Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жангүл Қуанышова ХАТУ студенті
1 мин оқу 38 оқылым

ҰБТ тапсырмай тұрып, грантқа түсудің жолы қандай?

Қай уақытта да білім саласы басты назарда. Себебі кез келген мемлекеттің болашағының жарқын болуы – білімді жастардың қолында. Жыл сайын мектеп бітірген әр жас түлек жоғары балл мен мемлекеттік білім грантынан үмітті. Алайда, көп оқушылар ҰБТ тапсырмай тұрып, грант жеңіп алу мүмкіндігі туралы біле бермейді.

Еліміздің үздік жоғары оқу орындарында тегін білім алудың бірнеше жолы бар. Алғашқысы олимпиадаға қатысып, университеттің ішкі грантын жеңіп алу. Әр жыл сайын Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университеті “IT nation”, Халықаралық бизнес университеті “Unicon” және “BizZone”, Қазақ-Америка университеті “American education challenge”, Сүлеймен Демирел университеті “SPT”, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Al-Farabi” атты пәндік олимпиадалары ЖОО-ның білім беру бағыты бойынша өткізіліп,  ішкі грант ойнатылады. Болашақ түлектер қатысып, бақтарын сынап, 100%, 50%, 25%-дық жеңілдіктер ұтуға мүмкіндіктері жоғары.

“Олимпиадалар туралы мүлдем білмейтінмін. Қазан айында Халықаралық бизнес университетінің грант ойнататындығы туралы “Instagram” әлеуметтік желісінен көріп, бағымды сынадым. Қазақстанның түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналып, сынға түстік. 6 кезеңнен сүрінбей, гранд-финалға жолдама алдым. Нәтижесінде, 4 жылға 100% жеңілдік ұтып, қазір білім алудамын.” - деп UIB университетінің 1-курс студенті Динара Болатова өз тәжірибесімен бөлісті.

Айта кететін жайт, жеңілдіктерді қолдану үшін ҰБТ-дан шектік балл жинау міндетті. Олимпиада ақпараттары мен шарттарын университеттердің бас парақшасынан көрсеңіздер болады.

Кезекті бір жолы - халықаралық ғылыми жобалардың жүлдегері болу. Биылғы жылдан бастап ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегерлері ҰБТ-дан босатылады. Ғылым мен техника бойынша халықаралық "ISEF Regeneron" конкурсы, "INFOMATRIX-ASIA" халықаралық олимпиадасы, "Google Science Fair" ғылыми жобасы, "First Robotics" робототехника бойынша халықаралық біріншілігі ұйымдастырылады.

Мүмкіндіктерді жібермей, арманыңыздағы оқу орнына грантқа түсіңіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жангүл Қуанышова ХАТУ студенті

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

ҰБТ

ҰБТ 2027 қашан болады: пәндер, грантқа түсу балдары, сұрақтар жинағы мен пробный тест

ҰБТ 2027 қашан өтеді, қандай пәндерден тест болады, грантқа түсу үшін қанша балл керек? Шекті балдар кестесі, пәндер комбинациясы, сұрақтар жинағы, пробный тест пен жауаптар туралы толық нұсқаулық.

Bilimger Media 8 мин 37 оқылым
ҰБТ

ҰБТ пробный тест 2027: онлайн тест тапсыру және жоғары балл жинауға дайындық

ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушылардың көпшілігін бір сұрақ мазалайды: «Қазір тест тапсырсам, қанша балл жинаймын?». Біреулер 100 балдан асуды мақсат етеді, енді біреулер 120–130 балл жинап, грантқа түсу мүмкіндігін…

Bilimger Media 9 мин 39 оқылым
ҰБТ

ҰБТ пробный тест 2027 – тегін онлайн сынақ

ҰБТ пробный тест 2027: тегін онлайн сынақ тапсыру ҰБТ пробный тест 2027 — негізгі емтиханға дейін біліміңізді тексеріп, әлсіз тақырыптарыңызды анықтаудың тиімді тәсілі. Онлайн сынақ тесті арқылы сұрақтарға жауап беру…

Bilimger Media 9 мин 270 оқылым