Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлт тарихындағы ұлы белес

Bilimger Media
1 мин оқу 446 оқылым

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңадан жарық көрген еңбегі – ұлт тарихындағы жаңа бір ұлы белес, ерекше жаңалық. Бұл еңбекті оқып шыққанда қазақ халқының сан ғасырлық аңсаған арманы, неше түрлі қанды қырғындарды, аяусыз шайқастарды бастан кешіре жүріп, жетсем деген мақсат-үміті тізіліп көз алдымызға келгендей болады. Бүкіл қызметін қазақ халқының тәуелсіз ел, өркендеген ұлт болуына арнап, сол жолда құрбан болған Алаш қайраткерлерінің қайсар үні саңқылдап құлағымызға жеткен секілденеді.
Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Президентіміз бұл рухани жаңғырудың жолын көрсетіп ғана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын да ұсынды.
Бұл ретте Елбасы ең алдымен бәсекелікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады. Байлыққа, табысқа сол кенеледі. Сол халықтың жұлдызы оңынан туады.
Елбасының рухани жаңғырудағы алға қойған екінші маңызды бағыты – прагматизм. Кез келген халық өсіп-өркендеу үшін заман ағымына ілесіп, үнемі жаңарып, жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыруы қажет. Бұл да Елбасы еңбегінде нақты көрсетілген.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ұстаз ойы

Педагог-психолог: Архитектор души и проводник к гармонии

Материалда педагог-психологтың балаларға эмоциялық қолдау көрсетудегі, олардың қабілетін ашудағы және үйлесімді қарым-қатынас қалыптастырудағы рөлі баяндалады.

Сембаева Ардақ Мауленовна 2 мин 60 оқылым
Ұстаз ойы

Бала тәрбиесі – болашақ тәрбиесі

Қазіргі қоғамға жүктелген ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, сапалы білім беру. Егер адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, мұның орнын…

Айтжанов Райымбек Алуадинов 3 мин 34 оқылым
Ұстаз ойы

Болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуы: теориядан практикаға

Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Бұл қағида жоғары білікті мұғалімдерді қалыптастыруға бағытталған білім беру стратегияларының негізінде жатыр. Оқу процесін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түсінуде мұғалім мен…

Койшыгулова Айзада 3 мин 97 оқылым