Мазмұнға өту

Жеңіл ақыл-ой кемістігі және мектептегі диагностикалық жұмыстар

Баубекова Гульнур Жумабековна 2 мин оқу 1 192 оқылым

Баубекова Гульнур Жумабековна

Мақсаты: Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалармен диагностикалық жұмыстар жүргізе отырып ,есте сақтауын,ойлау қабілетін ,зейіндерін арттыру мақсатында жұмыстану.

Түрі: Мұғалімдерге кеңес

Жеңіл ақыл –ой кемістігі бар балаларды үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топ- кішімектеп жасындағы балалар жатады, оларға ең алдымен өз –өзіне қызмет көрсету мен мектептегі бейімделу, өзіне бағытталған тілді түсінуге, қарапайым нұсқауларды түсінуге, мінез-құлық ережесін сақтауға үйретуге бағытталған түзету –дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Екінші топ- орта мектеп жасындағы балалар , оларға ең алдымен топта дербесттікке бейімделуге, ауызша сөйлеу тілін ,таным әреккеттерін, қарым қатынас ерекшеліктерін дамытуға, қорқыныштарды жеңе білуге үйретуге бағытталған түзету-дамыту жүргізіледі.

Үшінші топ- жоғары мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру, эмоционалдық –еріктік саласын қалыптастыру, әлеумметтік ортадағы мінез –құлқын реттеуге арналған мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

  1. Бірінші топқа жататын 7-10 жасқа дейінгі кіші мектеп жасындағы балаға арналған диагностика:

Түсті қабылдауды зерттеу.

Мақсаты: негізгі түстер туралы білімін анықтау.

Көрнекілігі: түрлі –түсті гүлдер мен көбелектер суреті

Нұсқаулық: көбелектерді сәйкес түсті гүлдердің үстіне қой.

Нәтижелерді өңдеу және талдау:

  1. Орташа деңгейі 4-5 ұпай барлық түсті атай алды және сәйкес түсті тапты, қызығушылықпен жұмыс істеді;
  2. Ортадан төмен деңгей -3-2 ұпай, жай жұмыстанады, сәйкес түсті табады,барлық түсті атай алмады;
  3. Төмен деңгей- 1-0 ұпай, қызығушылық танытпайды, сәйкес түсті табады, барлық түсті атай алмайды.
  1. Екінші топ 11-14 жас аралығындағы орта мектеп жасындағы балаларға арналған диагностика:

Зейін

«Айырмашылықты тап» әдістемесі.

Мақсаты: зейін тұрақтылығы мен шоғырлануын және бақылағыштықты анықтау

Құрал-жабдықтар: суреттер

Нұсқау: Оқушыларға 10 айырмашылығы бар суреттер беріледі, бала табуы тиіс.

Нәтижелерді өңдеу және талдау:

  1. Орташа деңгейі -6-7 айрмашылығын таба алады -5 ұпай
  2. Төмен орта- 5-4 айырмашылығын таба алды- 4 ұпай.
  3. Төмен деңгейі-1-2 айырмашылылық -2 ұпай
  4. Үшінші топ 15-тен 17 жасқа дейінгі жоғары мектеп жасындағы балаларға арналған диагностика:

Ойлау

«Логикалық ойлауды дамыту» әдістемесі.

Мақсаты: Логикалық ойлау жылдамдығын анықтау

Құрал –жабдықтар: карточкалар, сандар.

Нұсқау: Мұғалім тапсырманы оқиды және оны орындауын сұрайды.

Мысал тапсырма: 3,5,8,17 сандарының алдында тұрған сандарды ата.

2 және 4,5 және 7 сандарының арасында тұрған сандарды ата.

5-тен 9,10 және 3-ке дейін, 17-ден 20 дейінгі сандарды ата.

5(12,16) сандарынан 1 еуі аз санды ата.

18 саны 14 санынан қаншалықты көп? 16 саны 19 санынан қаншалықты аз? 13 санынан 5еуі көп қандай сан? 8 ден 5 еуі қандай сан?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Баубекова Гульнур Жумабековна

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Математика-әліппе пәнінен түзете – дамытушылық сабақ

Б Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қарақамыс ауылы Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің арнайы педагогі Баубекова Гульнур Жумабековна Арнайы педагогтың қысқа мерзімді жеке/топтық сабағына…

Баубекова Гульнур Жумабековна 49 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Дефектология

Дефектологтың жылдық жоспары 2026: қалай құрылады, бөлімдері және дайын үлгі

Дефектологтың жылдық жоспары дегеніміз не? Дефектологтың жылдық жоспары — арнайы педагогтың оқу жылы бойы атқаратын жұмысын жүйелеуге арналған жоспарлау құжаты. Жылдық жоспар арқылы маман өзінің негізгі жұмыс…

Bilimger Media 167 оқылым 7 мин
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі және дайын үлгілер

Дефектологтың құжаттары қандай? Дефектолог, яғни арнайы педагогтың жұмысы тек түзету-дамыту сабақтарын өткізумен шектелмейді. Мамандардың жұмысын дұрыс жоспарлау, білім алушылардың даму динамикасын бақылау және…

Bilimger Media 215 оқылым 8 мин
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі, үлгілері және дұрыс рәсімдеу тәртібі

Дефектологтың құжаттары дегеніміз не? Дефектологтың құжаттары – арнайы білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істейтін дефектолог маманның кәсіби қызметін жоспарлау,…

Bilimger Media 289 оқылым 3 мин
Дефектология

Нейропсихологический подход в коррекционной работе с детьми с ЗПР, ЗРР и нарушениями слуха (слуховыми аппаратами икохлеарными имплантами).

Учитель-дефектолог, сурдопедагог, педагог-исследователь. Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 1" акимата города Астаны. АННОТАЦИЯ В статье представлен авторский опыт…

Нургазина Макпал Омирузаковна 74 оқылым 3 мин