Мазмұнға өту

Ұлттық қолөнер бұйымдар

Алиакбарова Зинеш 3 мин оқу 763 оқылым

Алиакбарова Зинеш
Бағыты: Көркем еңбек
Бөлімі: Ашық сабақ
Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық  қолөнер бұйымдар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері мен қолданылатын материалдары және орындау техникасы туралы түсінігін қалыптастыру.
б) Дамытушылық: Оқушылардың қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгерту үшін жағдай жасау. Шығармашылық қиялдың, ойлау әрекетінің дамуын салыстыру, талдау, ептілігін, икемділігін дамыту.
в) Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қолөнерді жандандыру, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа, жүйелі еңбек етуге және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сарамандық, ой қозғау, сайыс
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, әдебиет.
Көрнекілігі: Слайд, қоржын, тұтқыш, түскиіз, бағалау парағы, дайындамалар, топтамалар, нұсқау карта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың назарларын сабаққа аудару, түгендеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
«Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» топ мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлерді алып, сәйкес үй тапсырмасы және қайталау тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді..
1. Шығармашылық жоба дегеніміз не?
2. Химиялық талшық дайындайтын шикізат?
3. Кестедегі шалу түрлерін ата?
4. Химиялық талшықтардың қасиеті?
5. Тоқу кезінде ілгек бізді қалай ұстау керек?
6. Қандай талшықтарды "синтетикалық" деп атаймыз?
7. Шалмалы бағаншаны қалай тоқимыз?
8. Жасанды және синтетикалық талшықтан алынатын матаны атаңдар?
9. Тоқу үшін қолданылатын иірім жіп түрлері.
10. Қандай талшықтарды "жасанды" деп атайды?

III. Жаңа сабақ:
Қазақ қолөнері, ұлттық өнер өткен өмір еншісіне айналып, оған мән берілмей, кейбір бұйымдарымыздың көзі жоқ болуда, тіпті мұражайдан да таба алмайсың.
Қазақтың қолданбалы өнері дайындалатын материал түріне қарай ағаштан, сүйектен, теріден, металл, текстиль материалдардан дайындалған болып бөлінеді.
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш, ою - өрнек, құрақ құрау. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар.

Бұл бұйымдар аталған кезде мынадай өлең жолдары ойыңа оралады.

Қолөнер құрақ құрау, ою - өрнек,
Атты баптап, ер тұрман, қамшы өрмек,
Салт - дәстүрі ешкімге ұқсамаған,
Қазақта ғой байлаған жіпті күрмеп.
Қазақта қолөнердің кереметі,
Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.
Қандай шебер, қазақ қыздары, айтыңдаршы,
Құрақты, оюлауды дөңгелетті.

Бүгін біз сол ұлттық қолөнер бұйымдарының бірегейімен танысамыз.

Төсеніш бұйымдары.
Тұскиіз - сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т. б. маталардан бетіне ою - өрнектер тігіледі.

Текемет - бетіне түрлі түсті ою - өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою - өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады.

Сырмақ - киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды.

Алаша - жүнді иіріп жіп аламыз, оны әр түрлі түске бояймыз, сол жіптен тоқылған төсеніш. Алаша "терме" және "қақпа алаша" деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады.

Үй тұрмыстық бұйымдары.

Кесеқап – кесе салатын қалта. Дәстүрлі қазақ қоғамында көшіп - қонуға лайықталып басқұрдан, былғарыдан жасалған. Кесеқап аяққап, қолдорба сияқты төрт бұрышты етіп жасалмайды. Ұзындау келген тоқылған жалпақ басқұрға кесе сиятындай етіп қалта тігеді де, әр қалтаға кесе салып, сынбайтындай етіп орауға лайықталып жасалады. Оны "қалташық" деп атайды. Кесеқаптың сыртынан байлайтын бауы болады. Кейін кесеқаптарды былғарыдан да жасайтын болды. Кесеқап биіктігі 30 - 35 см түбінің диаметр 10 - 15 см, жоғарғы жағында шашақталып жасалған қақпағы да болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Алиакбарова Зинеш

Осы тақырыптағы материалдар

Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді: Қазақстанға әсері мен нақты мысалдар

Алматыда бір дәрігер рентгеннен көрінбеген сынықты жасанды интеллект ұсынғаннан кейін тапқан жағдай бар. Ұқсас сценарий қазір көлік, смартфон, чип, компьютер және космос жүйелерінде де қайталанып жатыр. Ең қызығы — бұл…

Bilimger Media 32 оқылым 2 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді?

Смартфон камерасы бетті танып, көліктегі көмекші жолақты өзі ұстап тұрса, сіз экраннан бірдеңе теріп үлгермейсіз. Сол сәтте жасанды интеллект артқы планда жұмыс істеп жатады. Ол «ойлап таппайды» — деректерден үлгі…

Bilimger Media 39 оқылым 2 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді: қарапайым түсіндірме

Кеше ғана смартфондағы камера бетіңізді танып, автокөліктің навигациясы кептелісті өзі болжады. Ал сол сәтте бір чип мыңдаған есепті қатар орындап тұрды. Мұның бәрі — жасанды интеллект. Не болып жатыр — контекст…

Bilimger Media 46 оқылым 1 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не? Қазақстанға әсері, қолдану жолы және қауіптері

Кеше ғана ұшаққа билет іздеп отырған адамға бір чат-бот бір минутта маршрут құрып берді. Сол сәтте ол тек кеңесші емес, дерек өңдеуші, аудармашы, жоспарлаушы болып шықты. Дәл қазір жасанды интеллект осылай байқалмай…

Bilimger Media 27 оқылым 2 мин