Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жарнама және заң

Aruzhan
2 мин оқу 40 оқылым

Жиында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің бастығы Алмат Пангереев жарнамаларды жасауда «Тіл туралы» заңның  орындамайтынын айтты.

— Аталған заңның 21-бабында барлық көрнекі ақпараттар мемлекеттік, орыс тілінде және қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылады делінген. Алайда бұл тұрғыда  қазақ тілінің нормаларын бұзушылық, тіпті мемлекеттік тілде  мүлдем жазылмайтыны туралы  деректер жиі кездеседі.

1 шілдеден бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 82-ші бабына өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұрын басқарма тек қана бақылау жасайтын болса, енді оған  шара қолдануға  құқық беріліп отыр. Егер мекеме  белгіленген мерзім ішінде талапты орындамайтын болса, айыппұл салынады. Қазіргі таңда анықталған 38 нысанның 14-і кемшілікті түзетті. Ал қалғандары көрсетілген мерзім ішінде ескертуден қорытынды шығаруы тиіс. Егер талапты орындамаса, істі прокуратураға жібереміз. Мәселен, өткен жылы 158 жарнама нысанындағы қателікті прокуратура арқылы түзетуге мәжбүр болдық, — дейді бөлім бастығы.

Алмат Пангереевтің айтуынша,  осыдан үш жыл бұрын орталық көшелердің бірінде «Көлік жуу» деген жарнама ілулі тұрыпты. Түнде жанатын нысанның «К» әрпі істен шығып, жанбай қалған яғни, жазу түнде «өлік жуу» деп оқылған. Күндіз байқалмаса да, түнде көзге оғаш көрінетіндіктен, жарнама иесіне ескерту беріліп, қателік түзетілген. Сондықтан бөлім бастығы осындай олқылықтар  қайталанбас үшін, тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп, алдын ала ескерту жасалатынын  жеткізді. Атқарылған жұмыстың нәтижесі бар. Мәселен, Уәлиханов, Сәтпаев көшелері мен «Орталық базар»  маңындағы  халыққа қызмет көрсету орындары кемшіліктерді дер кезінде түзеген.  Дегенмен, әлі де мемлекеттік тілге менсінбей қарайтындар бар.  Мәселен, Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы «Стамбул» кафесі мен «Дзен» сауда дүкенінің, Есет батыр көшесіндегі «Рашид»  шаштаразының сыртқы жарнама көрсеткіштері тек орыс тілінде жазылса,  Абай даңғылында орналасқан «Семья» медициналық орталығындағы жарнамадан  грамматикалық қателер кездеседі. Бұлардың барлығына ескерту беріліпті. Жалпы, талап бойынша  жарнама көрсеткіштерінде мәтін әуелі сол жағына немесе үстіне қазақ тілінде, оң жағына немесе астына   орыс тілінде бірдей әріптермен жазылады.

— Жарнаманың  кез келгені заңнама талаптарына сәйкестендірілуі қажет. Осы орайда басқармаға келіп мәтінін тексертіп алатын агенттіктердің қатары көбейді. Қазір қаладағы жарнама агенттіктерінің басым бөлігі басқармамен тығыз байланыс орнатты. Мәселен, жарнама агентіктері орыс тіліндегі мәтінді сөзбе сөз аударады. Жақында бір агенттік «Зима не за горами» дегенді «қыс тауларға емес» деп аударыпты. Біз бұны «қыстын қамын жазда ойла» деп жазуға кеңес бердік. Мәтін әлі ілінген жоқ. Егер, мәтін сол күйінде ілінсе, үлкен қателік болар еді, — дейді  Алмат Пангереев.

Биыл алты айдағы көрсеткіш бойынша 458 жарнаманың 149-ының мәтінінде қате кездескен.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Aruzhan

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Басшы имиджі

Материалда имидждің мәні мен түрлері, тұлғалық бейнені қалыптастырудың маңызы және басқару психологиясындағы уақытты тиімді жоспарлау жолдары қарастырылады.

Aruzhan 3 мин 110 оқылым
Жалпы рубрика

Хэллоуин мейрамын тойлау дұрыспа?

Материалда Хэллоуиннің тарихы мен әр елдегі дәстүрлері, сондай-ақ Сеулде мерекені тойлау кезінде болған қайғылы оқиға баяндалады.

Aruzhan 4 мин 28 оқылым
Жалпы рубрика

Хэллоуин мейрамын тойлау дұрыспа?

Материалда Хэллоуиннің тарихы, АҚШ-тағы мерекелеу дәстүрлері және Сеулде болған қайғылы оқиға сөз болады.

Aruzhan 4 мин 40 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым