Кісі үйінде түрегеп тұрма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Өтірік куәлік жасама.
- Намазды бұзба.
- Құмырсқаның ұясын баспа.
- Ұрлық қылма, зорлық қылма.
- Тіліңді шайнама, тіліңді тістеме, шығарма.
- Саусағыңды аузыңа салма.
- Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.
- Саусағыңды кеземе.
- Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама.
- Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.
- Желге қарсы түкірме, желге қарсы дәрет сындырма.
- Үлкеннен бұрын сөйлеме.