Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 62 оқылым

Алғашқы мақалам. Ия, армысыз қазақ елі!!! Бүгін мен Ұбт-жайында сөз қозғағым келіп тұр. Неліктен? Өйткені мен биылғы жас түлек, яғни ұбт тапсырушылардың бірімін.Жалпы жас түлек, мектеп бітірушілер десе, менің көз алдыма ұбт елестейтін дәрежеге жетті. Себебі 11 сыныпқа көшу,  ол болашақ қалаған маман иегері болу, үлкен қалаға, үздік оқу орнына, жаңа ортаға түсу.Әрине айтуға жеңіл, құлақтың құрышын қандырады.Бірақ оңай айтылғанымен, артында қаншама қиындық жасырулы. Қаншама еңбек, қаншама тер, жылау, күлу, күйзеліс, уақыт, жастардың сөзімен "трэш" кезең ол ҰБТ-ға дайындық кезеңі.Адамдардың жаттап алған сөздері «бұйырған кетпейді, қуған жетпейді»«бәрібір пешенеме жазғаны болады,дайындалмайда бағы шауып жоғары балл алып кеткендерде барғой, меніңде жолым болып кетер,болмай жатса ақылы бөлімге түсемін»  Ияя, өмірде неше түрлі адам, соған жараса сан алуан ой болады. Менің ойымша «сенен кетіп жатқанды қуып жету, хайырсызды хайырлы ету, бұйырмағанды ұстап қалу» ол өзіңе байланысты. Әрекетке берекет деп бекер айтылмаған. Егер адам қаласа, ол жолындағы ешқандай бөгетті көрмейді.Сабағыңды тастамай, сүйіп оқып, жақсы ниетпен дайындалсаң 140 балл сенікі оны сенен ешкім тартып ала алмайды. Ішкі ерік жігер, ұлы мақсат бәрі- бәрі біздің қолымызда. Мидағы шектеуді алып, жарқын болашаққа ұмтылу қажет.

Өз басым осы соңғы бір жылым тек Ұбт ойлаумен өтті. Күндіз түні миымда тек Ұбт, жоғары балл алу, грантқа түсу. ҰБТ тапсырушылардың 80-90% ата-анасының үмітін бірінші дүк етіп тұрғаны хақ. Ол маған өте таныс жағдай. Қайтсем ата-анамның үмітін ақтасам екен,жерге қаратпай, алтын белгімді ақтап, ел алдында абыройлы қылсам екен деп келдім. Сол кісілердің айтқан мамандығын таңдап, жүрегім бұрмасада, өзімді күштеп оқып, көңілдеріне қатты қарадым.Дәл қазір жүрек қалауымды тыңдамағаныма өкінемін. Ия, ата-ана жаман болсын демейді, жемісін көретін мамандық таңдағанымызды қалайды. Алайда,бізді әрқашан қолдап, бізге тек жақсыны тілейтін анамыз бен әкеміз болғандықтан, біздің таңдауымызға қарсы шықпайды. Тек, оңашада ашық, емін-еркін, жүрек қалауыңды жеткізсең болғаны. Менің қателігімде сол болды.Маған қазірде кеш еместігін түсіндім. Ештен кеш жақсы демекші,жан тәніммен сүйетін мамандық менің оны таңдағанымды қалады, маған тағы бір мүмкіндік берді.Ата-анамда риза, меніңде көңілім тыныш. Бала арман орындалғалы тұр.

Болашақ түлек!Саған айтқым келетіні, жүрек қалауыңды тыңда, осы күнге дейін қаншама рет естіген шығарсыңдар. Өмірде екі нәрседен жаңылыспау керек. Мамандық пен жар таңдау. Бұл сөзді естуден жалықпа, себебі тектен тек айтылған сөз емес. Маған сен, өмірің өз қолыңда.

Мейлі толқыны көп теңізбен жүр,ол тұңғиықтан шығатынын жолда табылады. Капитан сенсің. Өзіңе сен❤

Назарларыңызға рахмет❤

Авторы
Ақдидар Қайратқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

ҰБТ

ҰБТ 2027 қашан болады: пәндер, грантқа түсу балдары, сұрақтар жинағы мен пробный тест

ҰБТ 2027 қашан өтеді, қандай пәндерден тест болады, грантқа түсу үшін қанша балл керек? Шекті балдар кестесі, пәндер комбинациясы, сұрақтар жинағы, пробный тест пен жауаптар туралы толық нұсқаулық.

Bilimger Media 8 мин 37 оқылым
ҰБТ

ҰБТ пробный тест 2027: онлайн тест тапсыру және жоғары балл жинауға дайындық

ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушылардың көпшілігін бір сұрақ мазалайды: «Қазір тест тапсырсам, қанша балл жинаймын?». Біреулер 100 балдан асуды мақсат етеді, енді біреулер 120–130 балл жинап, грантқа түсу мүмкіндігін…

Bilimger Media 9 мин 39 оқылым
ҰБТ

ҰБТ пробный тест 2027 – тегін онлайн сынақ

ҰБТ пробный тест 2027: тегін онлайн сынақ тапсыру ҰБТ пробный тест 2027 — негізгі емтиханға дейін біліміңізді тексеріп, әлсіз тақырыптарыңызды анықтаудың тиімді тәсілі. Онлайн сынақ тесті арқылы сұрақтарға жауап беру…

Bilimger Media 9 мин 270 оқылым