Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Kamilla
3 мин оқу 31 оқылым

   Біз сүріп жатқан өмір жолы түрлі сынақтардан құралған. Әрбірімізде әртүрлі. Алайда бүкіл түлектердің бастан кешетін жайты - ҰБТ. Кейбіреуін қуантса , кейбіреуін жылатар …
  Әрине , ең алдымен осы эмоциялардың қайсысын бастан кешетініміз , тікелей өзімізге байланысты. Іс-әрекетіңнің жемісін , нәтижеден көресің. Кейбір болашақ студенттер “грантқа” ұмтылу жолында тынбай еңбектенеді. Соңғы финиш - армандарының орындалуына әкеледі. Яғни грант иегері атанып , қалаған оқу-орындарында оқиды. Ал ендігі екінші типке жататындар: ҰБТ-ны маңызды нәрсе ретінде қабылдамағандар. Жеке басым  өзімді қай типке жатқызу керек екенін білмеймін. Дайындалдым , еңбектендім , алайда өзімді психологиялық тұрғыдан дайындау барысында , ҰБТ-ны маңызды нәрсе деп қабылдамауды ұйғардым. Бәлкім барлық мәселенің түйіні де, осы болар. Өз ҰБТ жолыма тоқтала кетсем , 11 сынып басында , мен тек ағылшын курстарына ғана барып жүрдім. Сол кездері ҰБТ мен үшін ешқандай маңызға ие болған емес. Себебі , мені сол кездері қызықтырғаны , тек шетелдегі оқу еді. Алайда , 11 сыныптың қараша айы менің ойымды түбегейлі өзгертті. Бұған түрткі болғаны - психологпен айтылған , жан дүние сырын ақтарған әңгіме. Сол әңгімелесуден соң түсінгенім , мен шын мәнінде өз елімнен жыраққа кетуге психологиялық тұрғыдан әлі дайын еместігім. Өзім үшін дұрысы деп , Қазақстанда қалуды шештім. Дереу арада курстарға жазылдым. Достық білім алу орталығы , мен үшін тек сапалы білім ғана емес , қызықты , теңдесі жоқ ұмытпас естеліктер сыйлады. Бейіндік пәндерімнен жоғарғы баллдар ала бастадым. Алайда мені сүріндіргені , математикадан өте әлсіз едім. Таңдау пәндерімді біршама рет ауыстырып , кемем біршама адасып жүрді. ГеоМаттан , ГеоАғылшынға ауыстым. Дегенмен , қанша қиын болса да , математикаға тоқталуды ұйғардым. Сөйтіп , қаңтар , наурыз ҰБТ-ларынан жеткілікті 80-90 баллдар шамасында алып жүрдім. Математика 14, максимум 17 баллға әзер жететін. Күні - түні грант ҰБТ-ға дайындалумен болдым. Бірақ кейбір сәттерде ештеңеге зауқым соқпай , ештеңе істемей , шындықтан қашып кеткім келетін. Осылайша , сабақты бірнеше апталар бойы оқымай кеттім. Қазір өкінетінім - мүмкіндікке берілген әрбір уақытты бағалауым керек еді …             02.06.2023. 1-ші ҰБТ сәті. Қобалжу сынды эмоциялар бойымды жаулап алды. Көп балл алуды армандадым , алайда іштей жеткіліксіз дайындалғанымды сезіп тұрдым. 4 сағат көзді ашып-жұмғанша өтті де , кетті. Соңғы шешуші сәтте жинаған ұпайларымды көруді ұйғардым. 86 балл. Иә ,бұл балл аз емес , алайда мен үшін грантқа мүлдем жеткіліксіз. Дегенмен , сол сәтте алда әлі тағы бір мүмкіндігім тұрғанындықтан , аса бір алаңдамадым. Екінші ҰБТ-да бұдан көп балл жинаймын деген едім мен сол кезде …   Екі ҰБТ арасы бір ай шамасы еді. Дайындалған күн мен түндерім өте берді. “Выпускной” кешім де  өтті де , кетті. Бір аптадан соң екінші ҰБТ да келіп жетті. Жоғарғы балл алудан үміттенген мен , сол төрт қабырғалы ғимараттан , ата-анамның маған деген сенімдерін ақтай алмадым - деген өкінішпен шықтым. Екінші жолғы ҰБТ-дан төрт баллға кем жинадым, яғни 82. Ең қызығы мен сол жолғы ҰБТ-ны тапсырған ең соңғы түлек болдым. Яғни уақыт аяқталуына 1 минут қалғанда ғана , “аяқтау” тетігін бастым. Бойымды өкініш сезімдері жаулап алды. Алайда стресске берілмедім. Өйткені , жанымнан мені ештеңеге қарамастан қолдайтын жандар , ең бірінші ата-анам , сосын жан достарым табылды. ҰБТ өмір соңы еместігіне сендірді. Олардың қолдауларының арқасында аса бір қынжылмадым. Дегенмен , ішкі жан-дүниемдегі ата - ана алдындағы өкініш сезімдері , әлі де кетер емес. Шынымды айтсам , қазір не істерімді де , білмеймін. Қай университетке құжаттарымды тапсыратыным да маған беймәлім. 86 , 82 деген баллдармен ГеоМат саласында грант ұтып алу мүмкін бе ? Бұл сәтте тек бақ шабама , бап шабама … Арман болған СДУ-ым да, тек арман болып қалды. Ішімде әлі де болсын , бір үміт оты жанып тұрғандай. Білмеймін , бірақ та барлығы реттеледі - деген сенімдемін. Иә , қазіргі таңда менен де , басқа қанша түлектер сүрінді , құлады. Айтатын бір шама сөзім: ҰБТ расында да , өмір соңы емес. Өз - өздеріңе қамқор болыңдар ! Міне , осылайша ҰБТ оқиғасы да, өз мәресіне жетті …

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Kamilla

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Балдай тәтті кездер…

Эсседе балалық шақтың адам тұлғасына әсері, балалық естеліктер мен армандар және ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі сөз болады.

Kamilla 1 мин 38 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

ҰБТ

ҰБТ 2027 қашан болады: пәндер, грантқа түсу балдары, сұрақтар жинағы мен пробный тест

ҰБТ 2027 қашан өтеді, қандай пәндерден тест болады, грантқа түсу үшін қанша балл керек? Шекті балдар кестесі, пәндер комбинациясы, сұрақтар жинағы, пробный тест пен жауаптар туралы толық нұсқаулық.

Bilimger Media 8 мин 37 оқылым
ҰБТ

ҰБТ пробный тест 2027: онлайн тест тапсыру және жоғары балл жинауға дайындық

ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушылардың көпшілігін бір сұрақ мазалайды: «Қазір тест тапсырсам, қанша балл жинаймын?». Біреулер 100 балдан асуды мақсат етеді, енді біреулер 120–130 балл жинап, грантқа түсу мүмкіндігін…

Bilimger Media 9 мин 39 оқылым
ҰБТ

ҰБТ пробный тест 2027 – тегін онлайн сынақ

ҰБТ пробный тест 2027: тегін онлайн сынақ тапсыру ҰБТ пробный тест 2027 — негізгі емтиханға дейін біліміңізді тексеріп, әлсіз тақырыптарыңызды анықтаудың тиімді тәсілі. Онлайн сынақ тесті арқылы сұрақтарға жауап беру…

Bilimger Media 9 мин 270 оқылым