Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жаңартылған білім мазмұны

Bilimger Media
3 мин оқу 512 оқылым

Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Расында да осы уақытқа дейін бірнеше курстар мен тренингтердің тыңдаушысы болсам да, жаңартылған білім бағдарламасының толық нұсқасын түсініп кетудің сәті түспепті. .03-15.04.2016ж. аралығында ОҚО Шымкент қаласында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» атты  төрт апталық курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында ағылшын тілін  жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап,  жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.  Мектептерде қазақ тілін,ағылшын тілін оқытуда  оқушылардың бойында тілдік құзіреттіліктерді   қалыптастыру бойынша қолданылатын белсенді оқыту стратегияларымен, аудармасыз оқытудың тәсілдерімен таныстық. Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іске асырдық, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық.    Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Шығыс базары», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Сана саяжолы», «9 ромб», «5 қадам», «Драма әдісі», «Әдебиеттік үйірме», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Эмоция кестесі», т.б.

Курстан өте көп жаңалық, білім алдық.  Біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс берген тренерімізге айтар алғысымыз мол! «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады», -деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей, жаттықтырушымыз бізге өте әділ, мейірімді, білімді, алғыр басшы бола білді. Алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбегенімізді қайта түсінідіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білді.  Курс аясында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды, қызықты өтті.

Қорыта келе, мен мақаламды  ақын Міржақып Дулатовтың  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай  жаңа білім беру  -  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым