Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Заманауи білім беру технологияларының ерекшеліктері

Автор

Бақытгүл
3 мин оқу 118 оқылым

Нарымбай Бақытгүл
Заманауи білім беру технологиялары қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес білім беру процесін жетілдіруге бағытталған. Олар оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Ең алғашқы ерекшелік бұл Цифрлық технологиялардың қолданылуы. Онлайн платформалар мен қосымшалар Zoom, Google, Classroom, Moodle және басқа құралдар қашықтан және аралас оқытуда кеңінен қолданылады. Электрондық оқулықтар мен мультимедиядық материалдар интерактивті оқу ресурстары оқушылардың қызығушылықтарын арттырады.
Келесі қолжетімділік ол «Дараландыру және икемділік»
Даралану арқылы оқытудың жеке траекториясы әр оқушының қабілетімен қызығушылығына сәйкес жеке оқу бағдарламаларын құру мүмкіндіктерін береді. Яғни, дарынды немесе оқу үлгерімі төмен оқушыларға арналған индивидуалды сабақтар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті сабақтар траекториясын сабақ жоспарына қосуға мүмкіндіктер береді.
Сондай ақ жаңаша оқыту әдістерінде алуан түрлі әдіс тәсілдерді көздеген мақсатқа сай қолдана аламыз.Топтық жұмыстар мен жобалық оқыту оқушылардың ынтымақтастығын және көшбасшылық дағдыларын қалыптастырады және оқушылардың креативті шығармашылығын дамытады.
Топтық жұмыстар балалардың көшбасшылық қабілетін жақсы көрсетуге және басқа топтармен бәсекеге бейімдікке үйретеді. Бұл ерекшелік балаларды болашақта конкуренцияға қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға мол септігін тигізеді.
Келесі ерекшелік өзін өзі дамыту, өзін өзі жетілдіру технологиясы.
Оқу үдерісі барысында оқушылар зияткерлік оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында жеке жұмыстарды өз бетінше оқу қарастырылады. Яғни, оқушылар білім алу барысында ізденеді, және жеке шығармаларын қосады. Осындай білім алу нәтижесі оқушыны ізденімпаз, жеке жұмысқа қабілетті етеді.
Баланы болашақта білімді жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін педагогтарға өте ыңғайлы технологияларды сараптадық. Бұл технологиялар сабақты қызықты әрі нәтижелі өтуге үлкен септігін тигізеді.
Жобалық оқыту әдісі (Project-Based Learning)
Жобалық оқыту әдісі балалардың білімді тәжірибеде қолдануына және нақты мәселелерді шешу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Балалар өз беттерінше зерттеу жүргізіп, проблеманы шешу жолдарын іздейді.
Ұжымдық жұмыс арқылы өзара пікір алмасуды, идеяларды талқылауды үйренеді.
Бұл әдіс оқушылардың жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қабілетін қалыптастырады.
Сыни ойлауды дамыту әдістері
Балаларға ақпаратты тек меңгеріп қана қоймай, оны талдап, бағалауға және жаңа идеялар ұсынуға үйретеді.
SWOT-талдау, дебаттар, миға шабуыл сияқты әдістер сыни ойлауды дамытады. Балалар әртүрлі көзқарастарды салыстырып, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.
⁠STEAM-білім беру
STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) әдісі ғылым, технология, инженерия, өнер және математика салаларын біріктіре отырып, оқушылардың креативті және инновациялық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл әдіс болашақтағы кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін маңызды. Осы технология оқушыларға жан жақты қабілетті болуға үйретеді
⁠Инклюзивті оқыту
Барлық балалардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың білім алуына жағдай жасауға мүмкіндіктер береді.
Ерекше білім беру қажеттілігі ар балалар сенімді және ынталандырушы орта құра алады. Бұл әдіс балалардың төзімділік пен түсіністік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
⁠Қашықтан және аралас оқыту әдістері
Заманауи технологияларды пайдалана отырып, оқу үдерісін кез келген жерде ұйымдастыруға болады. Онлайн ресурстарды қолдану арқылы кез келген оқушы қашықтықта болса да өз дицеплинасына сәйкес білім ала алады. Цифрлық құралдар, яғни, интерактивті материалдар оқуды қызықты әрі тиімді етуге көмектеседі
Өзін-өзі тану және рефлексия

Өзін-өзі тану жеке тұлға ретінде қалыптасудағы маңызды қадам.Балаларға өзінің күшті және әлсіз жақтарын тануға көмектесу.Рефлексия арқылы өз әрекеттерін талдап, болашақта қалай жақсарту керектігін анықтау.

Қорыта айта кетсек,жаңаша әдіс-тәсілдер балаларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, оларды болашақта жауапты, шығармашыл, және бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрбір әдістің мақсаты – балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әлеуетін толық ашу. Бұл тәсілдер болашақ ұрпақтың өмір бойы білім алуға деген құштарлығын оятуға бағытталған.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бақытгүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Оқу бағдарламалары

Қазақстан Республикасындағы медиация мәселелері қазіргі таңға дейін және оның даму перспективалары.

Материалда Қазақстандағы медиацияның даму жолдары, рәсімге кедергі келтіретін факторлар және негізгі қағидалары қарастырылады.

Жанузак Магауия 41 оқылым 4 мин
Оқу бағдарламалары

Колледж, который вдохновляет на успех

Колледж-Школа КазГАСА сәулет, құрылыс және дизайн бағыттарында білім береді. Мәтінде оқу бағдарламалары, оқытушылар құрамы мен заманауи инфрақұрылымы таныстырылады.

Нурдаулет Турмахан 47 оқылым 1 мин
Оқу бағдарламалары

«Жас азамат» газетіндегі саяси мақалалардың мәні

Материалда «Жас азамат» газетінің саяси мақалалары мен Алаш идеясына негізделген ұстанымы, ұлт бостандығы мен теңдігіне арналған үндеулері қарастырылады.

Жібек 61 оқылым 6 мин
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті қалай оқытылуда?

Материалда орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің оқытылу сапасы, апталық сағат саны және мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі сөз болады.

Аймаков Бекзат 47 оқылым 7 мин