Мазмұнға өту

Ұлы дала елі

Жұманқожаева Гүлбазар 3 мин оқу 1 001 оқылым

Жұманқожаева Гүлбазар

Отансыз адам-ормансыз  бұлбұл

Халық  мақалы.

Менің елім-Қазақстан.Қазақстан дамушы ел қатарында болса да,мен үшін ең жақсы дамыған ел болып саналады.Біз бұл бақытқа ата-бабаларымыздың арқасында жетіп отырмыз.Біздің еліміз,жеріміз,тіпті халқымыздың да жүрегі өте кең.Бабаларымыздың арқасында бүгінгі бақытты күнді кешудеміз.Ел үшін,Отан үшін ,халық үшін,жер үшін аянбай күш салған ,еңбек еткен,ажалмен арпалысып,бейбітшілікке жету жолында аянбай қасық қаны қалғанша  елі мен жері үшін  майданға аттанған  батыр бабаларымыз бен нәзік жанды әпкелеріміздің есімдерін естен шығару мүмкін емес.Олардың өшпес рухтары мәңгі біздің жанымызда емес пе ?! Осындай батыр да батыл,қайсар да қайратты ұрпақтарымыз көп болғанын тілеймін.

Әрине,Ұлы қазақ елі» біз үшін әрдайым қасиетті,құнды да қастерлі.Көптеген қиыншылықтар бастан өтті.Ел үшін майданға аттанған батыр қызымыз-Мәншүк әпкеміз туралы арнайы тоқталғым келеді.

Жиенғалиқызы Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда атты қалашығында дүниеге келген.Азан шақырып қойған есімі Мәнсия болатын.Анасы қызын еркелетіп Мәншүгім деп атап кеткен.Өсе келе  Алматы қаласындағы №28мектебінде білім алған болатын.Ер мінезді, бірақ жүрегі жұмсақ  Мәншүк 1942 жылы Алматыда медицина институтында оқып жүріп,сол жылы майданға өз еркімен аттанған.Майданға қазақ ұлтының 100 бригада құрамының қатарына кіреді.Пулеметші,аға сержант  Мәншүк апайымыз  ұрыста  өзінің  асқан шеберлігімен,бүркіттей көзімен,шебер мергендігімен көзге түседі.Соғыста аса қиындық көрген ол,үш бірдей пулеметті қатарынан қойып,үш сағат бойы жауды жалғыз өзі бөгеп тұрған қайсар қыз.Оның бұл ерлігін айтпасақ та  айдан анық.Соғыста онымен бірге барған құрбылары қаза тапқан соң,Мәншүк  ызаланып пулеметтің  оғын  тоқтатпастан жауға қарай  атқан болатын. Сол кезде соғыста оның осы қайсар мінезіне бәрі тәнті болған еді.Нағыз қазақ қызы Мәншүк  ақтық демі қалғанша қазақи мінез көрсетіп,ерлікпен қаза тапқан болатын.Мен Мәншүк апайды осы ерлігі үшін үлгі  тұтамын.

Мәншүк  апам сияқты,, қандай жағдай болмасын,елімді қорғаймын. Қазіргі уақытта Павлодар қаласында  Мәншүк Мәметоваға  арналған ескерткіш орнатылып,Невель,Алматы,Орал қалаларында Мәншүк апайымыздың құрметіне көшелер берілген. Кешегі «желтоқсан»оқиғасының батыр қызы Л.Асанова,Мәншүк пен Әлияның  ерлігін жалғастырушы батыр қыздарымыздың  бірегейі.Естен кетпесе еленеді дегеннен бе?-біз үшін өз жанын қиып,талай-талай қиындық көргенін ұмыта алмаймыз .Олардың кейбіреулері қалай,неден қайтыс болғаны жұмбақ болды. Олардың қызыл қаны біздің даламызда қалды.Олар өлсе де аты өшпейді,ерліктері естен кетпейді.

Елбасымыз «Біз ұлы даланың ұрпағымыз»-деп айтып өткендей,біз нағыз қазақ  халқының  ұрпағымыз.Сондықтан біз кең байтақ даламызды қорғап,болашақ ұрпаққа  мұра ретінде қалдыруымыз керек.Бұл даламызды ата-бабаларымыз бізге қалдыру үшін қасықтай қаны қалғанша қорғаған болатын.Біз де ата-бабамыздан қалған көне жерімізді қорғаймыз деп сенемін және нық сенімдімін.Менің ойымша «Қазақстан»деген атаумен қоса «Ұлы дала елі» деп атағанымыз өте керемет қой. «Ұлы дала елі»біздің ұлттық тірегіміз,ал біз ұрпағымыз.Сондықтан біз қазақ жерін басқа да елдерге танытуымыз керек.Ұлан-ғайыр даламызда Тәуелсіз  Қазақ егеменді мемлекет құрып,көштің басын бастап еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты Мәншүк пен басқалары да қалаған болар.Бүгінде қазақ халқы-бақытты.Біз тәуелсіз елміз.Дәл сол сияқты қазақ бауырларының да арасына ешкім түсе алмайды деген  жұдырықтай жүрегімде үлкен  сенім бар.Қазақтар майданда да,өмірде де бір-бірімен бауыр болған.Біз қазақпыз!Бізде қазақтың өшпейтін,өлмейтін қиындыққа қарсы тұратын қаны бар.Бізде тәуелсіздік бар,бізде батырлық,батылдық,рухтылық пен кең байтақ жеріміз бар,тату еліміз бар.Міне,сол үшін біз бақытты пендеміз.Сондықтан біз әрқашан арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты болуымыз керек.

Аллаға шүкір қазір біздің елімізде барлығы да жеткілікті.Бәрінің де ішерге асы,киерге киімі,паналайтын баспанасы,ең бастысы-арқа сүйер Отаны бар.Ол Отанымыз-Қазақстан.Ұшы-қиыры жоқ кең жеріміз бар.Сол Отанымызды,жерімізді көздің қарашығындай сақтау бізге-жас ұрпаққа парыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жұманқожаева Гүлбазар

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Отбасы ол өмір баилығы сенің туған қарындас ағаң и әпкең ия отбасы да жеке мәселелер қозғалады отбасы мен кешкі ас ішу және отбасымен бірге қыдыру табиғат аясына шығу секілді және т.б отбасы да бірлік татулық ынтымақ…

Қалиасқар Елдина 41 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Дос

Салем дос ! Иә біздің көтеріп отқан мәселеміз дос ол сіздің жанашырың қолдаушың және ең жақын досың иә әр адамда өзінің сенетін досы болады дос деген өміріңде қымбат адам дос ақшаға байлықа сатылмайтын алтын қазына…

Қалиасқар Елдина 42 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 60 оқылым 14 мин
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

«Ауылдың тыныс-тіршілігі» Кіріспе Ауыл – қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің негізі. Ауылдың тыныс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты, сондықтан ауыл өмірі экология, экономика, және әлеуметтік қатынастардың…

11"Б" сынып оқушылары 42 оқылым 1 мин