Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару

Шарипова Галия Габбасовна
3 мин оқу 1 004 оқылым

Шарипова Галия Габбасовна

Пәні: математика

Сыныбы: 5 «А»

Мерзімі:  30.01.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару туралы ұғымдарын нығайтып,есептер шығаруды үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін,математикалық сөздік қорын, ізденушілік,шығармашылық әрекеттерін,танымдылығын дамыту, математиканың өмірмен байланысын үйренуге,өз бетімен есептер шығара білуге дағдыландыру, топтық жұмыста белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, өзін-өзі және өзара  бағалауға машықтандыру, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаттығу жұмыстары
Сабақтың түрі: аралас
Оқытудың әдістері: «Шаттық шеңбер», «Ыстық алақан», «Фигуралар», «Топтық  ереже», «Сұрақ-жауап» әдісі, «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы, сергіту сәті, «Сәйкестендіру тесті» Рефлексия .
Пән аралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,геометрия,информатика т.б
Көрнекілігі: компьютер, активинспир(флипчарт), интерактивті тақта,фигуралар, түрлі тісті суреттер,слайд,кестелер, қима қағаздар,т.б
Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі  (8 мин)

Психологиялық ахуал:  «Шаттық шеңбер», «Ыстық алақан» стратегиясы(оқушылар екі қатарға  шеңбер құру арқылы тізесін бүгіп отырады,көздерін жұмып,көз алдына биікте ілінген арқанды елестету арқылы, оны екі қолмен ұстап,арқан бойымен биікке көтеріледі,

өкшені көтеріп аяқтың ұшымен тұрып,екі қолды жоғары созып шыңына жеткенде көздерін ашып шапалақ соғады,«Ыстық алақан» арқылы жылы лебіздерін білдіп,бір-біріне сәттілік тілейді)

           

Оқушылар «Фигуралар» арқылы  бөлініп, сол бойынша топтасады.

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді

  Топ ережесі жазылады

  • Бірін-бірі мұқият тыңдау.
  • Ойланып,тиянақты жауап беру.
  • Топта ынтымақтастықта болу.
  • Уақытты тиімді пайдалану.
  • Талқылаудың қорытындысын шығару.

Формативтік бағалау :

Тапсырманы

толық және нақты орындаса

   (өте жақсы) «5»

Тапсырманы орташа орындаса (жақсы) «4»

Тапсырманы

төмен орындаса (қанағаттанарлық) «3»

Оқушылар 4 топқа бөлінген,берілген тапсырмаларды әр топтағы  оқушылар дұрыс орындаса топтың атына ие болады.

  • 1-тапсырма  Қазақ алфавитіндегі 42 әріптердің орналасуын көз алдарыңа елестетіп,мына сандардан жасырын сөзді табыңдар.

                  3      21      16       34      8      14     25      8      23

     (бөлшектер)                                                                                                                           

  • 2-тапсырма  Жұмбақты шешіңдер

          Жұмбақ

Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (цифрлар)

  • 3-тапсырма  Керекті  сөздерді қолданып сөйлемді оқы.

Подпись: Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады.
Керекті сөздер: сандар,жай бөлшек,аралас сан,дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшек
(аралас сан)

  4-тапсырма  Ребус шешіңдер

( натурал сан)

Топтың аттары: 1-топ “БӨЛШЕКТЕР”        2-топ “ЦИФРЛАР”

3-топ  “АРАЛАС САН”       4-топ  “НАТУРАЛ САН” 

Әр топ ортасынан  өздеріне спикер дайындайды,оның міндеті

өз тобындағы оқушыларды бағалайды, бағалау парағын толтырады.

                         ________________________тобының бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Өзін өзі

бағалау

Топтың

 бағасы

Мұғалімнің бағасы

                  Қорытынды баға____________________________________

2.Қызығушылықты ояту сатысы   «Миға шабуыл» (5 мин)

Мақсаты:  оқушыларға ой қозғау, ойын жинақтауға бағыттау.

  • Өткен тақырыптарды пысықтау,сұрақтарға жауап беру.

Әр топқа жеке бір сұрақтан беріледі,толық жауап беруі керек.

1-топ “БӨЛШЕКТЕР”  Бөлшектер  қалай  көбейтіледі?

2-топ “ЦИФРЛАР”  Натурал санды бөлшекке қалай көбейтеді?

3-топ  “АРАЛАС САН”Аралас сандарды көбейтуді түсіндіріңдер

4-топ  “НАТУРАЛ САН” Жай бөлшектер туралы кітапқа мәлімет енгізген кім?

Соңында жай бөлшектер туралы кітапқа мәлімет енгізген Орта Азия математигі әл-Хорезмидің есімі жазылады және бұл мәліметтер жайында дарынды оқушының шығармашылық жұмысы қысқаша таныстырылады.

әл-Хорезми

  • Үй тапсырмасын сұрау  №1087 ,№1088 жауаптарын  салыстыру

3.Негізгі бөлім:  (25мин)

 «Ойлан/жұптас/ талқыла» стратегиясы

Мақсаты: өз бетімен білім алу,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.

Сергіту сәті.

Бір,екі секір!

Боларсың жүректі.

Үш,төрт – гир көтер,

Боларсың білекті.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш!

Мақсаты:  бойларын сергіту.

Қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді.

Белсенділік танытып,бойлары сергіп,сабақты жағымды көңіл-күймен жалғастырады

Қорытынды: 7мин

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Шарипова Галия Габбасовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Математикада логикалық ойлауды дамыту - олимпиадалық табыстың кілті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінде математикалық олимпиадалар оқушының…

Қажыбай Ернар 2 мин 53 оқылым
Математика

Математика мен физика сабақтарын кіріктіріп оқыту: 7-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Мақалада 7-сыныпта математика мен физиканы кіріктіріп оқыту тәсілдері, ортақ тақырыптар және STEM жобалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 54 оқылым
Математика

Ұлттық педагогикалық мұраны математика сабағында тиімді қолдану жолдары

«Астана қаласының әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі, Астана қ., Қазақстан АННОТАЦИЯ. Мақалада ұлттық тәрбие жүйесін қазіргі білім мазмұнына кіріктірудің…

Жақсылық Жания Дарханқызы 5 мин 107 оқылым
Математика

Математика мен күнделікті өмірдің байланысы, сабақтағы жобалық жұмыстардың маңызы

Мақалада математиканы күнделікті өмірмен ұштастыру жолдары мен жобалық жұмыстардың оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы маңызы қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 56 оқылым