Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор

Мамажанова Индира Медетбекқызы
3 мин оқу 143 оқылым

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Талдықорған жоғары политехникалық
Колледжінің оқытушысы
Мамажанова Индира Медетбековна

Білімденудің тәсілі ретінде кредиттік технология тұлғаның жеке ізденімпаздық қажетсіну уәжін іске қосу іскерлігін шыңдауға қозғау салады. Ал педагогикалық технология ұжымдық іс-әрекетке бағдар жасайды. Осы екі түрлі ұстанымды ажыратып алған жағдайда оқу орындарында білімденудің инновациялық технологиясы деген ұғымды дұрыс түсінуге болады. «Инновация» ұғымы «жаңаша оқыту» мәселесін жүзеге асырады. Бұл орайда жаңаша оқыту жүйесін мемлекеттік және әлемдік стандарт аясындағы көш басы технологияларды бүгінгі Қазақстан Республикасының өңіріне бейімдеп алу секілді амалды іске асыру қарастырылады.
Студент қандай дидактикалық нысан, пән арқылы білім алса да, әлемге дүниетанымы біртұтас жүйеде қалыптасады. Студент семинар, тәжірибелік сабақтарда мәселені өздігінен табатын дәрежеде болып, оның шешімін альтернативті мәнде қарастырады. Бұндай білім жүйесін меңгеру үдерісінде студент комбинаторлы амалға төселеді. Білімнің шығармашылық деңгейде меңгеруі энциклопедиялық білімге ынталандырады. Білім мазмұны – дидактиканың негізі. Олай болса, оқыту тірі адамға тән әрекет, ал дидактикалық негіз – білім теориясы мен оқыту теориясының қосындысы. Міне, осы дидактикалық негіздің жүйесін құру, қосудың теориялық әдіснамасына негіздейміз. Сөйтіп, пән оқытушысы міндетті түрде оқыту және білім беру теориясын біріктіріп, оның қажеттілігін анықтауға ұмтылуы – білім заңының басты ұстанымы. Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу – қалай оқығаныңа қарай», «өзін-өзі дамыту», «өмір бойына оқу» болып өзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, студенттің өздігінен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады. Оқу орны жұмысының нәтижесі – білім алушылардың кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша білімдерінің сапасы, ал мамандарды даярлаудың сапасының өлшемі – мемлекеттік білім беру стандартындағы біліктілік талаптарға сәйкес анықталған теориялық дайындық деңгейі арқылы бағаланатын маманның кәсіби құзыреттілігі. Орта кәсіби білім берудің мақсаты еңбек нарығы қажетіне сай мамандарды даярлау болғандықтан, бұл Болон үлгісінің негізінде жатқан қағидалармен, оның ішінде оның басты қағидаларының бірі білім беру сапасын бақылаумен үйлеседі. Әрі сапаны бақылау оқыту мерзімі мен оқыту мазмұнымен қатар, маманның кез келген еуропалық мемлекетте жұмыс істеуге даярлығына негізделеді.
Оқытудың жаңа технологиясын ендіру және білімдегі ақпараттану білім беру жүйесін түбегейлі өзгертудің басым міндеттері болып табылады. Бұдан білім беру үдерісінің маңызды екі құрамдас бөлігі болып табылатын оқыту технологиясы мен білім беру ақпаратын бейнелеу түрлерін түбегейлі өзгерту уақыттың талабы болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарында кредиттік жүйеге ауысудың бейімделу үдерісі өтуде.
Сондықтан орта кәсіптік оқу орнының бейімделу потенциалы мен дайындық бағдарламасын көтеру үшін академиялық және ұйымдастырушылық құрылымдардың өзгерістерін жасау, оқыту технологиясы мен әдістерін жаңарту, педагогикалық үдерісті жетілдіру, педагогикалық құрамның сапасын жақсарту қажет болды. Кредиттік оқу технологиясы, оның ішінде модульдік технология студенттердің, оқытушылардың, мамандардың академиялық алмасуына қажетті шарттарды жүзеге асыратын бірыңғай өзара сынақтың халықаралық жүйесін құру мақсатында ұлттық білім беру жүйесін реформалаудан тұратын әлемдік беталыстан туып отыр. Оқытудың бұл технологиясы дидактикалық үдерісті жүзеге асырудың нелер бір ұтымды амал-тәсілдерін іске асыратынына дәлелді пікір білдіреді.
Кредитті технологияны іске асырудың мүмкіндігі – стандартқа жүгінген оқулықтардың модульдік технология жүйесіне бағыну заңдылығы. Бүл заңдылық оқулықтағы модульге жіктелген нысаналардың теориялық негізінің тәжірибедегі көрінісін үйлесіммен берілуіне қолайлы жағдай туғызады. Кредиттік технологияның іс-әрекеті өнімді нәтижеге жетуі үшін модульдік технологияны ұтымды пайдалану көзделеді. Осы ұғымның зерттелген дәрежесіне байыппен қарасақ, бірталай ғалымдардың колледждерде модульдік іс-әрекет технологиясын зерттегені байқалады.
Қорыта келгенде, модульді оқыту әдісімен жан-жақты толық танысып, дидақтикалық материалдарды, көрнекіліктерді, оқыта-үйрету ойындарын, қазақтың ұлттық ойындарын, оқытушының өз тарапынан шығармашылық жұмыс жасау арқылы тіл үйретуді коммуникативтік қарым-қатынас деңгейіне көтеруге және жеткізуіне мол мүмкіндіктер бар.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мамажанова Индира Медетбекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Ұстаз ойы

Педагог-психолог: Архитектор души и проводник к гармонии

Материалда педагог-психологтың балаларға эмоциялық қолдау көрсетудегі, олардың қабілетін ашудағы және үйлесімді қарым-қатынас қалыптастырудағы рөлі баяндалады.

Сембаева Ардақ Мауленовна 60 оқылым 2 мин
Ұстаз ойы

Бала тәрбиесі – болашақ тәрбиесі

Қазіргі қоғамға жүктелген ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, сапалы білім беру. Егер адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, мұның орнын…

Айтжанов Райымбек Алуадинов 34 оқылым 3 мин
Ұстаз ойы

Болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуы: теориядан практикаға

Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Бұл қағида жоғары білікті мұғалімдерді қалыптастыруға бағытталған білім беру стратегияларының негізінде жатыр. Оқу процесін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түсінуде мұғалім мен…

Койшыгулова Айзада 97 оқылым 3 мин