Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті: Тақырыбы: «Ш» дыбысын қою. Мектепалды даярлық «Ақбота» тобы жеке жұмыс

Жумабекова Махаббат Тотиевна
2 мин оқу 56 оқылым

Тақырыбы: «Ш»дыбысы Мақсаты: «Ш» дыбысының артикуляциялық қалпын қалыптастыру. «Ш» дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылдарын қалыптастыру және белсендіру. Дұрыс тыныс шығаруын және қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру. Фонематикалық қабылдауын жетілдіру, сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: айна, слайд, тыныс жаттығуына арналған заттық суреттер, дыбысқа байланысты суреттер. Іс-әрекеттер кезеңдері Логопедтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы кезең -Сәлемдесу. Балаға смайликтерді беріп, көңіл күйін таңдату. Баланы оқу қызметіне психологиялық дайындау. 1. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ал оқу қызметімізді бастамас бұрын қолымызға, саусақтарымызға жаттығу жасап алайық. Массажды доппен алақанға массаж жасау. Саусақтар амандасады (екі қолдың саусақтарын бір бірімен амандастырады). Бала жүгіреді (үстелдің үстіне сұқ және ортаңғы саусақтарымызды қойып, оларды жүгіртеміз). -бала смайликті таңдап, көңіл күйін көрсетеді. -қонақтармен сәлемдеседі. -бала қолына, саусақтарына массаж жасайды. Ізденуші-ұйымдастырушы кезең Рефлекйивті коррекциялаушы кезең -Қыс жайлы бейне ролик. -Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Дұрыс айтасың! Ал енді біз тыныс алу жаттығуын жасайық. 2. Тыныс алу жаттығуы –«Боран соғады» еркін дем алып, шығару, ерін бұлшық еттерін белсендіру.Біз тыныс алуымызды қалыптастырып алдық, енді оқу қызметімізді бастайық. -Өткен аптада біз қандай дыбыспен таныстық? Олай болса мына суреттерді ата. Қане, айнаға қарап «Ш» дыбысын айтқанда ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады екен қарайықшы. 3. Дыбыстың артикуляциялық қалпын анықтау. Сонымен біз бүгін «Ш» дыбысын дұрыс және әдемі айтуға үйренеміз. «Ш» дыбысын дұрыс айтуымыз үшін тіл мен ерінді жаттықтыруымыз қажет. 4.Артикуляциялық жаттығу. Жымию- тістерін көрсетіп жымию. Тіс тазалау - ауызды ашып, тілдің ұшымен үстіңгі және төменгі тістерді тазалау. Тәтті тосап -ауызды ашып, тілдің ұшымен үстіңгі және төменгі еріндерді жалау. Саңырауқұлақ – ауызды ашып, тілдің ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру. 5.Дыбысты қою. Еліктеу тәсілі: Жел соққанда ағаштағы жапырақтардан қандай дыбыс шығады? Машинаның дөңгелегі жарылып қалды, қандай дыбыс шығады? Механикалық тәсіл: Мақталы таяқшаның көмегімен тіл астын көтеріп жаттығу жасау арқылы «Ш» дыбысын айтқызу. -Сонымен біз бүгін айнаға қарап қай дыбысты әдемі, дұрыс айтуды үйрендік? Дөңгелек жарылғанда қандай дыбыс шығады? Жарайсың, сен бүгін оқу қызметіне белсене қатыстың. Мен саған ризамын. Олай болса саған мына смайликты беремін. -Осымен оқу қызметіміз аяқталады. Сау бол! -Қыс.Күн суытады, қар жауады, үстімізге қалың киінеміз, шанамен ойнаймыз. -бала түтікке үрлейді -Ш дыбысымен таныстық. Шана, қайшы, шар бала айнаға қарап дыбыстың артикуляциялық қалпын анықтайды. -Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына (альвеолға ) көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді; - Бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді; - Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді; - Тістер не қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм саңылау қалады; - Алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Бала логопедпен бірге артикуляциялық жаттығуларды жасайды. Ш –ш –ш –ш Ш –ш –ш –ш Ш –ш –ш –ш -«Ш» дыбысын дұрыс айтуды үйрендік. -Ш –ш –ш –ш -Рахмет. -Сау болыңыз! Күтілетін нәтиже: Ш дыбысын,оның таңбасын біледі. Не игерді:сұраққа толық жауап беруді, Ш дыбысының артикуляциялық қалпын, айтылу ерекшеліктерін игерді

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жумабекова Махаббат Тотиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Логопедия

ПМПК қорытындысы негізінде жеке білім беру бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы" КМҚК Логопед Аңдатпа Мақалада психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде…

Токтарова Еркежан Бауыржанқызы 8 мин 230 оқылым
Логопедия

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Ава терапия әдістері

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ Логопед маманы Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі – ABA (Applied behavior analysis), мінез – құлық терапиясы немесе мінез…

Марқабаева Гүлбахрам Оңайбекқызы 5 мин 199 оқылым
Логопедия

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуында қимылдық белсенділіктің рөлі

Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Логопед Аннотация: бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың қимылдық белсенділігі мен сөйлеу дамуының өзара байланысы…

Ізтұрғанова Мадина Біржанқызы 4 мин 43 оқылым
Логопедия

Сөйлеу тілінің бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ логопед маманы Аңдатпа. Бұл мақалада сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалардың сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту жұмысының мазмұны сипатталды.…

Еркасова Салтанат Беккалиевна 7 мин 152 оқылым