Үйге жүгіріп кірме.
Мағынасы
Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа дегені.
Қазақтың тыйым сөздері
- Тұзды, күлді баспа.
- Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.
- Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
- Бейуақытта жылама, ұйықтама.
- Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
- Бөркіңді теріс киме.
- Мойныңа белбеу жіп салма.
- Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме.
- Адамды айналма.
- Адамға қарап түкірме, есінеме.
- Пышақты шалқасынан қойма.
- Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.