Мазмұнға өту
Мақала жариялау

Ыбырай Алтынсариннің эпистолярлық жанрдағы қолтаңбасы

Автор

3 мин оқу 7 оқылым

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл

Ыбырай Алтынсариннің эпистолярлық жанрдағы қолтаңбасы

Қазақ қыздарының білім алуына бірден-бір негіз болған Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 185 жыл толғалы отыр.

Ыбырайдың 1879 жылы Торғайда қазақ қыздарына арнап мектеп ашуы – сол заман үшін нағыз батырлық пен көрегендіктің көрінісі еді. Ағартушы тек қыздарға ғана мектеп ашып қоймай, қазақ халқын білімге шақырды, қазақ тілінде оқулықтар шығарды, одан бөлек 14 мектеп ашты. Ыбырай – қазақ халқының алғашқы ұстазы. Қоғам үшін қыз бала болашақ ана, шаңырақтың ұйытқысы, балаларының алғашқы тәрбиелеушісі.

XIX ғасырдың соңында қазақ қоғамдық санасында «қыз баланың орны – үй шаруасы, оған оқудың қажеті жоқ» деген пікір қатаң орын алған еді. Дін өкілдері мен жергілікті байлар қыздарды оқытуға қарсы шығып, мұның арты жамандыққа апарады деп қате түсінді. Алайда Ыбырай халықтың санасын өзгерту үшін ата-аналармен жеке сөйлесіп, оларға білімнің пайдасын түсіндіруге тырысты.

Қыздардың сауатты болуы елдің дамуына кедергі емес, керісінше тірек болатынын дәлелдеді. Патша үкіметі кезінде оқу құралдарын сатып алу, ғимарат салу, шәкірттерді тамақтандыру үлкен қаржыны талап етті. Соған қарамастан Ыбырай мәселені шешу үшін өз қаржысын жұмсап қана қоймай, өзі секілді саналы, жомарт адамдардан қаражат жинады, оқу құралдарын өзі сатып алған кездері де болды.

Ағартушы қыздар тек теориялық білім алып қоймауы керек, өмірде кәдеге асатын іс білуі тиіс деп есептеді. Сондықтан ол оқу бағдарламасына қолөнер сабақтарын енгізді. Ыбырайдың тағы бір батыл қадамы өз заманындағы баспасөз беттерінде және патша әкімшілігіне жазған хаттарында қазақ қоғамының артта қалуының бір себебі – әйелдердің сауатсыздығы мен құқықсыздығы екенін батыл айтқаны еді.

Осы арқылы қазақ қыздарының теңдігін қорғап, олардың қоғам өміріне араласуына жол ашты.

Енді Ыбырай Алтынсариннің аталған мәселені шешу жолындағы еңбегін атап өтсек. Ыбырай Алтынсарин шығыстанушы, миссионер әрі Қазан қаласындағы орыс-бөтен халықтар оқыту семинариясының директоры Ильминскиймен хат алмасып, қазақ балаларын, соның ішінде қыздарды оқытудың маңыздылығын жиі көтерді. 1889 жылы 6 наурызда Ильминскийге жолдаған хатында: «..Ырғызда мировой судья және тергеуші болып Әлмұханбет Сейдалин істейді. Ол – қазақтарды оқыту ісіне өте ынталы адам.

Биыл ол қазақ қыздары үшін Ырғызда қазақ сахарасындағы ең тұңғыш қыздар мектебін ашуыма көмектесті»,- деп, бұл істің жүзеге асқанын қуанышпен жеткізді. Василий Владимирович Катаринскийге жазған хаттарында қыздар мектебін ашудың нақты мәселелерін, ұйымдастыру жұмыстарын және туындаған қиындықтарды ашық жазды. Соның ішінде қыздар мектебіне қатысты «...Қымбатты Василий Владимирович, Ырғыздағы қыздар мектебіне бір оқытушы әйел тағайындап жіберуіңізді сұрар едім.

Өйткені осы уақытқа дейін Воронцовадан ешбір хабар жоқ. Ол, сірә, Ырғызға келгісі келмейді-ау деймін. Бұл мектепті ашу үшін мен әрі кетсе августың орта шенінен қалмай Ырғызға барамын…»,- деп мектептің кадр мәселесін қалай шешу керектігін жазды.

Ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «...Қыздар училищесінде (интернатында) қазақ қыздарына орыс тілі мен грамотасын үйретумен қатар, киім тігуге, тоқыма тоқуға, қолөнерге және шаруашылыққа бейімдеу қажет. Себебі бұл білім олардың болашақ өміріне, ана ретінде отбасын басқаруына тікелей қажет…»,- деп әкімшілікке ашық баяндамаларында жеткізген. Ыбырай қазақ қыздарына арнап мақала жазбағанымен, бұл маңызды мәселені заманындағы патша үкіметі шенеуніктеріне жолдаған ресми хаттары мен есептері арқылы шешіп отырды.

Ыбырай Алтынсарин армандаған қоғам – білімді, еңбекқор және өз құқығын білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу еді. Ағартушының 185 жылдығы – оның біздің алдымызға қалдырған аманатына адалдықтың көрінісі. Бүгінгі заман талабына сай қазақ қыздары әлемдік деңгейде білім алып, елдің дамуына үлес қосып жатқаны – Ыбырайдың аманатының орындалғанының дәлелі. Ұлы ұстаздың есімі мен еңбегі әрқашан жаңғырып, болашақ ұрпақпен бірге жасай береді.

Аяжан МАҚСАТҚЫЗЫ,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекші:

Р.С. Жақсылықбаева,

фил.ғ.к., профессор

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мақсатқызы Аяжан

Ғылыми жетекшісі: Р.С. Жақсылықбаева, Профессор, ҚазҰУ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Мақалада Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні талданып, ақынның оқу-білімге, жақсылыққа, отан мен табиғатты сүюге үндеген ойлары қарастырылады.

Гулзада 144 оқылым 5 мин
Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Ғылыми мақалада Ыбырай Алтынсарин өлеңдеріндегі тәрбие, оқу-білімге үндеу, жақсылыққа шақыру және табиғатты сүю идеялары қарастырылады.

Гүлзада 103 оқылым 5 мин