеді. /Шар/. V аялдама.

Қорытындылау:

Өтілген сабақты пысықтау, бағалау, мақтау, мадақтау.

Авторы
Тукичева Лаззат Смадияровна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Дефектология

Дефектологтың жылдық жоспары 2026: қалай құрылады, бөлімдері және дайын үлгі

Дефектологтың жылдық жоспары дегеніміз не? Дефектологтың жылдық жоспары — арнайы педагогтың оқу жылы бойы атқаратын жұмысын жүйелеуге арналған жоспарлау құжаты. Жылдық жоспар арқылы маман өзінің негізгі жұмыс…

Bilimger Media 7 мин 188 оқылым
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі, үлгілері және дұрыс рәсімдеу тәртібі

Дефектолог маманы жүргізетін негізгі құжаттардың толық тізімі, жылдық жоспар, КТЖ мен ҚМЖ құрылымы және құжаттарды дұрыс рәсімдеу тәртібі берілген.

Bilimger Media 3 мин 348 оқылым
Дефектология

Нейропсихологический подход в коррекционной работе с детьми с ЗПР, ЗРР и нарушениями слуха (слуховыми аппаратами икохлеарными имплантами).

Учитель-дефектолог, сурдопедагог, педагог-исследователь. Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 1" акимата города Астаны. АННОТАЦИЯ В статье представлен авторский опыт…

Нургазина Макпал Омирузаковна 3 мин 77 оқылым