Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жобалау қызметін балабақшада ұйымдастыру

Балтабаева Гүлмира
2 мин оқу 1 438 оқылым

Балтабаева Гүлмира

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында».Сондықтан, біз педагогтар отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдіс – тәсілдерді ендіруге және болашаққа серпіліс жасауға міндеттіміз.

Жобалау іс – әрекеті – белгілі тақырып көлемінде педагогикалық үрдісті ұйымдастырып, жоспарлау үшін балалар мен үлкендердің бірлескен іс – әрекеті  - оқыту жүйесі – жобалау іс – әрекеті барысында балалардың білімі, біліктілігі, дағдысы біртіндеп күрделенген тәжірибелік тапсырмалардың жүйелі түрде орындалуы.   Жобалау іс әрекеті – жаңа технология, ізденушіліктің, зерттеудің, қойылған мәселесі тез шешу әдістерінің жиынтығы. Бұл әдісті пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын жүзеге асыруға деген қадам болып саналады. Негізгі мақсат – балабақша педагогтарының жобалау іс – әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, кәсіптік құзіреттілігінің деңгейін көтеру және  балабақшаның білім процесінің нәтижесін көтеру.

Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Жоба технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі. Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет  арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жобалау әдісінің қатысушылар құрамы (балалар, ата-аналар, тәрбиешілер) Балабақша  тәжірибесінде  жүзеге асырылу мерзімі:

қысқа мерзімді (1-2 апта);

орташа  мерзімді (1-3 ай);

ұзақ мерзімді (оқу жылы бойы);

Жоба түрлері:

Зерттеушілік – шығармашылық;

Рольдік, ойын түрінде;

Ақпараттау – тәжірибелік – бағдарлау;

Шығармашылық.

      Жобалау қызметінің  үрдісі бойынша  педагог  тек  дайын білімді беру емес, балалардың  танымдық қызметін   ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Жобалау қызметі белсенді, шығармашыл педагогқа білім беру салаларының мазмұнын тиімді ықпалдастыра отырып ,әртүрлі, қызықты, толық мазмұнды қызметтер арқылы мақсат –  міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.  Жобалау әдісі тәрбиеленуші балалардың  ата-аналарымен  ынтымақты жұмыс жасау тиімділігіне және оларды балабақша өміріне тарту   мүмкіндігінде  оңынан.шешеді.  Балабақшадағы  жобалау қызметінің  ерекшелігінің мәні, балабақша баласы өзінің мәселесін, ойларын  өз бетімен тұжырымдай алмайды, сондықтан  балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі жобалау қызметі балалардың, педагогтардың, ата-аналардың  қатысуымен ынтымақтастық  түрде өтеді. Мектепке дейінгі   жастағы  бала жобалау қызметінің ұйымдастырушысы, авторы бола алмайды, баланың  қызығушылығын  түсінетін   үлкендердің көмегін қажет етеді. Қойылған мақсат – міндеттердің шешілуіне байланысты  үлкендер  балаға  құрал – жабдықтар  және  мақсат қажету  тәсілдерін табуға көмектеседі. Үлкендердің көмегіне сүйене отырып, балалар  өз мәселелерінің шешімін   ата-аналарына сұрақ қою арқылы, танымдық әдебиет кітаптарды оқу, бақылау жасау арқылы  ізденіп табады. Олар  бірігіп шығармашылық қызметпен: сурет салады, шеберлік қолөнерімен айналысады.Жобалау қызметін  ойдағыдай  жүзеге асыруға   қажетті   жағдайлар: Баланың  қызығушылығын  есепке алу.Ерікті  түрдегі  қызмет.Тақырыптың түсініктілігі. Алынған мәселе  жағдайы  бәріне түсінікті  болуы қажет.Балалардың  аз  болса да, жеке  ынталы бастамаларын  қолдау.Жоба  жұмысына  ата-аналарды  өз еріктерімен тарту, балалармен бірге  шығармашылық жұмыс жасауға  жағдай туғызу.Жоба бойынша жұмыста  бірізділік  ұстанымды сақтау. Педагогпен  бірге  мақсатқа  жету  жұмысы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Балтабаева Гүлмира

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Баланың мектепке дайындығы туралы егжей-тегжей диагностикасын ұсыну

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің…

Балтабаева Гүлмира 8 мин 1 092 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым